Ақ доп, қызыл доп Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші түрлі түсті доптарды ортаға көптеп үйіп қояды, Тәрбиеші ақ доп дегенде, қай бала ақ допты, бірінші болып ұстаса, сол бала жеңіскс жетеді. Қай бала доптарды түсіне қарай ажырата отырып, көп жинаса сол жеңіске жетеді. Балалар тәрбиешінің дыбыс беруінің көмегімен ойынды бастайды.
Поезд Балалар колонаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қолдаспай), Біріншісі паровоз, ал қалғандары - вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балаларжүгіреді. «Поезд станцияға жакывдап келеді» - дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады. Олар жан-жаққа тарап, гүлдср, жеміс, саңырауқұлақтар тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да, поездің қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталады.
«Допты дәлдеп лақтыр» Балалар екі топка бөлінеді. Екі топтан екі бала шығады. Екі баланың қолына екі доп беріледі, 4-5 м қашықтықта белгіленген орынға ( дөңгелекке) лактырады. Осылай әр топтың балалары допты лақтырып шығады да, қай топтың балалары дөңгелекке көп тигізсе сол топ жеңіске жетеді.
«Күміс алу» Тәрбиеші жерге тиын теңгелерді шашып тастайды. Балалар екі топқа бөлінеді. Күміс атауға топтың екі баласының қолына кішкентай екі қапшық беріледі. Ойын тәрбиешінің белгісі бойынша басталады. Қай топтың баласы жылдам, көп жинап келсе сол топ жеңіске жетеді.
«Не жедің, тауып айт»
Дәм сезу анализаторы арқылы шешімін табу.Көз жұмып ауызға салған затты шайнап не екенін анықтау.Тәрбиеші әр түрлі дәмдегі көкөністер мен жемістерді алу. Оларды жуу. Тазалағаннан кейін ұсақ бөлшектерге бөлу. Салыстыруға балалардың үстелдеріне қою.Тәрбиеші көкөністермен жемістерді бір балаға дәмін таттырып көзін жұмғызып «жақсылап шайнап қандай жеміс көкөніс екенін тауып айт». Балалар орындағаннан кейін тәрбиеші жемістермен сый көрсетеді.