18
Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс
уәждемелік-құндылықтық
аясын;
білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана,
құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттылық және
рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет
негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;
тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруда білім беру
мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
бала
тәрбиесінде
ата-аналардың
психологиялық-педагогикалық
құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды
салауатты отбасын құруға
дайындауды;
білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру,
тұлғаның өнердегі
және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау
әзірлігін дамытуды;
тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен
өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым
-қатынасын;
табиғатты сақтауда
белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің
жоғары деңгейін;
табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге
асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін
нығайтуға отбасы
институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы
үйлесімді,
жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар,
таңдау
жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және
мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін
жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты
− Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге
белсенді қатысатын адам
қалыптастыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: