Тәрбиеші: Ахмет. Д. А сынып: «Г» Астана 2023 Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» Сынып: «Г» Мақсаты


Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі133,09 Kb.
#131486
1   2   3
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».
Тәрбиеші:Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы:Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!


Тәрбиеші:Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
(Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады)
Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Тәрбиеші:Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр с бар. Сендерді тексерейін. Жауабын кімайтар екен? Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға, Көрдіңдер ғой ұмытқаны ережені, далаңдап. Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін. Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны, Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады? Оқушылар жауап береді. Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. Жүргізуші: Жарайсың, Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік.


Ой қозғау.
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ? Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ? Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді. 3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ? Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстен жетондар беріледі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді әр топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет