Теректі ауданының білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы кмм



бет20/23
Дата07.01.2022
өлшемі54,54 Kb.
#17170
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
авторолык багдарлама Алгазиева АР

ҮІІІ. «Әдеби Орал»(30 сағат)

Қазақстанның көне де жаңа қаласы - Оралда әйгілі сөз зер­гер­лері - Пушкин мен Дальдің, Жуковскийдің және Короленко мен Крыловтың іздері қалған. Олар мұнда бірнеше күн болған, аялдаған, депе жазады «Егемен Қазақстан» газеті.   Бүгінде қаланың ескі бөлігі қатарына кіріп келе жатқан облыс орталығының Жайық өзе­ні жа­ғалауына жақын тұсы Дос­тық даңғылының бойына ор­натылған ескерткіш тақталар осын­дай тарихи деректерден хабар береді. Бұл тізімді одан әрі жал­ғастыра беруге де болады. Мұны татар халқының ұлы ақыны, татар әдебиетінің не­гізін қалаушы, ойшыл-философ Ғабдолла Тоқайға қатысты айтуға болады.

Ұлы даланың кез келген өңіріндегідей, жыраулардан басталатын сөз өнерінің сүбелі дәстүрі Батыс Қазақстанға да тән. Бес ғасырлық қазақ әдебиетінің бастауындағы Сыпыра жыраулар осы өңірде жасағаны тарихтан мәлім. Ал Қыз Жібек жырынан басталған Ақжайықтың дәстүрлі поэзия тілі сұлу жыр болып төгіледі де, рухы мәңгі өшпейтін Махамбет сарынымен үндесіп кетеді.Заманның қасіретін шегіп, ғасырға жуық есімі ұмытылып, шығармалары архивке көмілген, тек тәуелсіздік тұсында ғана қазіргі ұрпақпен қайта табысып жатқан Ғұмар Қараштың да тағдыры өңір әдебиетінің қасіретті де қасиетті парақтарының ашылмаған ақтаңдағы бар екенінің дәлелі.«Ақын өмір сүрген ғасырына кінәлі емес» деген көзбен қарасақ, бұл өңірден шыққан Тайыр Жароков өз дәуірінің дауылпаз ақыны атанғаны рас. Осындай тегеурінді сөз, текті жырларымен ауызданған жас ұрпақтың да балғын жырларының бойынан ұлттың өрлігі мен ерлігін, елдің елдігін, отанды сүю борышын аңғаруға болады.Бұл өңірде сонау отызыншы жылдары Қажым Жұмалиев Орал пединститутында қызмет етіп, қазақ әдебиетін ғылым ретінде қалыптастырып, қаншама еңбек қалдырды. Сол жылдары Оралда құрылған әдеби үйірмеден талай ақын-жазушы шықты. Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың ақын ретінде Оралда қалыптасып, қанат қағуы да кейінгі қалам ұстағандарға Махамбеттің өршіл рухын өшірмеуге себепші болғаны рас. Отан соғысында отқа оранып өліп, ұлттық намысын қорғаған Абдолла Жұмағалиевтер де сол ұрпақтың бірі.Сонау ғасырға бармай-ақ, бүгінгі ұрпаққа жақынырағын алсақ, ұлтын айтқызбаған кезеңде «Мен қазақпын» деп жар салған Жұбан жырларының өзі бүгінгі еркіндік дәуірді аңсағаны сөзсіз.«Абаймен арамызда бала жоқ» деп жырлаған Қадыр Мырза Әлінің жырлары – ұлттың мұңы мен жырын, ешкімге ұқсамайтын мінезін беретін өлеңдері тарихта қалды.Қыршын кеткен қысқа ғұмырында байтақ даланы шағын ғана ақын жүрегіне сыйғызған, жарқ етіп ерте өшкен талант иесі Сағат Әбдуғалиев сияқты өкінтіп кеткен есімдер де аз емес. Қайсар талант иесі Хамза Есенжанов пен Ақжайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева .






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет