Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі


Көбейту және бөлуді оқыту әдістемесі



бет4/7
Дата19.05.2023
өлшемі364,18 Kb.
#95331
1   2   3   4   5   6   7
Көбейту және бөлуді оқыту әдістемесі.

Көбейту және бөлу кестелерін үйрену 2 және 3 сыныптарда математиканы оқытудың негізгі міндеті болып табылады. Білім, білік, дағдыға қойылатын бағдарламалық талаптарға сәйкес кестелік көбейту нәтижелерін балалар жатқа білуі керек. Кестелік көбейту бір таңбалы натурал сандарды бір таңбалы натурал сандарға көбейту жағдайларын қамтиды. Нөлге бөлудің мүмкін еместігін көбейту мен бөлу арасындағы байланысқа келесідей сілтеме жасау арқылы негіздеуге болады: «Егер біз келесідей мысалды шешкіміз келсе: 6 : 0, онда мұндай санды көбейту бөлігінде табу керек еді. нөлге біз 6 аламыз. Бірақ кез келген санды нөлге көбейту әрқашан нөлге әкеледі. Сондықтан мұндай санды табу мүмкін емес. Сондықтан нөлге бөлу мүмкін емес. Көбейту кестесін білу әрқашан үлкен мәнге ие болды. Көбейту - бірдей қосылғыштардың қосындысы деп алғашқы 2-3 сабақта көбейту жайлы түсінік беріледі, және оның қосумен алмасудағы пайдасын көрсетеді. Көбейту белгісі, оның жазылуымен танысады. Балаларды қосуды көбейтумен, көбейтуді қосумен алмастыруды жаттықтырады. Бұл кезенде де көркемдік жабдықтарды қолдануды ұмытпау керек. Осылай, жоғарыда аталған ережені тәжірибелер барысында дәлелдеп, балалар көбейтудің бірдей қосылғыштардың қосындысы екендігіне көздерін жеткізеді, және соған сай қорытындылар жасай алады.


Тақырыпты оқытудың келесі бірізділігі сақталуы тиіс:
1. көбейту туралы ұғым
2. 2-ге көбейту кестесі
3. бөлу туралы ұғым
4. бірдей 2 бөлшекке бөлу
5. 3-ге көбейту кестесі
6. бірдей 3 бөлшекке бөлу
7. 4-ге көбейту кестесі
8. бірдей 4 бөлшекке бөлу
9. 5-ге көбейту кестесі
10. бірдей 5 бөлшекке бөлу


  1. Бөлуді бұрыштап орында және оны тексер.

592:74=8 268:67=4 522:6=87





  1. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасынның ерешеліктері.

1. Бастауыш сыныптарға арналынған «Математика» пәнінің оқу бағдарламасы орта білім берудің бастауышнегізгі орта және жалпы орта білім беруге дайындалған материал.


2. Пәнінің жалпы мақсаты білім алушының жас айырмашылықтарынан және әр оқушының ерекшеліктеріне қарай яғни мүмкіндіктеріне сәйкес әзірленетін бағдарлама.
3.Бағдарлама "шиыршық" әдісіне бағытталған, сондықтан белгілі бір тараулар аяқталған соң дейгейлерін жоғарылата күрделендіре отырып оқытуға бағытталған.
4. Оқыту ісін ұйымдастыруда жаңа әдістермен сондайақ, шығармашылық оқыту үдерісіндегі қарым-қатынас әрекетіне айналады.
5. Сонымен қатар бағдарламада үш тілде оқыту процесн үйымдастыруға бағытталған.
6. Оқу процесі барысында білім алушы білімін функционалды және шығармашылық сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлану, зерттеу әрекетін жүргізу және ақпараттық-коммуникация технологияларын қолдана білу яғни, қарым-қатынас жасаудың әдіс тәсілдерін қолдана білуі, топпен не жеке дара жұмыс істей алу шешім қабылдай алу секілді кең ауқымды қабілеттерін оқушы бойына сіңіруі негіз болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет