Терминология рк1 Мерзім


Доза - бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттың мөлшері. 12. Денсаулық



бет2/6
Дата06.03.2023
өлшемі14,46 Kb.
#71936
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Терминология рк1

11. Доза - бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттың мөлшері.
12. Денсаулық - адам организмінің қалыпты жағдайы
13. Дәрілік заттардың өндірісі - технологиялық процестің бір сатысында, бірнеше немесе барлық кезеңдерінде дәрілік заттарды өндіруші ұйымдардың дәрілік заттарды өндіруі, сондай-ақ өндірілген дәрілік заттарды сақтау және өткізу жөніндегі қызметі.
14. Дәрілік заттың сапасы - дәрілік заттың фармакопеялық монографияның немесе ол болмаған жағдайда нормативтік құжаттаманың немесе нормативтік құжаттың талаптарына сәйкестігі
15. Дәрілік нысан - дәрілік препараттың оны енгізу қолдану тәсілдеріне сәйкес келетін және қажетті емдік әсерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жай күйі
16. Дәрілік препараттарды дайындау - дәріханаларда дәрілік формаларды өндірумен, сондай-ақ дәрілік заттарды сатып алумен, өндірілген дәрілік заттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, тіркеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет
17. Дәрілік түрі - дәрілік затқа немесе дәрілік өсімдік материалына берілген, қажетті емдік әсерге қол жеткізілетін қолдануға ыңғайлы жағдай.
18. Дәрілік зат - аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын дәрілік форма түріндегі синтетикалық немесе табиғи текті зат немесе заттардың қоспасы.
19. Дәрілік шикізат - дәрілік заттарды өндіру және дайындау үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, минералдан, жануардан алынатын заттар немесе химия өнеркәсибі өнімдері
20. Дәрілік өсімдік шикізаты - медициналық қолданудың белгіленген тәртібіне сәйкес уәкілетті орган рұқсат еткен өсімдік шикізаты.
21. Дәрілік препарат - дәрілік нысан түріндегі дәрілік зат
22. Медициналық бұйымдар - әртүрлі ауруларды диагностикалау, алдын алу немесе емдеу үшін қолданылатын құрылғы.
23. Тиісті фармацевтикалық практика - дәрілік заттар айналымының барлық сатыларына қолданылатын ережелер: тиісті зертханалық тәжірибе, тиісті клиникалық тәжірибе, жақсы өндірістік тәжірибе, жақсы тарату тәжірибесі, жақсы дәріхана. тәжірибе, фармакологиялық қадағалаудың жақсы тәжірибесі және басқа да тәжірибелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет