Терминология рк1 Мерзім


Дәрілік препараттың тиімділігі



бет6/6
Дата06.03.2023
өлшемі14,46 Kb.
#71936
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Терминология рк1

57. Дәрілік препараттың тиімділігі - дәрілік заттың аурудың ағымына, ұзақтығына немесе оның алдын алуға, оңалтуға, қолдауға, жүктіліктің алдын алуға немесе тоқтатуға оң әсер ету дәрежесін сипаттау.
58. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр - бұл дәрігерлерге, фармацевттерге, денсаулық сақтау әкімшілеріне, медбикелерге, медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне және басқа медицина мамандарына дәлелді медицина негізіндегі препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы сенімді ақпарат көзі.
59. Активті фармацевтикалық субстанция - организмге физиологиялық әсері осы препараттың емдік қасиеттерімен байланысты дәрілік заттың құрамындағы химиялық зат немесе бірегей биологиялық зат.
60. Фармацевтикалық өндіріс машинасы - ұнтақты біркелкі өлшемдегі және қалыңдықтағы таблеткаларға айналдыру үшін қысу күшін қолданатын электромеханикалық құрылғы.
Ситуациялық тапсырмалар

1. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, «Дәрілік заттардың өндірістік технологиясы» тақырыбына ауызша презентация дайындаңыз.




2.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, «Қазақстанның фармацевтикалық нарығы» тақырыбына ауызша презентация дайындаңыз.

Қазақстанға негізгі дәрі-дәрмектер жеткізуші елдер – Ресей, Украина және Беларусь. қазақстандық нарық тікелей импорттық дәрі-дәрмектерге тәуелді. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттары әзірлеуден бастап тұтынушының пайдалануына дейінгі фармацевтикалық өнімнің бүкіл циклі бойында фармацетикалық нарық өнімдеріне, үрдістеріне, фармацевтикалық қызмет көрсетулерге, қатысушыларға талаптар қояды. Бірыңғай дистрибьютор мен GMP стандарттарын енгізген және енгізуді жоспарлайтын отандық өндірушілер арасында Ұзақ мерзімді шарттар бекіту дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шара отандық өнеркәсіпті дамытуды оңтайландыруға, GMP ережелерін енгізуді ынталандыра отырып, шығарылатын медициналық өнім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.


2013 жылы Министрлік ҚР Ұлттық фармацевтикалық инспекциясының халықаралық фармацевтикалық инспекция ынтымақтастығы жүйесіне (PIC/S) қосылуға өтінім берді, бұл қазақстандық өндірушілердің экспортқа шығару мүмкіндіктерін кеңейтеді, отандық дәрілік заттардың сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндіктерін жеңілдетеді, отандық препараттардың басқа елдер нарығына шығуы жолында отандық кәсіпорындарды шетелдік инспекторлардың инспекциялауының көлемін қысқартады.

3.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісі» тақырыбына ауызша презентация дайындаңыз.


Сала, химиялық-фармацевтикалық, галенофармацевтикалық, антибиотик, органопрепарат, витамин, синтетикалық заттар, табиғи шикізат, галендік препараттар, жаңа галендік препараттар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет