ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ
ХАБАРШЫ
№ 2 (52)
2016
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Республикалық терминологиялық комиссиясының бюллетені
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ
ХАБАРШЫ
№2 (52)
Құрылтайшы:
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-
саяси жұмыс комитеті
ҚР Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігінде
тіркеліп, тіркеу туралы 2002
жылғы 27 мамырда №2993 – Ж
куәлігі берілген.
Редакциялық алқаның төрағасы
А.Мұхамедиұлы
Редакциялық алқа
А. Райымқұлова
Қ. Асылов
Ғ. Мелдешов
М. Бақтиярұлы
С. Абдрахманов
М. Ахметов
Ж. Жақсымбетов
Д. Омашұлы
Б. Сағын
Д. Қыдырәлі
М. Айымбетов
С. Әлісжан
С. Ибраим
Ш. Пәттеев
К. Юсуп
Бас редактор
Ш.Құрманбайұлы
Бас редактордың орынбасары
Қ.Әбіл
3
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Ш. Құрманбайұлы
филология ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі
Г. Әлімбек
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
ІСҚАҒАЗ АТАУЛАРЫ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ ЖАЙЫ
Ресми ісқағаздар тілінің тарихы, дамуының кезеңдік ерекшеліктері, термин-
дер жүйесі қазақ тіл білімінде біршама зерттелген мәселелердің бірі деуге бо-
лады. Дегенмен, уақыт орнында тұрған жоқ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде
қоғам өмірінің түрлі салаларында қолданыла бастауына байланысты ресми
стиль де күн санап дамып, жаңа терминдермен, сөз орамдарымен толығып оты-
рады. Ісқағаздарының терминдер жүйесі де әр дәуірдің, кезеңнің ерекшелігіне
қарай дамып қалыптасып отырған. Әр кезеңдегі елдің қоғамдық-саяси,
мәдени, экономикалық өмірінде болған өзгерістердің қазақ тіліндегі ісқағаз
атаулары мен осы сала терминдерінің даму, қалыптасу тарихынан да айқын
көрініс тапқанын көруге болады. Тіл тарихын, әдеби тілдің, функционалдық
стильдердің қалыптасуы мен қазақ ісқазадары дамуын арнайы зерттеген
ғалымдар еңбектерінде де басы ашылған, ғылыми електен өткен мәселелер аз
емес. Соған қарамастан қазіргі уақытта еліміз ісқағаздарын мемлекеттік тілде
жүргізуге кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асырып жатқандықтан, бұл салада
жүйелеуді, нақтылауды қажет ететін әлі толық шешімін таппаған мәселелер де
бар. Мәселен, ең алдымен, осы ісқағаздары атауларының өзін тілдік нормаға
сәйкес дұрыс жасап, бірізді қолдану, олардың жарыса жұмсалуынан арылып,
бірізділікке қол жеткізу де атқарылуға тиісті маңызды жұмыстар қатарына кіреді.
Біз төменде негізінен мәселенің осы қырына ден қойып, ісқағаз атауларының
қазіргі тіліміздегі қолданысының жайына назар аудартуды мақсат етіп отырмыз.
Орта түркі жазба әдеби тіліндегі хан жарлықтарының тілін арнайы зерттеген
тілші ғалым, филология ғылымының докторы Әрсен Ибатов «XIV ғасырдағы
хандар жарлықтарының тілі» деп аталатын монографиясында түркі сөздері
мен кірме атаулардың арақатынасын анықтайды. Ғалым «Жарлық текстерінде,
біздің есебіміз бойынша 350-дей түбір және туынды сөздер қолданылған. Ол
сөздердің, әрине, ұйтқысы түркі тілдерінің өзіне тән сөздер болған. Сондықтан
да жарлық текстерінің қай-қайсысы болса да түркі туыстас тілдер өкілдері неме-
се сол тілдерді білетін адамдар көп қиындықсыз-ақ түсініп, мәселені не жайлы
екенін толық аңғара алады» [1] – дей келіп, төл сөздер мен кірме атаулар үлесін
көрсетеді. Мәтіндегі 300 сөзді 100 пайыз деп алғанда соның 44-і араб сөзі (15%-
ы), 15-і моңғол сөзі (5%-ы), 1 ғана орыс сөзі («сала» – «село»), ал қалған 240-ы,
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
4
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
яғни 80%-ы түркі сөзі болғанын анықтайды. Бүгінгі ісқағаз атауы «жарлық» сөзі
де сол дәуірде «йарлық» түрінде қолданылған.
Көрсетіліп отырған деректерден орта ғасыр тілінде негізінен түркілік атау-
лар басымдық танытып, одан кейінгі кезекте біршама араб, моңғол атауларының
қолданыс тапқанын байқаймыз. Бұл кезеңдегі жарлық тілінде жалғыз ғана орыс
сөзі қолданылған болса, ал кешегі өткен ХХ ғасырда КСРО саясатына сәйкес
ісқағаз тілінде орыс тілі басымдық танытып, орыс тіліндегі атаулар тілімізге сол
қалпында қабылданды. Алаш оқығандары өткен ғасыр басында көптеген арна-
улы салалардың негізгі терминдерін жасап, олардың мектеп оқулықтары мен
баспасөз бетіндегі қолданысын қалыптастырып үлгерген еді. Мысалы, жарнама
(объявление), баяндама (доклад), қаулы (постановление) және т.б.[2] Алаш зи-
ялылары қуғын-сүргінге ұшырағаннан кейін бұл үрдіс тоқтатылып, терминдер
мен қоғамдық-саяси лексиканы орыс тілінен өзгеріссіз қабылдау күшті қарқын
ала бастады. Мәселен, кеңестік кезеңде тілімізге енген документ, протокол, за-
явка, рапорт, извещене, ведомость сияқты ондаған, жүздеген атаулар күні кеше-
ге дейін актив қолданылды. Бұл атаулардың қазақша баламалары 90-жылдардан
кейін ғана жасалып, қолданысқа ене бастады. ХХ ғасыр басындағы ісқағаздарын
қазақша жүргізудің жай-күйі, сол кезеңнің қиындықтары мен кейбір ерекшеліктері
жөнінде осы мәселені арнайы көтеріп, баспасөзде мақалалар жариялаған Сәкен
Сейфуллиннің жазғандарынан да бірқатар мәліметтер алуға болады. Ол 1923
жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған «Кеңселерде қазақ тілін жүргізу»
атты мақаласында былай деп жазады: «…Оқыған адамдарының аздығынан, кеңсе
істерін жүргізе білетін адамдардың аздығынан біздің Қазақстанда қазақтары аз
жер түгіл, қазақтары көп жерлердің өздерінде де кеңселерде көңілдегідей қазақ
тілі жүріп кете алмай жатыр.
…Одан соң Қазақстанның кеңселерінде қазақ тілін жүргізу ретінде үлкен
бір бөгет мынау: біздің болыстық мекемелерімізде қызмет қылып жүрген
қазақтардың, сол мекемелердің басында жүрген қазақтардың бірсыпырасы
қазақша жазғаннан, қазақша оқығаннан, қазақша сөйлегеннен орысшаны жақсы
көреді, орысшаны оңай көреді. Кейбіреулері тіпті қазақша жазуды һәм оқуды
білмейді. Ал кейбір аз білгендері қазақша жазбай жүріп, аз білгенінен айыры-
лып қалады. Мұндай хал, әсіресе, бұрынғы заманда патшаның ұлықтарынан
өте қаймығып, сол ұлықтарға өте қатты жағынып қалған жерлерде көбірек
сезіледі, һәм өздері сол патшаның әртүрлі «ұлығы» болудың жолына қаттырақ
түскен жерлерде көбірек сезіледі. Міне, осындай ескі әдеттен біздің қазіргі Со-
вет үкіметінде жүрген адамдарымыздың кейбіреулері әлі қайтқан жоқ. Бұлардың
құлқынша: орысша сөйлесең «білгіш» көрінесің, қазақша сөйлеп, қазақша
жазсаң, «білмейтін» болып көрінесің» [3] («Еңбекші қазақ», 12.04.1923 жыл).
Ескі әдетінен арылмаған, қазақша хат жаза алмайтын, ісқағаздарын жүрізуге
қабілетсіз, орыс тілінен ажырағысы келмей отырғандар қазіргі Тәуелсіз
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
5
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Қазақстанда да аз болмай отыр.Мемлекеттік тілдегі ісқағаздарының үлесін орыс-
ша дайындалған құжаттарды қазақшаға аудару арқылы ұлғайтып көрсету сияқты
көзбояушылықтан ширек ғасыр ішінде әлі арыла қойған жоқпыз. Сондықтан ХХ
ғасыр басындағы оқығандары, хат танитындары аз қазақ қауымының басындағы
өз тіліне қатысты жағдай бүгінгі жаппай сауатты, бірнеше мамандық иесі болып,
бірнеше тілді меңгерген, енді тұтастай үштілді болуға ұмтылып жатқан қазақ
қоғамында да көрініс беріп отырған құбылыс.
Ісқағаз терминдерімен қатар осы салада жиі қолданылатын оралымдарды
да бірізге түсірген абзал. Көптеген сөздер белгілі бір стильге телінетіндіктен,
олардың қолданылу аумағы мейлінше шектеулі болып келеді. Мысалы, бұйыра
мын, тағайындалсын, міндеттелсін, күн тәртібіне енгізілсін, осы анық тама
берілді, қаулы етеді, түсініктеме берілді, есепке алынды сияқты сөздер мен
сөз тіркестері ресми-іс қағаздар стиліне тән. Ісқағаз атауларымен қоса қазақ
тілінде қолданылып жүрген мұндай қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі
орыс тілінің ықпалымен жасалған. Елдегі сан алуан саладағы құ жаттардың
[құжатайналымның] алдымен орыс тілінде дайындалып содан кейін ғана
мемлекеттік тілге аударылатындығы мұның ең басты себебі деуге болады. Мы-
салы, бірауыздан мақұлданды, қызу мақұлдау, мәселе көтеру, қызу қарқын,
тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, күшіне
енді, өз күшінде қалдыру, күшін жою, кең жол ашу, іске қосу, баса назар аудару,
алғыс жариялау, сөгіс жариялау және т.б. іспетті сөз оралымдары іс қағаздары
мен ресми құжаттарда жиі жұмсалады. Бұл оралымдар тілдің ресми-іскери стиль-
ге тән ерекшелігін айқындап, ісқағаз үлгілеріне кеңселік сипат беріп тұрғанымен
соның бәрі де орыс тілінің қалыбына салынып жасалғаны аңғарылып тұр. Қазақ
тілінің ресми-іскери стилі осы бағытынан жаңылмай кете беруін жалғастыра
бермей, оның өзіндік сипаты басым болуына қол жеткіземіз десек, құжаттардың
барлық түрін, елдегі құжатайналымды тұтастай мемлекеттік тілге көшіріп, со-
дан кейін ғана қажеттілігіне қарай өзге тілдерге аударуға бет бұрудан басқа жол-
ды таңдау қиын.
Дегенмен бұл кезеңнің бір ерекшелігі көптеген ісқағаз атауларының қазақша
баламалары жаңадан жасалды немесе бұрын тілдік қолданыстан шеттетілген
бірқатар атаулар қайтадан сала терминдері ретінде терминжүйеге енгізілді.
Олардың көпшілігі қазір бірізді қолданылып, тілде тұрақтай бастады. Мысалы,
жарғы, жеделхат, құжат, құжаттама, қолдаухат, мәлімдеме, тапсырыс, ха-
барлама, хаттама, келісмшарт, ілеспехат, алғысхат, келісімшарт, кепілхат,
ақпараттық хат, түпнұсқа терминдерін сол қатарға қосуға болады. Алайда
бұл салада әлі де жарыса жұмсалып, бірізді қолданылу дәрежесіне жете ал-
май жүрген атаулар да бар. Біз төменде бұл салаға арналған еңбектердің ішінен
кейінгі жылдары шыққан әрі көпшілік жиі пайдаланатын «Қазақша-орысша,
орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Іс жүргізу және мұрағат ісі» (– Ал-
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
6
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
маты: «ҚАЗақпарат», 2014. – 512 б.) [4], Дүйсембекова Л. Ресми-іс қағазадары
атауларының қазақша-орысша сөздігі//Қазақ тілі: ісқағаздарын жүргізу (– Ал-
маты, 2010. – 400 б.) [5], Тілешов Е.Е., Тұрлыбекова Ж.А., Каюпова Ұ.К. Іскери
қазақ тілі. Деловой казахский язык: Оқу құралы (–Астана: «Руханият», 2014. –
208 б.) [6] деп аталатын үш еңбекті ғана салыстырғанда бірқатар сәйкессіздіктер
анықталды.
Қазақша-орысша,
орысша-қазақша
терминологиялық
сөздік. Іс жүргізу және
мұрағат ісі. – Алматы:
«ҚАЗақпарат», 2014. –
512 б.
Дүйсембекова Л.
Ресми-іс қағаздары
атауларының қазақша-
орысша сөздігі//Қазақ
тілі: ісқағаздарын
жүргізу.
– Алматы, 2010.
– 400 б.
Тілешов Е.Е.,
Тұрлыбекова Ж.А.,
Каюпова Ұ.К. Іскери
қазақ тілі. Деловой
казахский язык: Оқу
құралы. – Астана:
«Руханият», 2014. –
208 б.
1
аңдатпа
аннотация
–
2
баяндаухат
[докладная записка]
баянхат
докладная записка]
–
3
үзінді көшірме
бұйрықтан үзінді
–
4
бұрыштама [виза]
бұрыштама [резолюция]
5
визит карточкасы,
танысқы
визит карточкасы
–
6
кадрларды тіркеу
жөніндегі жеке іс ағазы
жеке іс парағы
–
7
–
кету парағы
–
8
ратификация
–
бекіту
9 бекіту [санкционироват;
утвреждение]
–
–
10
тізілім, тізімдеме
[реестр]
тізімдеме [ведомость]
–
11
тізімдеме [опись]
тізбе [опись]
–
12
хабарлама хат
[письмо-сообщение]
хабарламахат
[письмо-извещение]
–
13 ұсыну хат [рекоменда-
тельное письмо]
ұсынысхат [рекоменда
тельное письмо]
ұсыным хат
[рекомендательное
письмо]
14 паспорт, төлқұжат
төлқұжат
төлқұжат
15 іскерлік хат
–
іскерхат
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
7
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
16 баянхат[рапорт]
мәлімдеме
баянхат
Бұл еңбектердің жарық көрген мерзімдері де алшақ емес. Екеуі – 2014 жылы,
біреуі – 2010 жылы баспа бетін көрген. Әр еңбектің авторларының өзіндік
ұстанымдарын, жеке пікірлерін құрметтеген жөн. Алайда әр үш-төрт жыл сай-
ын шыққан еңбектерде өзара ортақ келісімге тоқталмай терминдерімізді түрлі
нұсқада, жарыстырып қолдана беретін болсақ, бірізділікке қол жеткізуіміз
қиындап кетеді. Сонымен қатар осы басылымдарды пайдаланатын ісқағаз
жүргізуші мамандар мен аудармашылар да қайсысын басшылыққа аларын
білмей дал болады. Ісқағаздарын мамандығына, істейтін кәсібіне қарамасатан
күнделікті өмірде жалпы жұртшылық пайдаланды. Сондықтан ісқағаз
атауларының жалпыға қатыстылығын, көпшілікқолдылығын ескере отырып,
бірізді қолданылуын кешіктірмей қамтамасыз етудің мәні айрықша зор.
Қазақ тіліндегі ісқағаздары атаулары мен бұл саладағы тірек терминдердің
жарыса қолданылып жүргендері бұл көрсетілгендермен ғана шектелмейді. Егер
өзге де әр жылдары шыққан сөздіктер мен түрлі құралдарды алып салыстырар
болсақ немесе оған күнделікті ресми құжаттардағы қолданыстарын қамтитын,
жарыспа нұсқалар қатары бұдан да арта түседі.Ресми құжаттар мен хат алма-
суларда виза// фишка//бұрыштама//резолюция//қарар,телефонхат//телфоног
рамма, қолдаухат//қолдау хат//өтінім хат және өздерек карточкасы//дерек
теме карточка [визитная карточка] түрінде бірнеше нұсқада жұмсалып
жүр генін жиі кездестіріп жатамыз. Бұл да қазақ тілінде ісқағаз жүргізуге
арналған оқу құралдары мен сөздіктерге еніп, ресми органдар, мамандар тара-
пынан ұсынылып жүрген бірқатар атаулардың әлі тілде толық орнықпағанын,
ұсынылған нұсқалардың бірінің іріктеуден өтіп, олардың іс жүзінде жаппай
қолданысқа көшпегендігінің бір көрінісі. Сондықтан кеңсе қызметкерлеріне,
ісжүргізушілерге, аудармашыларға арналған практикалық құралдар,
терминологиялық сөздіктер жасаушылар, баспагерлер мен терминологиялық
жұмыстарды жүргізушілер, осы істі үйлестіруші органдар сала терминдерін
біріздендіру мәселесіне жете көңіл бөлу қажеттігін ерекше ескеруі қажет деп
ойлаймыз.
Орыс тіліндегі «личный листок по учету кадров» деген шұбалаңқы атауды
дәл сол қалпында «кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазы» деп айнытпай
сөзбе-сөз аудармай-ақ немесе «жеке іс парағы» деу орнына қысқа да ықшам
түрде «іспарақ» десек те ешнәрсе бүлініп кетпеген болар еді. Керісінше,
шұбалаңқылықтан арылып, термин ықшамдылығына қол жеткізер едік. Жалпы
бізге барлық салада, соның ішінде, ісқағаз жүргізуде де орыс тіліне орынды-
орынсыз байланудан, аудармаға тәуелділіктен арылу қажеттігі айқын аңғарылып
отырған құбылыс.
Сөз соңында айтарымыз, қазіргі қолданыстағы ісқағаз атауларын, сала
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
8
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
терминдерін жасау мен оларды ретке келтіруде кейінгі ширек ғасыр мерзімде
едәуір іс тындырылды деуге болады. Қазақ тіліндегі ресми стильдің даму та-
рихы мен терминдер жүйесінің ерекшеліктері тіл мамандары тарапынан тәуір
зерделенді. Ендігі уақытта соларды бірізге түсіру мен сапалық тұрғыдан
жетілдіре түсуге, осы саланың жаңа терминдерін жасауда ұлт тілінің өзіндік
ерекшеліктерін, сөзжасам табиғатын және сөйлем құрылысын ескеруге көбірек
мән беру қажеттігі ресми ісқағаздар тілін зерттеушілер мен сала мамандарының
негізгі міндеттерінің біріне айналу керек екендігі айқын аңғарылып отыр.
Әдебиеттер тізімі:
1.Ибатов А.XIV ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі. –Алматы: «Ғылым»,
1990. 31-б.
2. Қазақша-орысша тілмаш. Басқарушы: Қошке Кемеңгерұлы. Казакско-рус-
ский словарь. Под редакцией Кеменгерова К. – Москва, 1925; Қазақша-орысша
тілмаш. Екінші басылымы.– Aстана, 2005. – 288 б.
3. Сейфуллин С. Кеңселерде қазақ тілін жүргізу. «Еңбекші қазақ», 12.04.1923
жыл.
4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Іс жүргізу
және мұрағат ісі. (Жалпы редакциясын басқарған М.Қасымбеков). –
Алматы: «ҚАЗақпарат», 2014. – 512 б.
5.Дүйсембекова Л. Қазақ тілі: ісқағаздарын жүргізу. – Алматы, 2010. – 400 б.
6. Тілешов Е.Е., Тұрлыбекова Ж.А., Каюпова Ұ.К. Іскери қазақ тілі. Деловой
казахский язык. – Астана, 2014. – 208 б.
9
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Қ. Айдарбек
А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білім институтының
бас ғылыми қызметкері,
филология ғылымдарының докторы
Терминологиялық жүйе категориясы және оған
қойылатын негізгі талаптар
Арнаулы және кәсіби тілдесім салалары мен ғылыми, өндірістік-техникалық
т.б. білімдермен алмасу үдерістерінде термин ең бір маңызды арнаулы ғылыми
ақпаратты беруші тілдік бірлік болып табылады. Мұның себебі терминнің
ақпараттық қызметімен, яғни оның арнаулы білімдерді тасымалдау міндетімен
айқындалады. Бір қызмет саласы өкілдерінің терминдерді қолдануы кәсіби
тілдесімнің тиімділік дәрежесінің жоғары деңгейде өтуін қаматамасыз етіп,
бірлескен еңбектің сапалы нәтижеге әкелуіне ықпал етеді.
Терминологиялық бірліктер, дәлірек айтқанда лексика-семантикалық қарым-
қатынастар мен ұғымдар базасы негізінде қалыптасқан олардың жиынтығы,
сондай-ақ олардың сөзжасамдық және грамматикалық деңгейлеріндегі
өзгерістері жалпы тілдің маңызды бір бөлігін құрап, оның ажыратылмас бір
бөлшегі болып саналады [1, 78 б.]. Терминология тілдің лексикалық құрамының
көлемді қабаты ретінде жалпы ұлтық тілдің бірліктерімен тағыз байланыста бо-
луына орай тіл білімінің теориялық және қолданбалы аясында зерттелуі тиіс.
Термин оны термин емес сөздерден ажыратып көрсететін ерекше сипаттарға
ие тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі болып саналады. Сондықтан да
терминнің ішкі терең қасиеттерін зерттеу белгілі бір білім саласына қызмет
ететін терминологиялық жүйелер шеңберінде жүргізілуі қажет. Қазіргі тіл
білімінде терминнің мұндай қаситеттері мен сипаттамаларына төмендегілер
жатқызылады:
- терминге ұғымның немесе оны тұтынушы санасындағы концептінің
сәйкестігі;
- терминнің білімнің арнаулы саласына қатыстылығы;
- дефинитивтілік;
- мағына дәлдігі;
- мәнмәтіндік тәуелсіздік (белгілі бір тақырыптық мәтін шеңберінде);
- жүйелілік;
- аталымдық;
- экспрессияның болмауы мен стилистикалық бейтараптық;
- белгілі бір мақсатқа бағытталу сипаты;
- сөйлеудегі тұрақтылығы мен қайта келтірілу қасиеті т.б.
Қазіргі кездегі зерттеулерде термин арнаулы білім саласының немесе
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
10
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
қызметінің ұғымын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі ретінде анықталып жүргені
белгілі. Алайда тілдік универсалы болып табылатын терминнің түрлі дефиници-
ясы аз емес. Мысалы:
1) «Термин дегеніміз – белгілі бір ғылым мен техника саласының ұғымдық
жүйесіндегі ұғымның дыбыстық таңбамен сәйкес келетін біртұтастығын
айқындайтын сөз немесе сөз тіркесі» (Д.С.Лотте) [2, 14 б.];
2) «Термин дегеніміз – сөз немесе сөздер кешені, ол басқа бір сөзбен немесе
сөздер кешенімен жүйелі қатынастарға түсу нәтижесінде жоғары ақпараттылық,
бірмағыналылық, дәлдік және экспрессивтік бейтараптылыққа ие болатын
тұйық, жабық жүйені құрайды» (И.С.Квитко) [3, 21б.];
3) «Термин дегеніміз – таным үдерісінде қолданылатын кәсіби ұғымды
қалыптастырып белгілейтін кәсіби мағынасы бар тілдік бірлік» (Ф.М.Березин,
Б.Н.Головин) [4, 264б.];
4) «Термин дегеніміз – белгілі бір ұғымдар жүйесі бірлігінің мазмұн межесі
тұрғысынан жүйеге асуы» (А.С.Герд) [5, 12б.];
5) «Термин дегеніміз – арнаулы ұғымдар атауларын дәл беру мақсатында
қолданылатын арнаулы тілдің арнаулы аталымдық лексикалық бірлігі (сөз не-
месе сөз тіркесі)» (С.В.Гринев) [6, 33б.] және т.б.
Байқағанымыздай, терминнің анықтамасында әрбір зерттеуші өзі маңызды
деп тапқан оның негізгі немесе басты бір-екі белгісін басшылыққа алады.
Терминтаным саласында жүргізіліп жатқан қазіргі зерттеулерде термин дефи-
нициясын айқындауда термин ретінде тек сөз немесе сөз тіркесі ғана емес сондай-
ақ сөйлемдер де орын алатыны көрсетіліп жүр және мұндай термин-сөйлемдер,
негізінен әскери, теңіз, спорт салаларының арнаулы тілінде қолданылатыны ай-
тылады. Өйткені бұл салалардың терминологиясы пәрмен, бұйрық семантикалық
бағытымен ерекшеленеді.
Термин дефинициясын қалыптастыруда тілдің ерекше бірлігіне қойылатын
семантикалық, формалдық және прагматикалық (функуионалдық) талап-
тар ескерілуі қажет. Мәселен, семантикалық талаптарды терминнің келесі
белгілері құрайды:
- терминнің ұғымға сәйкес келуі;
- бірмағыналылық, яғни категориалдық көпмағыналылықтың болмауы;
- термин мағынасында мүмкіндігінше аз белгілердің қамтылуы;
- синонимдердің болмауы.
Ал формалды талаптарға мыналарды жатқызамыз:
- тіл нормасына сәйкестігі (фонетикалық, грамматикалық т.б. нормалар
тұрғысынан дұрыстығы, кәсіби жаргонизмдерден ажыратылуы т.б.);
- лексикалық және формалдық қысқалығы (қысқа формасы);
- деривациялық қабілеті;
- формасының инварианттылығы;
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
11
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
- уәжділігі;
- жүйелігі және т.б.
Прагматикалық немесе функционалдық талаптар:
- кәсіби коммуникация барысында қолданылуы (қолданыс жиілігі мен
жалпыға таныс, белгілі болу дәрежесі);
- интернационалдылығы (бірнеше ұлттық тілдерде формасы мен мазмұны
бойынша сәйкес келуі);
- қазіргі заманауи сипаты (көне терминдердің қазіргі заманауи
эквиваленттерімен алмастырылуы);
- айтылым ыңғайлығы (благозвучность) және т.б.
Терминологиялық бірліктердің ерекшелігі, ең алдымен олардың ішкі
семантикалық ұйымдастырылуымен (құрылымы) айқындалады. Ғалым
А.С.Гердтің пікірі бойынша: «Терминнің өзгешелігі тұрпат межесінде емес,
мазмұн межесінде, яғни оның мағынасының табиғатында жатыр. Өйткені тер-
мин дегеніміз – ғылыми ұғыммен байланысты анықтамының белгілі бір сөзге
жасанды, саналы түрде берілуі» [5, Б.34-41]. Яғни термин бір ұғымға ғана сәйкес
келетін таңба, терминде таңба мен таңбаланушының сәйкестігі бірмағыналылық
сипатқа ие.
Терминологиялық бірліктің ең кіші компоненті терминологиялық элемент
ең кіші құрылымдық бірлікпен сәйкес келеді. Ол сөзжасамдық аффикс немесе
терминологиялық сөз тіркесі құрамындағы сөзбен де берілуі мүмкін. Ал жай
сөздің семантикалық құрылымы мен формалды ұйымдастырылуы көп жағдайда
сәйкес келе бермейді. Оның үстіне терминдер арнаулы ұғымдарды белгілейді,
сол себепті де олардың мағынасында коннотаттық компонеттер жойылады.
Ұғымды нақтылау кезінде жай (бір сөзді) терминге айқындаушы элемент-
тер жалғанады, яғни бастапқы ұғымның түрлік корреляттары жасалады. Бұл
ретте терминологиялық сөз тіркестері немесе құрама, бірнеше сөзден тұратын
терминдер қалыптастырылады. Терминологиялық сөз тіркестері еркін және
фразеологиялық сөз тіркестерінің ортасында орын алатын аралық түр ретінде
көрініс береді. Мұның себебі терминологиялық сөз тіркестерінің грамматикалық
құрылымымен түсіндіріледі, өйткені ол еркін сөз тіркестерінің грамматикалық
құрылымына ұқсас келеді, ал бірнеше сөзден құралған терминнің семантикалық
біртұтастығы құрама терминдерді фразеологизмдермен жақындастырады.
Дегенмен құрама терминдер үш белгі бойынша айқындалады:
коммуникативтілік, тұрақтылық және сөйлеу барысында қайта келтірілу сипа-
тына байланысты. Мазмұн межесі мен тұрпат межесі тұрғысынан құрама тер-
миндер ерекше үлгі ретінде қарастырылады. Алайда олар да бір сөзді термин
секілді арнаулы сөйлеуге дайын тұлғалар ретінде еніп жаңадан жасалмайды.
Сонымен терминдерді өзімен тектес тілдік бірліктермен жүйелі қатынастарда
болатын, арнаулы нысанды, ұғымды, құбылысты немесе қызмет түрін атау үшін
қолданылатын арнаулы тілдік бірлік деп анықтауға болады.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
12
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Термин жалпы ұлттық тілдің бірлігі бола тұра арнаулы тілдің кішігірім
жүйесінің мүшесі болып табылады. Осыған орай ол арнаулы тілдік бірлік
ретінде танылып, арнаулы және кәсіби ұғымды атау нәтижесінде тілдік жүйенің
басқа тілдік бірліктерінің ерекше сипатқа ие бола бастайды. Бұл жерде ең басты
мәселе терминологиялық бірліктердің жоғарыда айталған сипаттарға ие болуы
тек белгілі бір терминологиялық жүйе шеңберінде ғана жүзеге асатындығында.
Себебі терминологиялық жүйеден тыс жерде термин тілдің жалпықолданыстық
лексика қатарына өтеді, яғни бейтерминдену үдерісіне ұшырасады.
Әрбір терминнің терминологиялық жүйеде өз орны болады. Терминнің бұл
орны өзі белгілейтін ұғымның сол ұғымдар жүйесіндегі орнына тікелей байла-
нысты болып келеді. Терминологиялық жүйеден тыс қалған жағдайда термин
өзінің негізгі белгілерін жоғалтып, жалпы тілдік жүйеде өзінің ұлттық-мәдени
сипатын көрсетеді: полисемиялық, метафоралық, бейнелілік, экспрессивтілік,
коннотаттылық, эмоционалдылық, модальдылық т.б. Сондықтан да терминдер
мен терминологиялардың ең басты әрі маңызды қасиеттерінің бірі олардың
жүйелілік табиғатында деген тұжырым жасауға болады және кез келген
терминологиялық бірліктің зерттелуі сол жүйе негізінде жүргізілуі қажет.
Терминологиялық жүйелерді зерттеуде үш негізгі бағыт ажыратылады:
логикалық, лингвистикалық және терминтанымдық:
- логикалық ұстаным бойынша сол ұғымдар жүйесіндегі негізгі, туынды
және күрделі ұғымдарды белгілейтін терминдерді іріктеп алуға болады. Мұндай
жіктелім ұғымдар жүйесінің негізіне алынған теория (концепция) мен сол
саланың нысандарымен белгіленеді;
- лингвистикалық бағыт бұл терминологиялық жүйенің бірліктері форма-
сы мен семантикасы тұрғысынан қандай лексикалық бірліктер арқылы беріліп
тұр деген сұраққа жауап береді. Өйткені терминдер түрлі формалар арқылы
берілуі мүмкін, сол себепті де олар бір жүйеге тек семантикалық жақындығы
тұрғысынан ғана біріктіріледі;
- терминтанымдық бағыт жоғарыда аталған екі ұстанымды байланысты-
рып, термин мен терминологиялық жүйенің қарым-қатынастарын айқындайды,
терминологиялық бірліктің сол терминологиялық жүйедегі орнын көрсетеді.
Жалпы жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыста және сабақтастықта бола-
тын біртектес элементтер жиынтығының күрделі біртұтастығы болып табылады.
Жүйе ұғымы әрқашанда құрамдас бөліктерден тұратын құрылымды айқындайды.
Ал құрылым дегеніміз құрам және біртұтас дүниенің ішкі ұйымдастырылуы. Жал-
пы лексиканың жүйелілігі тілдік бірліктердің тақырыптық топтарға бірігуімен
анықталса (лексика-семантикалық жүйелер), терминологиялық жүйелер белгілі
бір арнаулы саланың лингвистикалық моделін айқындайды.
Терминологиялық жүйе нақты бір саланың ғылыми-техникалық ұғымдар
жүйесін сипаттайды. Бұл «күрделі динамикалық тұрақты жүйе..., оның негізгі
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
13
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
міндеті сол білім мен қызмет саласының таңбалық (тілдік) моделі ретінде қызмет
етуі болып саналады» [7, 73 б.]. Сондықтан да терминологиялық жүйе дегеніміз
– адам қызметінің арнаулы саласы ұғымдар жүйесін белгілейтін ретті термин-
дер жиынтығы. Олардың арасында міндетті түрде тұрақты байланыс болады, ал
бұл байланыстар жиынтығы олардың құрылымын айқындайды.
Бұл ретте терминдердің логикалық жүйелілігі мен лингвистикалық жүйелілігі
туралы айтуға болады. Себебі әрбір терминдер жиынтығы терминологиялық
жүйе бола бермейтіні анық, тек терминологияның жоғары деңгейдегі дамуы
терминологиялық жүйе жасалуына алып келеді. Сонымен бірге терминолог-
ғалым Д.С.Лоттенің пікірі бойынша, терминдер терминологиялық жүйеде
тектік-түрлік қатынаста болуы қажет, сонда ғана терминдерге қойылатын басты
талап логикалық жүйелілікке қол жеткізуге болады.
Ал лингвистикалық жүйелілікке қойылатын талаптар өзгеше болып келеді.
Мәселен: терминологиялық жүйе компоненттері немесе элементтерінің бо-
луы; компонеттердің арасында байланыстың болуы; терминологиялық жүйе
гетерогендігі; терминологиялық жүйе таңбалық элементтерінің материалдылығы
(графикалық терминдердің); ашықтық; құрылымдық; басқарушылық.
Терминолог В.П.Даниленконың пайымдауынша, ретті жүйе ретіндегі
терминологияға басқаша талаптар қойылады [8, Б.31-57]:
1) Жалпы тілдік талаптар: стандартталатын терминологияның берілуіндегі
грамматикалық амал-тәсілдер; терминдер ретінде қолданылатын өзге тілді,
диалектілі, ауызекі сөйлеу сөздеріне деген қарым-қатынас; терминдердің
лексика-семантикалық сипаттамалары (көпмағыналылық, омонимдер, синоним-
дер, антонимдер); терминнің қысқа формасы;
2) Нормативтік талаптар (терминологиялар қалыптастырудың нақты
талаптарынан тұрады): терминжасам үлгілері мен тәсілдерінің жалпы
сөзжасам үлгілеріне және терминжасамның ерекше үлгілеріне сәйкес келуі;
терминжасамның белгілі бір үлгілерінің басымдылық танытуы; терминдердің
грамматикалық ерекшеліктері; терминологиялық құрылымдарға (құрама тер-
миндерге) қойылатын стилистикалық талаптар.
Ал Д.С.Лоттенің қорытындысы бойынша терминологиялық жүйе мынадай
талаптарға жауап беруі керек: жүйелілік, айқындылық, түсінікті болуы және
дәлдік [2]. Яғни автордың түсінігі бойынша терминологиялық жүйе ұғымдар
жиынтығының үш бірдей шартына сәйкес келуі қажет:
- терминологиялық жүйе ұғымдар жіктеліміне негізделуі тиіс;
- терминологиялық жүйеде терминделуші белгілер мен ұғымдар айқын болуы
қажет;
- терминологиялық жүйе бірліктері терминделуші ұғымның басқаларымен
ортақтығын, ұқсастығын айқындауымен қатар өзіндік ерекшелігін де белгілеуі
керек.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
14
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Біздің ойымызша терминологиялық жүйелер төмендегідей критерийлерді де
жоққа шығармауға тиісті:
- біртұтастық критерийі: терминологиялық жүйе бір концептіні жүзеге асыра-
тын терминдер жиынтығынан тұруы қажет;
- элементтілік критерийі: терминологиялық жүйе элементтер жиынтығынан
құралуы тиіс;
- құрылымдылық критерийі: терминологиялық жүйе терминологиялық
өрістер, қатарлар, иерархиялық тәуелділік, тектік-түрлік және тағы басқа да
қатынастармен айқындалатын элементтер арасындағы құрылымдық қарым-
қатынастарға ие болуы қажет, сонымен бірге өзінен жоғары деңгейдегі жүйеге
енуі керек, себебі терминологиялық жүйе жалпы тіл жүйесінің бір бөлігі болып
саналады;
- динамикалық критерийі: терминдер тұрпат межесі, сондай-ақ мазмұн межесі
тұрғысынан өзгеріске ұшырауы мүмкін;
- функционалдылық критерийі: терминология адам қызметінің белгілі
бір саласына қызмет етеді. Сонымен кез келген терминнің ұғымдар жүйесіне
тәуелділігі оның парадигматика ерекшелігінде және оның сол терминологиялық
жүйедегі басқа терминдермен тіркесімділік табиғатында айқын көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |