Ахмет Байтұрсынұлының түркологиядағы орны және Түркияда «Ахметтану»
114
тұрсынұлы араб графикасы мен қазақ орфо-
графиясын
қайта құрды, қазақ тілінің фоне-
тикалық құрылымына сәйкес араб әріптерін
жасады. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ
жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынұлы жазуы» деп
атаған қазақтың ұлттық графикасын түзді. Бұл
бағытта ол 1912 жылы бастауыш мектептерде
қа зақша білім беруге арналған «Әліпби» кітабын
жазды.
А.Байтұрсынұлы әліпбиі, яғни төте жазудың
ең басты ерекшелігі мыналар еді:
- Қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық
әріптерді әліпби құрамынан алып тастады;
- Араб жазу заңдылығына тән диакритикалық
белгілерді қолданбады;
- Дауыстылар жүйесі қазақ тілінің үндестік
заңына сәйкес таңбаланды.
А. Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1
дәйек ше белгісі болды. Дәйекше қойылмаған
сөз жуан, дәйекше қойылған сөз жіңішке болып
оқылды (Тұрғараева 2015: 219-220).
Сол жылдардан бастап мектептерге қазақ
тілін оқытуға арналған
оқулықтар жарық көре
бастады. «Тіл құрал» – қазақ тілінінің тұңғыш
оқулығы болып табылады (Ісімақова т.б. 2013:
11-14). Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлттық
тіл білімін қалыптастырушы ғана емес, тіл
біліміндегі жаңа бағыттардың да негізін салушы
(Жұбаева 2017: 11). Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
әдiстемелiк ғылымның да алғашқы бастаушысы
болды. “Баяншы”, “Әлiппе астары”, “Нұсқаушы”,
“Тiл жұмсар” әдiстемелiк еңбектерi мен “Баулу
мектебi”, “Жалқылау”, “Қай әдiс жақсы”, “Ды-
быстарды жiктеу” атты мақалалары осының
айғағы болса керек. Ғалым өзiнiң оқулықтарында
әрiптердi балаларға тез әрi оңай үйрету үшiн
көптеген әдiстердi пайдаланған. Ол өзi жасаған
әлiпбидегi әрiптердi үйрету үшiн, ең алдымен,
оны жазып үйрену үшiн, тiлдегi дыбыстарды
тани бiлу керектiгiне назар аударады (Салқынбай
және Көккөзова 2006: 21).
Байтұрсынұлы, терминология мәселесімен
де айналысқан. Қазіргі
қазақ мәдени өмірінде
қолданылатын терминдердің көпшілігі Байтұр-
сынұлының қаламынан шыққан. Мысалы
Достарыңызбен бөлісу: