Ахмет Байтұрсынұлының түркологиядағы орны және Түркияда «Ахметтану»
118
Байтұрсынұлының «Маса» атты кітабында
Патшалық Ресей жүйесін сынға алуы осы
мақаланың негізгі тақырыбын құраған.
19. Nergis Biray (2016). Ahmet Baytursınu-
lı Kazak Dilbilimi ve Terim Dünyasındaki Yeri,
Köroğlu Aylık Dil, Kültür ve Edebiyat Dergisi, 7:
31-35.
Ахмет Байтұрсынұлы, Қазақ тіл білімі
және оның терминологиядағы орны
Мақалада Ахмет Байтұрсынұлы туралы
мәлімет берілгеннен
кейін Байтұрсынұлының
қазақ терминологиясының қалыптасып дамуына
қосқан үлесі туралы баяндалған.
20. Nergis Biray (2017). Kazak Edibi Ahmet
Baytursınulı’nın Şiirlerindeki Deyimler Üzerinde
Bir İnceleme, Modern Türklük Araştırmaları Dergi-
si 14/3: 44-82.
Қазақ ақыны Ахмет Байтұрсынұлының
өлеңдеріндегі тұрақты тіркестерді талдау
Фразеологиялық тіркестер тілдің сөздік құ-
рамының маңызды бөлігін құрайды. Фразео-
логиялық тіркестер әлеуметтік құрылымның
да көрсеткіші болып табылады. Бұл мақалада
А.Байтұрсынұлы қолданған тұрақты сөз тір кестері
лексикалық мағыналарына қарай жіктеледі.
21. Shynar Seyitova, Nergis Biray, Serikkul
Satenova (2018). Ahmet Baytursınulı: Millî Üstat,
Türk Düşüncesi Yolunda Mehmet Akgün’e Arma-
ğan (Editör: F. Karahan, F. Gül, M. Köktürk), Aktif
Düşünce Yayınlar, Ankara, s. 613-620.
Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы
Мақаланың тақырыбы –
ұлт ұстазы
А.Байтұрсынұлының ұлттық білім негізінде
қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалағаны
туралы. Мақалада Байтұрсынұлының қазақ
халқын дамыған, іргелі халықтар деңгейіне
жеткізу жолындағы талпыныстары баяндалған.
22. Nergis Biray (2018). Kazak’ın İrge Taşı,
Alaş’ın Sesi: Ahmet Baytursınulı, Bilim ve İnsan
Şahsiyetini İnşa Edenler (Editörler: Z. B. Özer, F.
Yapıcı, Ş. Aktay), Gazi Kitabevi, Ankara, s. 159-
176.
Қазақтың іргетасы Алаштың үні – Ахмет
Байтұрсынұлы
Бұл мақалада лингвист, ақын, педагог
және түркітанушы А.Байтұрсынұлының өмірі,
еңбектері мен Алаш Орда қозғалысы аясындағы
орны мен қызметі сипатталған.
23. Nergis Biray (2019). Alaş’ın Aydınlatıcı
Önderi Ahmet Baytursınulı, Türk Edebiyatı Aylık
Fikir ve Sanat Dergisi, Kazak Edebiyatı Özel Sayısı,
549: 58-62.
Алаштың
ағартушы
көсемі
Ахмет
Байтұрсынұлы
XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық
қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі
мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы,
ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы –
Ахмет Байтұрсынұлы. Ол
Алаш партиясы бағ-
дарламасын даярлаған ұжымның құрамында
болды. 1919 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Алаш
Орда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен
келіссөзге аттанды. 1920 жылы Ленинге жол-
даған хатында Қазақстанды басқару ісіндегі
қадамдарын қатаң сынға алды. Мақалада Бай-
тұрсынұлының Алаш Орда қозғалысы ішіндегі
ролі сипатталған.
24. Nergis Biray (2019). Ahmet Baytursınulı,
Türkiye Dışındaki Türk Dünyası Türkologları -Dil-
ciler- (Editör: Ahmet Buran), Akçağ Yayınları, An-
kara, s. 275-286.
Ахмет Байтұрсынұлы
«Түркиядан баска түркі әлемінің тіл ма маны
түркологтары» атты екі томдық бұл кі таптың
Қазақстандық ғалымдар бөлімінде А.Бай-
тұрсынұлының өмірі және шығармалары туралы
мәлімет берілген.
Осы мақалада қарастырылған Түркиядағы
Ахмет Байтұрсынұлы туралы зерттеулердің
жалпы саны 29 болып табылады.
Диссерта-
цсиялар
Моногра-
фиялар
Мақалалар
Жалпы
4
1
24
29
Достарыңызбен бөлісу: