Терминологиясы мен де қызығушылық танытты


Тақырыпты таңдауды дәйектеу және



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата19.11.2023
өлшемі375,21 Kb.
#124886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тақырыпты таңдауды дәйектеу және 
мақаланың мақсаты мен міндеттері
Түркітанушы, лингвист, ақын, педагог, ау-
дар машы және қоғам қайраткері Ахмет Бай-
тұрсынұлы өз зерттеулерін оқу-ағарту саласына 
бағыттап, қазақ оқу-ағарту жүйесін қайта құруға 
атсалысты. Сонымен қатар, қазақ тілін жазба 
тілге айналдыруға күш салған Байтұрсынұлы 
мектептегі балалар үшін әліпби және оқулықтар 
дайындап, оқу-ағарту туралы мақалалар жазды. 
Қазақ тілі грамматикасын түрлендірген ғалым, 
қазақ терминологиясымен де айналысты. Бай-
тұр сынұлының тіл мен білімге деген көзқа-
ра сының арқасында қазақ ағартушылығы ірі 
жетістіктерге жетті. Мақаланың негізгі мақсаты 
қазақтың мәдени өмірінде өшпес із қалдырған 
Байтұрсынұлының түркологиядағы орны ту ра-
лы баяндап, Түркия Республикасындағы Бай-
тұрсынұлы зерттеулерімен таныстыру болып 
табылады. 
Ғылыми зерттеу әдіснамасы
Мaқaлa жaзу бaрысындa қaжетті де рек-
терді дaйындaу үшін тaқырыптың көле міне, 
өзектілігіне және мәліметтердің әрaлуaнды-
лы ғынa бaсa нaзaр aудaрылды. Сонымен қа-
тар тақырыпқа қатысты отандық және қазақ 
тілінде жазылған мәліметтерді жинақтау, 
сарап тау, салыстыру, жүйелеу сияқты жал-
пы ғылыми әдістермен қатар, пәнаралық әдіс-
тер де қолданылды. Тaқырыпқa қaтысты әде-
биеттердің басты және негізгі бөлігін түрік 
және қазақ ғaлымдaрының іргелі зерттеулері 
құрaды. Олaрды мaқaлa жaзу бaрысындa ғы-
лыми тaлдaудaн өткізу, – зерттеудің бaсты 
міндеттерінің бірі болды. Сондaй-aқ ғылыми 
мaқaлaны жaзудa ғaлымдaрдың іргелі теориялық 
пікірлері мен тұжырымдaры көрініс берді. 
Зерттеу жұмысын ұйымдaстырудa тaқырыптың 
өзекті мәселелерін объективті түрде шешуге 
тaлпыныс жaсaлды. 
Тaлқылaулaр мен нәтижелер
А. Байтұрсынұлы және Түркітану
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің 
көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақ ұлтының ана 
тіліне ғылыми жүйеде түрен салып, негізін 
қалаған, айдай әлемге танытқан тұлға. XIX 
ғасырдың аяғында қазақ тіл біліміне ре-
форматорлық өзгеріс әкелген танымал есімдердің 
бірі. Ол қазақ қоғамының сауатты да білімді 
болуын қалап осы жолда қажырлы еңбек еткен 
ағартушы-ғалым. Қазақ тілі мен әдебиетінің 
тарихы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеу, мектеп 
оқулықтарын дайындау, тіл білімі саласы 
бойынша теориялық ізденістер – негізгі зерттеу 
бағыттары болған. Ахмет Байтұрсынұлының 
еңбектерін негізгі бес тақырыпта қарастыруға 
болады:
а) Тіл білімі зерттеулері, мектеп оқулықтары,
ә) Әдеби мақалалары,
б) Өлеңдері,
в) Фольклортану еңбектері,
г) Басқа тілдерден жасаған аудармалары.
Байтұрсынұлы, қазақ тіліндігі білім беруді 
жүйелі түрде жолға қою үшін «Әліпби», «Тіл 
құрал», «Әдебиет танытқыш» сияқты аса құнды 
әдістемелік құралдарын дайындады. Белгілі 
орыс түркітанушысы Андрей Николаевич Ко-
но нов, Байтұрсынұлының грамматикалық кітап-
тарын жоғары деңгейде бағалап, оны әйгілі 
түркітанушылардың қатарына қосқан (Biray 
1999: 11). 
Байтұрсынұлы, 1913 жылдан бастап негі-
зі нен тілдік мәселелерге арналған мақалалар 
жазды. Қазақ жастарының ана тілінде оқып-
жазуды білуі керек екендігін терең түсініп, бұл 
идеясын өзінің «Қазақ» газетінде насихаттады. 
Қазақ жазба тілінің дамуында және қазақ әдеби 
тілінің қалыптасуында Байтұрсынұлы басқарған 
«Қазақ» газетінің рөлі зор (Hüseyin 2002: 224). 
Оны қазақ жазу жүйесі де қызықтырды. Бай-


Ахмет Байтұрсынұлының түркологиядағы орны және Түркияда «Ахметтану»
114
тұрсынұлы араб графикасы мен қазақ орфо-
графиясын қайта құрды, қазақ тілінің фоне-
тикалық құрылымына сәйкес араб әріптерін 
жасады. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ 
жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынұлы жазуы» деп 
атаған қазақтың ұлттық графикасын түзді. Бұл 
бағытта ол 1912 жылы бастауыш мектептерде 
қа зақша білім беруге арналған «Әліпби» кітабын 
жазды. 
А.Байтұрсынұлы әліпбиі, яғни төте жазудың 
ең басты ерекшелігі мыналар еді:
- Қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық 
әріптерді әліпби құрамынан алып тастады; 
- Араб жазу заңдылығына тән диакритикалық 
белгілерді қолданбады;
- Дауыстылар жүйесі қазақ тілінің үндестік 
заңына сәйкес таңбаланды.
А. Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 
дәйек ше белгісі болды. Дәйекше қойылмаған 
сөз жуан, дәйекше қойылған сөз жіңішке болып 
оқылды (Тұрғараева 2015: 219-220).
Сол жылдардан бастап мектептерге қазақ 
тілін оқытуға арналған оқулықтар жарық көре 
бастады. «Тіл құрал» – қазақ тілінінің тұңғыш 
оқулығы болып табылады (Ісімақова т.б. 2013: 
11-14). Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлттық 
тіл білімін қалыптастырушы ғана емес, тіл 
біліміндегі жаңа бағыттардың да негізін салушы 
(Жұбаева 2017: 11). Ахмет Байтұрсынұлы қазақ 
әдiстемелiк ғылымның да алғашқы бастаушысы 
болды. “Баяншы”, “Әлiппе астары”, “Нұсқаушы”, 
“Тiл жұмсар” әдiстемелiк еңбектерi мен “Баулу 
мектебi”, “Жалқылау”, “Қай әдiс жақсы”, “Ды-
быстарды жiктеу” атты мақалалары осының 
айғағы болса керек. Ғалым өзiнiң оқулықтарында 
әрiптердi балаларға тез әрi оңай үйрету үшiн 
көптеген әдiстердi пайдаланған. Ол өзi жасаған 
әлiпбидегi әрiптердi үйрету үшiн, ең алдымен, 
оны жазып үйрену үшiн, тiлдегi дыбыстарды 
тани бiлу керектiгiне назар аударады (Салқынбай 
және Көккөзова 2006: 21).
Байтұрсынұлы, терминология мәселесімен 
де айналысқан. Қазіргі қазақ мәдени өмірінде 
қолданылатын терминдердің көпшілігі Байтұр-
сынұлының қаламынан шыққан. Мысалы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет