міндеттеме, қызыл бұрыш, үндеу, шешім, бұйрық, шығар-
ма т.б. толып жатқан терминдер тіл байлығына айналып
кетті. Егер ана тілінде толық мағынасын беруге болмайтын
жағдайда, терминдерді сол түпнұсқадағы қалпын сақтап алу
бірден-бір дұрыс тəсіл деп танылды. Мəселен, коммунизм,
ленинизм, марксизм, совет, космос, революция, станция, фа-
351
брика, рентген, орбита, композиция, ракета, спутник, меха-
ника, алгебра т.т. қазақ тілінің байлығына қосылып отырған
қазына ретінде насихатталды.
Іргелес отырған елдер тілі біріне-бірі əсер етпей
тұрмайтынын талай тарихи деректер растайды. Мəселен,
түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің көптеген сөздері
орыс тілінің игілігіне айналған. Бұл жайында ертелі-кеш
шығып жатқан екі тілді түсіндірме жəне сөздер төркінін
баяндайтын сөздіктер материалдарымен танысуға болады.
Əсіресе, «Орыс тілі құрамындағы түркизмдер» деп атала-
тын Е.Н. Шипованың еңбегін қарасақ, толып жатқан мы-
салдар табасыз. Мысалы, орыс баспасөзі мен орыс жазу-
шылары шығармаларының кез келгенінен мынадай сөздерді
кездестіреміз: адам, айтыс, ақын, аймақ, арғымақ, арқан,
ауыл, базар, бəйге, бауырсақ, бешпет, болат, жайлау, жігіт,
жайран, домбыра, дастархан, доға, қазы, қазына, қаймақ,
қаракөл, қарға, қатық, кетпен, қанжар, кірпіш, қобыз, көш,
көк, сағыз, құймақ, құрт, маржан, марал, мата, нар, на-
урыз, орда, отар, сазан, сайғақ, сақпан, сабан, сандық, са-
рай, сүйрік (севрюга), сел, сырға (серьги), тостаған, тұлпар,
тұмақ, түрме, ұлыс, өріс, хан, шайхана, шапан, шекпен, шо-
пан, сорпа, жарлық, жақұт т.б. сөздер осыған дəлел.
Алайда кеңестік дəуірдің білім-ғылым саласында атап
өтуге тұрарлық жақсы нышандармен қатар ұлт мəдениетінің
дамуына кесірін тигізген тұстар да болғаны тарихтан мəлім.
Мұндай жағдай қазақ тілінде термин реттеу барысында
орын алып жатты. Мəселен, 30-жылдардың аяғынан белең
ала бастаған интертерминдерді орыс тіліндегі қалпынша
жазып, қабылдау керек деген принцип 80-жылдардың ор-
тасына дейін қатып ұсталды. Осының салдарынан тіл
табиғатынан туындаған төл байлықты сарқа пайдала-
ну дейтін А. Байтұрсынұлы принципі көмескілене берді.
Терминжасамдағы бұл теріс көзқарастың қырсығынан əлі
күнге арыла алмай келеміз. Тек 90-жылдардың басынан
бастап қана қазақ терминологиясы өз негізінде лайықты
жүйелене түсті. Термин жасау көздері мен арналарын абай
көзбен қарай бастады.
Осыдан шығатын қорытынды, тілдердің өзара байланы-
сы, сөз алмасу, яғни ауыс-түйіс жасауы табиғи құбылыс.
Тіл қашанда өзінің құрамына керектіні алып, керексізді
қабылдамайды. Əрине бұл процеске, өмірдің даму
заңдылығына қоғамның талап-тілегіне орай, саналы түрде
араласып, оны белгілі бір жүйеге түсіріп, қалыптастырып
отыратын кез болады. Қазақ терминологиясының даму,
қалыптасу тарихынан біз осынын байқаймыз.
Ендеше, табиғи тіліміздің бүгінгі болмысында табиғи
өріс жəне жақсы жарасымдылық бар. Қазір ана тіліміздің
мүмкіншілігінің бұрынғыдан да молайғаны соншалық,
əлемде болып жатқан оқиғалардың қандайын болсын,
кемеңгер мұраттар мен ғылыми ой-пікірлердің қандайын
болсын қалағаныңызша баяндап бере алатын, тіпті сурет-
теп бере алатын қуаты мол, дамыған тілдер қатарында.
10 миллионға таяу халықтың əжетіне мүлтіксіз жа-
рап отырған бұл тілдің болашағы бүгінгіден де жарқын.
Қазақстан тəуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында масатта-
нып айтуға болатын қазақ тілінің бүгінгі болмысындағы бір
жетістігіміз осы.
353
Достарыңызбен бөлісу: |