136
ғатты уағыздап, құран сүрелерін жаттатқызатын молда-
мүриттердің көбі елдің санасын оятумен емес, шатастыру-
мен болды. Міне, араб оқуы мен жазуының бізге бергені осы.
Əрине, мəселенің екінші жағын да ескеруіміз керек. Ау-
зымызды қаншама қу шөппен сүрткенмен, көптің қолын-
дағы жалғыз қару осы болған соң, там-тұмдап дəуір, кезең
келбетін елестетер ескерткіштердің де қалғанын жасыруға
болмайды. Шығыс əдебиеті мен мəдениетінің небір асқан
үлгілерін қазақ жұртшылығы, ең алдымен, осы жазу арқылы
таныды. Өзінің ауыз əдебиетінің тамаша туындыларын
бірден-бірге жыршы, жыраулар арқылы жеткізумен бірге,
араб əліппесін пайдаланып та елге таратып отырғанын
білеміз. Келе-келе халқымыз өз мүддесін, өз мəдениеті мен
өзіндік тірлік-тынысын ортаға салып, жұртшылықпен ой-
ласар тұста өз газеттерін, өз журналын шығарып жатты.
Бұл газет-журналдарды шығаруда да қазақ зиялылары осы
араб жазу үлгісін, соның алфавитін пайдаланды. Ал енді
осы газет, журналдар қандай орфографиялық ережелерге
сүйенді, қандай норманы ұстанды десек, бұл жазу үлгілері
ешқандай сын көтермейді. Көптеген материалдармен таны-
сып шыққанда, жалпы түркі тілдес халықтардың ортақтығын
дəлелдейтін «морфологиялық принципті» біздің қазақ га-
зеттері көбінесе ұстана бермеген. П.М. Мелиоранскийдің
байқауынша, араб, парсы сөздерін ескіше сауатты адамдар
сол тілдегі нұсқасын сақтап жазғанда, шала сауаттылар
қалай естілсе, солай жазуды дағдыға айналдырған. Мыса-
лы,
уəде деген сөздің жазылуын Р.Ғ. Сыздықова
52
осы пікірге
дəлел ретінде алады. Мұны олар
уағда деп жазудың орны-
на –
уəде деп жаза берген.
Ғалым бұл жағдайды сəл басқашалау түсіндіреді. Ол:
мəселе жазушының «сауаттылығында» ғана емес, нені жа-
зуына қарау керектігінде. Абайдың қара сөздерін тексеру
үстінде ғалым бір қызық фактіні байқайды. Егер əлгіндей
52
Достарыңызбен бөлісу: