Терминологиясы


г, к, у таңбаларымен берілген, і дыбысы бірде и



Pdf көрінісі
бет71/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124
г, к, у таңбаларымен берілген, і дыбысы бірде и, бірде і 
əрпімен жазылған, кейбір жерлерде мүлдем жазылмай 
түсіріліп қалған. Түсініктірек болу үшін үзінді келтірейік
94

«Қалада, ауылдарда тұрған ксилердин арасында, əсіресе 
чуваштардың, черемистардың, вотякдардың, истектердиң 
арасында көз аурулар сондай көп. Олардың ишинде көзге 
өз алдына зіан келтретугуны «трахома» ауру. «Енди трахом-
ның жұқпалы екенін, бір ксиден бир ксиге оңай жугатугы-
нын биле турғанда, ол аурудан ксилердиң көб ауратугуна 
бизге тамаша емес. Калада осундай көз аурудан бир кси ғана 
аурса болады, өңге ксилердиң барлығынада одан жугады. 
Олай болғанда трахома жукпасын десен бөтен ксилердин 
бек сақтан. Булай кылган барлыгынан артык» (9-11-бб.). 
Көлемі 12 беттен тұратын бұл шағын кітапшаның тілдік 
ерекшеліктері мен мазмұн-мəнін əр жерінен алынған осы 
үзінділер біршама аңғарта алады. Сөйлемдері жеңіл, қара-
пайым, тіпті құрмалас сөйлемдерде (құрмаластың сабақ-
таста, салаласта түрлері қолданылған) түсінуге онша 
қиындық келтірмейді, тілді қиындататын əртүрлі оборот-
тар жоқ деуге болады. Медицина ғылымына байланысты 
терминдер мен терминдік тіркестер кездеседі. Бұл жағынан 
аталмыш еңбектің тілі сол кездегі қазақтың сөйлеу тіліне 
жақын деген пікір айтуға болады. Оны осы уақытқа дейін 
сөйлеу тілінде бар соңғы буындардағы ерін үндестігінің 
сақталуы да байқатады. Мысалы, мынандай ерін үндестік-
тері біршама тұрақты қолданылған: «көзүм аурады, ауру-
ларды қарай тун үйге барып емдету керек, көз үнүң 
қарамығы, онан сіз көрдүң үзгей, көзүм түйлөдү, үзүлмей 
бирнеше жылга барады, өмүр бойынша сөйтүп сорлу бо-
94
Мəтіндегі а, н, у, о əріптері баспа ісін қиындататындықтан, қазақ тілін-
дегі ə, ң, ү, ө əріптерімен алмастырылды, қалған жерде мəтіннің трансли-
терациясы толық сақталады.


211
лады, көзүн сүрткен, көзүне колун тигізсе» т.б. Тек бірен-
саран жерлерде ғана сөйлеу тілінде көп қолданылатын 
ерін үндестігі бұзылған: «сокур ксилер онан жаман көбейер, 
кəрі-жасы аралас көрерсиз, көзүн сүрткөншө берек». 
Өз кезінде жарық көрген еңбектермен салыстырғанда 
бұл кітапша тілінің бір үлкен ерекшелігі байқалады. Ол – 
сол кездегі жазба əдебиетте үстем болып келген «орта-
азиялық кітаби тіл» дəстүрі бұл кітапшаның тілінде өріс ала 
алмаған. Кітапты аударушы өзі аударып отырған еңбегін 
жазба кітаби тілінен гөрі халықтың сөйлеу тіліне көбірек 
жақындатқан. Бұл кездейсоқ құбылыс емес тəрізді, сана-
лы түрдегі əрекет болуы керек. Кітапша орыс алфавитімен 
бастырылып, көптеген орыс сөздері дұрыс аударылып, таң-
баланған.
Жазба əдебиетте көп қолданылып келген көпшілік халық 
түсіне бермейтін, араб, парсы сөздері мұнда жоқ. Сол 
сияқты өзі орыс тілінен аударма бола тұра, орыс сөздері де 
қолданылмаған. Ал «трахома» термині аурудың аты ретінде 
қолданылған. 
Ал орыс тілінің əсер-ықпалы кітапша тілінің синтаксис-
тік құрылысында, сөз тіркестері мен сөйлем жүйесінде 
көрінеді. Əсіресе, құрмалас сөйлем компоненттері кейде 
орыс тіліндегі үлгісі негізінде құралады немесе сөйлемдегі 
сөздердің орны ауысып келіп отырады. Мысалы, «Жаңа тағы 
сиздерден отунүп сураймын əр қайсыңызғада сақтану керек 
көзү аурган ксилерден, əсіресе трахома жайылган қаланың 
адамдарынан...» (12-б.). «Ақылсыздық истейди, кимде-
ким ауру ксилерди карайтун үйге бармай, бақсыга немесе 
бақсы катынга барса» (10-11-бб.). «Онан сиз көрдүң үзгөй 
сап-сауксиниң əуели кабактары кызарып иседи, сонсоң көзү 
жасаурап аурады, əсіресе күндіз, күн жаркрап шыккан 
уақытта» (5-б.) т.б. Мұндай мысалдар бұл еңбекте көптеп 
кездеседі. Келтірілген мысалдар қазақтың əдеби тіл норма-
сынан біршама өзгергенін байқау қиын емес. «Жəне тағы 
сіздерден өтініп сұраймын əрқайсыңызғада көзі ауырған 


212
кісілерден, əсіресе трахома жайылған қаланың адамдары-
нан сақтану керек. Кімде-кім ауру кісілерді қарайтын үйге 
бармай, бақсыға немесе бақсы қатынға барса, ақылсыздық 
істеген. Сіз осыдан сап-сау кісінің əуелі қабақтары қызарып 
ісетінін, сонан соң көзі жасаурап, əсіресе күндіз, күн жар-
қырап шыққан уақытта ауыратынын көрдіңіз (көріп отыр-
сыз)». Біз бұл жерде сөйлемдегі сөздердің қажет мағынаны 
қаншалықты дəл беріп тұрғанын қозғағанымыз жоқ. Сөй-
лемдерді сол көлемде, сол құрылымда қалдырып, сыртқы 
формасының кемшіліктерін орын тəртібі тұрғысынан, 
сөздердің байланысу формасы негізінен көрсеттік.
Сөйлемдердің осылайша орыс тіл құрылымы негізінде 
құралуы тек осы кітапша тіліне ғана тəн емес, араб алфа-
витімен жазылған кітаптарда да көптеп кездеседі. Мысалы, 
«Оба деген (холера) аурудың белгісі мынау: əуелі ауырған 
адамның іші өтеді, мұнан соң құсады. Бұл оба дегеніміз 
біздің ауру емес. Европа жерінде сирек болады: басталады 
һəм өседі, ыстық жерлерде əсіресе Индияда» (Сонда, 2-б.). 
«Осындай шешектің адамдарды аздырып-тоздырып кета-
түтүн білген соң, зор ақыл иесі кісілер ойлай бастаған: 
қайтуб адамдарға шешекті шықтырмасқа һəм жұқтырмасқа 
(«Шешектің һəм шешек егудің жайларынан», Орынбор, 
1906, 7-б.). «Көбіне көб Русияға чума келеді; Азияда Индия 
дейтін жерден, Персия (Қызыл бас) падшасы арқылы сауда 
қатынасы жиі болған себеблі... Əсіресе жылдам ауырады, 
лас һəм тар үйлерде тұратын, дұрыс уақытбен тамақ ішбей-
түн, өзін-өзі жақсы ұстамайтын, арақ ішетін адамдар 
(«Адамның чумасы турасында», Орынбор, 1911, 4-б.). 
«Сол себебті үйді салуға керек ол үйдің адамының са-
нына қарай» («Біздің үйлеріміздің хақында», 6-б.). Осы 
берілген мысалдардағы сөздер мен сөз орамдары қазақ тілі 
синтаксисінің нормасы тұрғысынан өз орындарында тұрған 
жоқ. Бұл сөйлемдердегі инверсия белгілі қажеттіліктен, 
стильдік мақсаттан туып тұрған жоқ, орыс тіліндегі үлгінің 
негізінде құралған. Сондықтан да олар тілге сіңісіп кете 


213
алмады, өйткені бұндай сөйлем құрылысы қазақтың əдеби 
тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан синтаксистік нормасына 
қайшы келіп отырды. 
Бұл мысалдағы назарда болатын нəрсе оба, чума деген 
термин сөздердің қолданылуы. Сөйлем құру, сөз қолданыста 
бөлек орны бар бұл ерекшеліктер қазақ тілінің ғылыми 
стилін қалыптастыруда үлкен рөл атқарғандығын айтпай 
кетуге болмайды. Əрине, бұл кезеңдерде қазақ тілінің ғы-
лыми стилі, əсіресе ғылымның осы сөз болып отырған са-
лаларына байланысты стилі қалыптаса қалды дей алмай-
мыз. Дегенмен бұл саладағы көптеген терминдер, кейінгі 
шақтардағы əдебиеттер тілінен мықтап орын алған термин-
дік тіркестер, сөз орамдары осы шығармаларда алғаш рет 
қолданыла бастайды. Сонымен бірге ғылым мен техникалық 
əдебиеттер тілінің стилі, тек аударма əдебиеттер негізінде 
əдеби тілінің жеке стилі болып толық қалыптасып кете ал-
майтынын, оны жеке стильдік тармақ деп тану үшін төл тума 
əдебиеттердің маңызы бар екенін ескерген жөн. Сондықтан 
да біз бұл еңбектерге қазақ тіліндегі ғылыми əдебиеттер 
стилінің толық қалыптасуындағы алғашқы нышандары де-
ген баға берер едік. Əйтсе де бұл үлгілерді тереңірек зерттеу 
қажет.
Расында да, ғылымның жеке салаларындағы көптеген 
ұғымдар қазақ халқының əдеби тіліне осы əдебиеттер 
арқылы келіп сіңді. Ұғым атауларының кейде дəл болмай, 
кейінгі кездерде өзгергендері де бар. Мысалы, «Ел ішінде 
бала күнінде бір егілсе де, сонан соң ектірмейді бірек-
кен болады («Шешектің һəм шешек екен деб айтса, ке-
шікпестен науқасты балнитсаға (ауру бағатын үй) апаруға 
тиіс» («Адамның чумасы турасында», 8–9-бб.). «Чума ғайри 
жұқбалы ауруларша «бактерия» дейтінбек ұсақ; əншейін 
көзге көрінбейтін үлкейтіб көрсететін шөлмек болмаса, 
құртдар пайда болады» (Сонда. 7-б.). Ол құртдар сонша-
ма көб: мысалы бір тамшы суда бірнеше миллион болады, 
һəм соншама ұсақ: əншейін көзбен көре алмаймыз, үлкейтіб 


214
көрсететін шөлмек (шыны) болмаса» («Обадан қалай 
сақтану», 4-б.). 
Бұл келтірілген мысалдардағы егу, доктор, чума тəрізді 
сөздер термин есебінде əдеби тілімізден берік орын алды. 
Сол сияқты көптеген ауру аттары да дұрыс қабылданған 
болатын. Əрине, көпшілік атаулары халық тілінде бұрын 
қалыптасып қолданылып келді. Солармен бірге кейбір ауру 
атаулары, əсіресе бұрын қазақ ұғымында болмаған ауру мен 
атауы болмаса медицинаға байланысты терминдер орыс 
тілінен бұл кезеңдерде сол күйінде де қабылданып отырды, 
кейде сипаттама түрде аударылып та берілген. Оған үлкей-
тіп көрсететін шыны (шөлмек), құрт деген тəрізді сөздер 
жатады, ол микроскоп жəне микроб немесе бактерия де-
ген атаулардың мағынасында қолданылған. Микроб не 
бактерия кей-кейде сипаттама тұлғада да кездесіп оты-
рады. Мысалы, «Былғанған киімдерін қазанға су құйұб 
бір сағат шамасындай қайнаған суға салу, сонда зиянды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет