Терминологиясы


XX ғасыр басындағы аударма үлгілері



Pdf көрінісі
бет69/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

XX ғасыр басындағы аударма үлгілері
XX ғасырдың бас кезінде қазақтың мəдени өмірінде 
алуан түрлі өзгерістер бола бастады. Ол өзгерістер əуелде 
Қазақстанның Ресейге қосылуы нəтижесінде орыс халқы 
мен қазақ халқының алдыңғы қатарлы көзі ашық оқыған 
азаматтары арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар 
мен байланыстардан басталған болатын. Ал соңғы XІX ға-
сырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс қоғамында 
болып жатқан саяси, əлеуметтік, экономикалық жаңалықтар 
мұны дамыта түсті. Əсіресе, елдің ауыр жағдайы, қазақ 
оқығандарының орыс қауымымен қоян-қолтық араласа түсуі, 


204
батыс мəдениеті мен ғылымның таралуы қалың ұйқыда 
жатқан қазақ қауымының оянуына қамшы болғандай еді.
Қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматтары жастарды 
өнер-білімге, оқуға шақырып жар салды, өз ойларын қалың 
жұртшылыққа жеткізу мақсатында баспа ісімен айналысты. 
Көптеген зерттеушілердің айтуына қарағанда, XX ғасыр-
дың басында (1917 жылға дейінгі мерзім ішінде) қазақ 
тілінде 200-ден аса əртүрлі кітап шығарылды делінетін.
Соңғы жылдары, атап айтқанда, 1985 жылы жұртшы-
лыққа жария болған қайсыбір деректерге
89
қарағанда, 
төңкеріске дейін қазақ тілінде 509 кітап басылғаны мəлім 
болып отыр. Қазақ халқына, оның тіліне тікелей қатысы бар 
бұл қазынаны алғаш тиянақтап зерттеушінің бірі татардың 
ғалым-жазушысы Абрар Каримуллин. Оның дəлелдеуінше, 
509 кітаптың 432-сі Қазанда басылған екен. Сөйтіп, төңке-
ріске дейінгі мерзімде кітап бастыру жөнінен қазақтар 
түркі халықтары арасынан татарлардан кейін, əзірбайжан-
дармен қатар екінші орында тұратыны анықталды. Осы 
басылған кітаптардың жалпы тиражы – 2 миллион 201 мың 
105 дана. Ол кітаптар тақырыбы жағынан да, ішкі мазмұны 
жағынан да, алға қойған мəселелері жағынан да сан алу-
ан. Бұл кезеңде жарық көрген қазақ тіліндегі кітаптардың 
басым көпшілігі қисса-дастандар, поэмалар, əртүрлі маз-
мұндағы өлең жинақтары болып келді. 
Бұларда кейде араб, парсы тілдерінің элементтері ара-
ласып келгенмен, уақиға, сюжеттері қиял, ертегі іспеттес 
болғанымен, көркемдік сапасы төмен болуына қарамастан, 
осы сияқты баспа бетін көрген қисса, дастандар қазақтың 
жазба əдеби тілі тарихынан белгілі орын алады. Сондықтан 
да қазақтың жалпы тіл тарихы болсын, жазба əдеби тілі та-
рихы болсын, оның терминдік жүйесі болсын сөз етілгенде, 
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде жарық 
көрген осы қисса, дастандарды атамай өтуге тіпті де бол-
89
Мұртазаев Ш. Кітап теңізіндегі жиһанкез // Қазақ əдебиеті. 1985, 7 маусым.


205
майды. Бұл шығармалардың көбі кейбір зерттеушілер тара-
пынан ауыз əдебиеті, фольклор үлгілері қатарына жатқызы-
лып жүргенімен, оларды жазба əдебиет тарихынан мүлде 
шығарып тастауға болмайды. Əрине, бұл шығармалардың 
ауыз əдебиеті үлгілерімен белгілі дəрежеде үндес, ұқсас 
келетінін мойындай отырып, жазба əдебиетіміздің де са-
натынан қалмайтынын ескерген жөн. Қазақтың жазба 
əдеби тілін қалыптастырып, əрі қарай дамыта түсуде бұл 
тəрізді шығармалардың белгілі дəрежеде мəні, маңызы 
болғандығын атап өту керек. Сонымен бірге бұларда бел-
гілі дəрежеде терминдік сөзқолданыстың да қалыптаса 
бастағанын, терминдік мəн жүктелген сөздердің алғашқы 
түрлерін кездестіруге болатынын да ескеруге тиіспіз.
Жалпы белгілі бір тілдің терминологиялық жүйесін жа-
сауда, оны қалыптастыруда аударманың алатын орны өте 
зор. Адамзат мəдениеті – рухани байлықтар алмасуының 
нəтижесі екені тарихтан мəлім.
Қазақ халқының да мəдени өресінің бүгінгідей дəрежеге 
көтерілуіне аударманың қызметі мол. Ана тіліміздің 
əдебиленуі, оның нормалы күйге түсуі, терминологиялық 
лексиканың жасалып, қалыптасуы аударма жұмысының 
жандануына тікелей байланысты. Сондықтан термин мəсе-
лесін қарастырғанда, біз оны аударма процесімен тығыз 
байланысты қарамай өте алмаймыз. Ал аударма жұмысы-
ның тарихы тереңге кетеді. Неге десеңіз, халық кейін аңыз 
етіп кеткен неше алуан батырлық жырлар, лиро-эпостық 
дастандар, ертегілер, көбі əу баста шығыс əдебиеті үлгі-
лерін аудара жырлау арқылы жасалған. Аударма тарихы 
əріден басталатыны рас болса, кейін терминдік сипат алып 
кеткен сөздер тарихын да сол кезеңдерден бері қарай сүзген 
жөн. Бұл жайындағы зерттеу жұмыстары өте мардымсыз. 
Əдеби тілмен ұлттық тіліміздің қалыптасуына тікелей əсері 
болған бұл кезеңнің жай-жапсары өз зерттеушісін күтуде. 
Яғни филология саласында, оның ішінде тіл саласында 
еңбектеніп жүрген зерттеушілер үшін тың саланың бірі осы. 


206
Міне, осындай жайларды ескере отырып, қазақ тілінде 
термин жасаудың алғашқы үлгілерін танытатын аудар-
ма тарихын таратыңқырап талдауды қажет санап отыр-
мыз. Орта ғасырдағы шығыс классиктерінің шығармалары 
қазақ халқына көбіне-көп аударма арқылы жетіп отырды. 
Сол дəстүр жалғаса келе Абай, Ыбырай заманына ұласты. 
Өйткені Ыбырай заманында да шығыс жəне орыс əдебиеті 
қазақ тіліне аударылды. Сол сияқты «Түркістан уəлаяты 
газеті» мен «Дала уəлаятының газеті» жəне «Айқап» жур-
налы беттерінен де аударма мəселесі аздап болса да орын 
алғанын көреміз. Керек десеңіз Ыбырай Алтынсариннің 
«Шариғатул-ислам» («Ислам шариғаттары») деген кітабы да 
аударма еңбек есепті.
XІX ғасырдың соңғы жылдарында «Библияның» əр жері 
қазақ тілінде жеке кітап болып Православияның миссио-
нерлік қоғамы тарапынан бастырылып шығарылды. Бұдан 
кейін «Інжіл» («Евангелие») де қазақ тіліне аударылып, 
кітап болып шықты. Бұл аударма туралы С. Талжанов: «1900 
жылы «Інжіл» аударылыпты»
90 
десе, Ə. Сатыбалдиев: «Пра-
вославие шіркеуінің қазақ жерін жайлаған миссионерлік 
қоғамы 1900 жылы емес, 1899 жылы «Евангелиені» қазақ 
тіліне аудартып шығарған»
91
, – дейді. Əбен Сатыбалдиев 
аударма орыс əрпімен басылғандығын, оның өзінде дыбыс 
ерекшеліктерін таңбалауға мұқият көңіл аударылғандығын 
айта келіп, «бұл аударманы көлемі жағынан сол тұстағы 
қазақ тілінде басылған кітаптардың ең ірісі деп айтуға 
болады»
92
, – деп көрсетеді.
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында аудар-
ма ісі, əсіресе орыс жазушыларының шығармаларын қазақ 
оқырмандарына қазақ тілінде жеткізу ісі кең өріс ала бас-
90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет