Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Дəлдік туралы. Термин арқылы ғылыми ұғым білдіріледі. 
Ондай  жағдайда  термин  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының, 
ізденістердің негізгі құралына айналады.
Ғылыми  ой-пікір  қашанда  өзінің  анықтығымен,  дəлді-
гімен, нақтылығымен ерекшеленуге тиіс. Термин дəл болсын 
дейтін талап осы негізде пайда болған. Сонда осы дəлдікті 
кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда (Гасымов М.Ш.) 
қамтамасыз ететін үш түрлі фактор бар сияқты: 
1) термин білдіруге тиісті ұғым белгілерін дəл іріктеп алу;
2)  термин  жасау  кезінде  пайдаланылатын  оның  компо-
ненттері мен элементтерін дұрыс саралау;
3)  термин  жасау  барысында  осы  аталған  элементтердің 
органикалық бірлігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Қысқалық  туралы.  Термин  қысқа  болсын  дейтін  та-
лап  əншейін  айтыла  салған  сөз  емес.  Оның  негізінде  на-
зар  аудармауға  болмайтын  себеп  бар.  Əсіресе,  ғылым  мен 
техниканың  ерекше  қарқынды  даму  жолына  түскен  қазіргі 
кезде  ақпарат  жиілігі  барған  сайын  үстемелене  түсуде. 
Оның  игерілуі  едəуір  қиындыққа  айналып  отырған  осын-
6
 
Кеңесбаев І., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. 
Алматы, 1966.
7
 Қазақ Кеңес энциклопедиясы. Алматы, 1977. 2-том.

17
дай  жағдайда  айтылатын  ұғымның,  мəліметке  тірек  бо-
латын  термин  сөздердің  барынша  қысқа,  тұжырымды 
келуінің  практикалық  мəні  айрықша  болып  отыр.  Ал  авто-
маттандырылған  ақпараттық-іздеу  жүйесі  (автоматическая 
информационно-поисковая система) қолданысқа ендірілген 
кезеңде осыған лайықталған мəтіндердің қысқалығы қажет-
ақ. Мұның үстіне көңілге жатталып, есте сақталуы үшін де, 
сондай-ақ есептеу машинасына берілетін мəтінді бастыруға 
кететін уақытты үнемдеу үшін де оның маңызы зор.
Қысқа  əрі  ыңғайлы  термин  жасау  үшін  түркологияда 
мынадай əдістер қолданылып жүргенін байқаймыз: термин 
құрауға  қатыстырылатын  кейбір  элементтерді  қысқартуға 
болады;  термин  құрамының  қайсыбірін  басқа  элементтер-
мен  алмастыруға  болады;  термин  құрамындағы  жеке  сөз-
дерді  қосымшалармен  алмастыруға  болады;  бір  синтаксис-
тік  құрылымды  екіншісімен  ауыстыруға  болады;  кейбір 
бөліктері мен элементтерін қысқартуға болады; аббревиату-
ра көмегін пайдалануға болады
8
.
Жүйелілік туралы. Кейінгі кезде, əсіресе лингвистикалық 
əдебиеттерде, терминдердің жүйелі болу жағы жиірек əңгіме 
болып жүр. Ал енді бұл жүйелілік дегенді елдің бəрі бірдей 
дұрыс  түсіне  бермейтін  сияқты.  Əрқилы  пікір  бар.  Мұның 
əркім əртүрлі жағын алып, өзінше түсіндіргісі келеді. Мəсе-
лен,  белгілі  терминолог-тілшілердің  бірі  В.А.  Даниленко
9
 
мұның  классификациялық  мəніне  баса  назар  аударып,  сол 
тұрғыдан  түсіндірмек  болады.  Əйгілі  тілші  А.А.  Рефор-
матский
10
  терминнің  сөз  жасамдық  жүйесіне  көбірек  көңіл 
8
 
Гасымов  М.Ш.  Основы  терминологии  азербайджанского  языка:  Автореф. 
дисс. д-ра филол. наук. Баку, 1972; Орузбаева Б.О. Современная киргизская 
терминология // Советская  тюркология.  Баку, 1972. №4;  Чернов  И.Ф.  К  во-
просу о структурно-семантической классификации и образовании составных 
терминов современного чувашского языка. Чебоксары, 1979.
9
 Даниленко В.П. Как создаются термины // Русская речь. 1967. №2. C.58.
10
 Реформатский А.А. Что такое термин и терминология? // Вопросы терми-
нологии. М., 1961. С.54.

18
бөледі.  Ал  үшінші  бір  пікір  осы  айтылғандарды  дамыта 
келіп,  терминдер  жүйесін  екі  түрлі  ыңғайда  қарастырады. 
Яғни оны, бір жағынан, терминологиялық жүйенің элементі 
ретінде,  екінші  жағынан,  жалпы  тіл  жүйесінің  элементі 
есебінде бағалайды
11
.
Түркология  ілімінде  де  бұл  жайында  белгілі  бір  түсінік 
орныға  бастаған  тəрізді.  Олардың  қайсыбірі  мына  тек-
тес.  Жүйелілік  талабы  термин  құрайтын  элементтер  мен 
белгілерді іріктей білу жүйесіне тікелей байланысты. Іріктеу 
сəтінде ол белгілердің бір тектестігіне қатты көңіл бөлумен 
қатар,  терминдер  жүйесінің  дұрыстығы  белгілі  жүйе  бо-
йынша  белгілерді  іріктеуге  ғана  емес,  сонымен  бірге  сол 
белгілердің  қай  түрде  болатынына  да  байланысты  екенін 
ескеру  қажет
12
.  Оның  айтуынша,  терминология  жүйелілігі 
термин  элементтерінің  тіркесімділігіне,  басқаша  айтқанда, 
олардың орналасу тəртібіне де қатысты болады.
Жүйелілік тəртібі сақталатын жерде синонимдік қатарға, 
көп  мағыналылыққа  орын  жоқ.  Əсіресе,  əрқилы  қызмет 
атқаратын  жалғау,  жұрнақтарды  белгілі  бір  мағынада  қай-
талап қолдануға əуес болмаған жөн. Жалпы, қалайда термин-
дер  жүйелілігі  лексика  тұрғысынан  да,  морфология  тұрғы-
сынан да талап етілген дұрыс.
Жай сөздер табиғатына тəн кейбір грамматикалық ауыт-
қулар терминдерде болмауға тиіс.
«Терминология»  терминінің  өзін  жете  түсінбей,  оның 
нендей мағынаны білдіретінін дəл танымай тұрып, бұл тура-
лы ғылымда жүйелі ой-пікір өрбіту қиын. Бұл ұғым, жалпы, 
ғылымда екі түрлі ыңғайда түсіндіріледі. Қалыптасқан пікір 
бойынша, жоғарыда əңгіме болғандай, «терминология», ең 
алдымен,  тілдің  арнайы  лексикасының  даму  заңдылықта-
рын тексеретін ғылым саласы, сонымен бірге ол ғылым мен 
техниканың жеке салалары – терминдерінің жиынтығы.
11
 Будагов Р.А. Введение в науку о языке. М., 1965. С.33, 36.
12
 Гасымов М.Ш. Основы терминологии азербайджанского языка: Автореф. 
дисс. д-ра филол. наук. Баку, 1972. С.19.

19
Көптеген  пікірлер  ағынына  қарағанда,  терминология 
ғылымы  шеңберінде  мынадай  мəселелер  қарастырылып, 
шешім табуға тиісті:
1)  ғылыми-техникалық  ұғымдардың  классификациясы, 
ұғымдар  мен  ұғымдар  жүйесінің  арасындағы  байланысты 
анықтау;
2) ұғымдар анықтамасын құру;
3) терминдерді талдап, іріктеп түзу;
4) терминдер жүйесін жасау.
Термин, ең алдымен, белгілі ғылым саласының ұғымдар 
жүйесінен туындайды. Ол – осы құбылысты таңбалау үшін 
құрастырылған  немесе  сол  жағдай  үшін  арнайы  ойлап 
табылған  шартты  белгілер  емес.  Олар  тілде  бұрыннан  бар 
белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда 
болады.  Ал  «номенклатураға»  келетін  болсақ,  ол  үшін  ды-
быстар немесе мағыналылық шектеуден тыс сөздер алына-
ды,  яғни  номенклатуралық  белгі  ретінде  алынатын  сөздер-
дің мағыналық өрісін қумалап, оны сақтап жатудың қажеті 
шамалы.  Номенклатуралық  белгілер  ғылыми  ұғымдармен 
сəйкес келе бермейді, одан туындап жатпайды.
Терминология  қисындық  ұғынудың  жоғары  саты-
сы – адамдардың  танымдық  қызметін,  соның  нəтижесін 
тұрақтандыру,  таңбалау  құралы  есебінде  қолданылады.  Ал 
номенклатурада  абстракция  шамалы.  Номенклатура  ар-
наулы  объектілердің  тізбесін  ғана  береді.  Олардың  өзара 
мағыналық байланыстарын іздеп жатпайды. Ал терминоло-
гия,  керісінше,  мұндай  байланыстарға  мəн  беріп  отырады. 
Сөйтіп,  бір  сөзбен  айтқанда,  терминология  мағыналы  сөз-
дер негізінде жасалатын арнайы лексика жиынтығы жəне 
соны зерттейтін ғылым саласы болса, номенклатура дыбы-
стар  мен  мағынасыз  сөздер  арқылы  таңбаланған  белгілер 
дегенге  саяды.  Алайда  бұдан  бұлардың  арасында  болып 
жатқан  реальды  байланысты  жоққа  шығаруға  болмас  еді. 
Өйткені,  түптеп  келгенде,  номенклатура  дегеніңіз – ұғым 
атаулыдан мүлде алшақ жатқан нəрсе емес.

20
Егер  сөз,  термин  жəне  номенклатураны  қатар  қойып, 
салыстыра  қарайтын  болсақ,  бұлардың  өзді-өзіне  тəн 
ерекшелігі,  тілдегі  қызметі  жəне  жасалу  жолдары  мен 
мағыналық  өрісі  айқын  аңғарылады.  Əсіресе,  бұларды 
қашықтық  туралы  хабар  беретін  есту  жəне  көру  сигналда-
рымен салыстырсаңыз, бір жағында сигналдар тұрса, екінші 
жағында  сөздер  тұрады.  Жол  жүру  тəртібін  сақтау  үшін 
жасалған  сигналдар – қатынас  құралының  қарапайым  ғана 
түрі. Мұндай сигналдар белгілі бір ойды, оның мағыналық 
өрісін,  неше  алуан  құбылысын  бере  алмайды,  олар  өзімен-
өзі  шектеулі  шартты  белгілер  болып  табылады.  Ал  сөздер 
грамматикалық  құрылысы  жағынан  ғана  емес,  мағыналық 
өрісі  жағынан  да  өзара  тіркесіп,  байланысып,  біріне-бірі 
əсер ете, дамып жатады. Міне, сол  себепті де ол ойдың бүкіл 
динамикалық  қуатын  бере  алады.  Егер  осылардың  бəрін 
бір  қатарға  жайғастырсақ,  мұның  екі  шетінде  сигналдар 
мен  сөздер  тұрады.  Мысалы,  сигналдар,  номенклатуралық 
белгілер, терминдер, сөздер. Осы қарапайым салғастырудан 
басталады, бұлардың ішінде іргелес тұрған номенклатуралық 
белгі  мен  термин  сигналдар  мен  сөздерден  əлдеқайда 
жақын.  Ал,  екінші  жағынан,  сигналдарға  ең  таяу  тұрған 
номенклатуралық  белгілер  де  сөздерге  таяу  терминдер. 
Осының өзінен-ақ біраз жайды аңғаруға болады.
Сөзқолданыс  тəжірибесінде  номенклатуралық  белгі-
лердің  терминге  ауысып  жататын  кезі  де  болған.  Мысалы, 
ғылыми  əдебиеттерден  мынадай  деректерді  көреміз.  Бір 
кезде «каучук» саласы бойынша терминдерді реттеуде 1909 
жылы пайда болған «бутодиеновые каучуки» деген сөз тіркесі 
номенклатуралық  атау  қатарына  жатқызылған.  Мұның 
1932  жылы  «бутодиеновые  каучуки  стеорорегулярные» 
дейтін  нұсқасы  пайда  болғаны  (Т.Л.  Канделаки)  туралы
13
 
13
 
Канделаки  Т.Л.  Работа  по  упорядочению  научно-технической  термино-
логии  и  некоторые  лингвистические  проблемы,  возникающие  при  этом 
(лингвистические проблемы научно-технической терминологии). М., 1970.

21
фактілер  бар.  Нəтижеде  каучуктың  белгілі  сортын  білдіре-
тін  бұл  номенклатуралық  атау  сол  каучуктың  бір  топ  түрін 
танытатын терминге айналды.
Номенклатуралық белгілер жүре келе қалыптаса бастайды, 
өйткені ғылым мен техниканың дамуына орай олар білдіретін 
заттар тіл қолданушылар дағдысына еніп, күнделікті тұрмыс 
қажетін өтеуге араласады. Мəселен, витамин «А», витамин 
«В», витамин «С» тəрізді неше алуан медициналық препарат 
пен дəрі-дəрмектер атаулары күнделікті тұрмысқа еніп отыр. 
Сол  сияқты  мысалдарды  басқа  да  ғылым  салаларының  кез 
келгенінен келтіруге болады.
Осыған қарағанда, номенклатуралық атаулар, терминдер 
жəне сөздер қоғам дамуы, соған орай тіл дамуына байланы-
сты бірінен-біріне көшіп, ауысып отырмақ. Олардың арасын 
əлдебір  тас  қорғанмен  шектеуге  болмайды.  Ғылым  салала-
рын саралап қарасақ, бұлардың қайсыбірінде терминдер ба-
сым да, екіншісінде номенклатуралық атаулар көп. Мəселен, 
гуманитарлық  ғылым  салаларында  номенклатуралық  атау-
лар  азырақ  та,  негізгі  теориялық  терминдер  басымырақ,  ал 
ботаника,  зоология,  география,  медицина  т.б.  салалардың 
терминологиялық  жүйесінің  көбі  дерлік  номенклатуралық 
терминдерден тұрады. Мұның мəнісі мынада. Гуманитарлық 
ғылымдар  көбінесе  абстракт  ұғымдарды,  жиынтық 
қорытынды  жасайтын  категорияларды  пайдаланады  да, 
екінші топтағылар неше алуан заттық нысандарға сүйенеді.
Ғылыми  терминдерді  тексергенде  олардың  қай  сөз  тап-
тарынан  жасалатынын  қатты  қадағалау  қажет.  Термин 
жасауға  тек  зат  есімді  қатыстыру  қажет  пе,  жоқ,  əлде  өзге 
де  сөз  таптарынан  термин  жасауға  бола  ма  деген  мəселеге 
назар аударған жөн. Бұл жайында неше алуан пікірлер бар. 
Мысалы, Г.О. Винокур
14
 терминдер тек зат есім болуға тиіс 
деп  түйеді.  Яғни  термин  болу  үшін  сол  сөз  заттануы  тиіс. 
14
 
Винокур  Г.О.  О  некоторых  явлениях  словообразования  в  русской  техни-
ческой терминологии // Труды ИФЛИ. Т. 5. С. 13.

22
Ол  əсіресе  қимыл  атауларына  назар  аударады.  Сөйтіп,  тех-
никалық  терминдердің  көбі  осы  қимыл  мен  процесс  атау-
лары болып келеді деген қорытынды жасайды.
Осы  тектес  пікірді,  біз  Н.А.  Щеглованың
15
  еңбектерінен 
де  кездестіреміз.  Ол  терминологиялық  жүйедегі  қимыл 
процесі  етістік  түрінде  емес,  дерексіз  зат  есім  арқылы  біл-
діріледі дегенді айтады.
Ал  А.А.  Оруджев  (əзірбайжан  тілшісі)  дербес  мағынасы 
бар кез келген сөз, мейлі ол зат есім болсын, мейлі ол сын 
есім болсын, тіпті етістік пен үстеуде термин бола алады
16
, – 
дейді.
Жалпы,  қоғамдық  жəне  гуманитарлық  ғылымдар  сала-
сы  бойынша  шыққан  сөздіктерді  сүзіп  шыққанда,  зат  есім 
терминдермен  қатар  сын  есім,  етістік,  үстеу  терминдерді 
де  кездестірдік.  Бұл  жөнінде  Тіл  білімі  институты  Терми-
нология мен аударма теориясы бөлімінің электронды-есеп-
теу  машинасының  сарабынан  (Қ.  Бектаев)  өткен  қоғамдық 
ғылымдар  терминдерінің  төрт  томдық  сөздігін
17
  қарап 
шығуға болады.
Терминдердің  қай  сөз  табынан  жасалатынын  анықтауда 
жекелеген фактілерге ғана сүйеніп, қорытынды жасау дұрыс 
емес. Мұны теориялық тұрғыдан қарастырған лазым.
Терминді екі түрлі құрылымдық типтерге, яғни олардың 
құрылымдық болмысын екі ыңғайда бөліп қарауға болады: 
тілдік  жəне  тілдік  емес  деп.  Бұлар  белгілі  бір  терминоло-
гиялық жүйенің құрамына ене отырып, бір-бірінен ерекше-
ленетін де жері бар (əсіресе сапалық ерекшелігі жағынан).
15
 
Щеглова  Н.А.  К  вопросу  о  грамматических  средствах  терминологизации 
русских  глаголов  и  профессиональной  речи 17-18 вв. // Уч.  зап.  МОПИ., 
1963. Т. 38, Вып. 8, С. 89.
16
 
Оруджев  А.Г.  О  создании  научной  терминологии  и  об  упорядочении 
существующих терминов на азербайджанском языке // Изв. АН АзССР. 1951. 
№12. С.12.
17
 
Қоғамдық  жəне  Гуманитарлық  ғылымдар  саласының  қазақша-орысша 
терминологиялық сөздігін (4 томдық) қараңыз. Алматы, 1985.

23
Тілдік терминдер былайша жіктеледі.
І.  Термин  сөздер  (терминдік  мəндегі  сөздер).  Бұлардың 
өзін бірнеше топқа бөліп қарау керек:
а)  түбір  тұлғалы  терминдер:  бал,  бас,  газ,  йод,  бор,  лак, 
өт, алтын т.б.;
ə) туынды түбір терминдер: жазушы, бастауыш, баянда-
уыш, тракторшы, көрермен, қондырғы, есірткі, көрме т.б.;
б)  күрделі  термин  (сложные  термины):  үшбұрыш,  екі-
тілділік, темір-бетон, радиоактивтілік т.б.;
в)  қысқарған  күрделі  терминдер.  Мұның  өзін  бірнеше 
топқа бөлуге болады:
1) буын қысқарту арқылы біріктіріп жасалған терминдер. 
Мұнда  көбінесе  екі  сөздің  басқы  буындары  біріктіріледі: 
колхоз, совхоз, обком т.б.;
2)  аралас  типті  күрделі  терминдер.  Бұлар,  əдетте,  бір 
сөздің басқы буынын не сол сөзді тұтас басқа бір сөздердің 
басқы  дыбыстарымен  біріктіру  арқылы  жасалады:  райпо – 
районное потребительское общество, сельпо – сельское по-
требительское  общество,  райфо – районный  финансовый 
отдел т.б.;
3)  қысқартылған  сөздерден  жасалған  аббревиатуралар: 
ГЭС, ВЦСПС, СОКП, БЛКЖО, МТС т.б.
ІІ. Сөз тіркесі түріндегі терминдер.
а)  еркін  тіркесті  терминдер.  Мұның  құрамындағы  əрбір 
компонент жеке тұрып термин бола алады. Ол басқа терми-
нологиялық  сөз  тіркесінің  қатарына  енуі  де  ықтимал.  Мы-
салы,  күкіртті  азот,  азотты  алюминий.  Кеңес  Одағы, 
Коммунистік партия, еңбекші бұқара, Жазушылар одағы т.б.;
ə) еркін емес тіркесті терминдер, яғни бұлайша тіркескен 
терминдер  құрамындағы  сөздердің  бəрі  бірдей  жеке  тұрып 
термин  бола  бермейді.  Олар  дəл  осы  тіркесім  түрінде  ғана 
терминдік қызмет атқарады. Мысалы, қызыл бұрыш, ақ отау, 
қара топырақ, қызыл əскер, азат ел, сұрапыл соғыс т.б.;
б)  фразеологиялық  терминдер:  ежелгі  заман,  көне  тіл, 
абсолют  шама,  абсолюттік  ақиқат,  үлкен  жол,  сырт  пі-

24
шін, азамат соғысы, қызу жұмыс, азаматтық құқық, бала-
лар  бақшасы,  рухани  тəрбие,  замана  тынысы,  ерте  дүние 
тарихы,  рухани  мəдениет,  хайуанаттар  дүниесі,  табиғат 
заңы, даңғыл жол, алтын ғасыр, алтын қор, тарихи кезең, 
тарихи уақиға, құрмет тақтасы, ақыр заман, ірі басылым, 
қайта  құру,  қоғамдық  құрылыс,  қоғамдық  даму,  ортақ  іс, 
ашық  хат,  бірінші  орын,  саяси  күрес,  саяси  қайраткер, 
соңғы хабар, жұмыс күші, жұмыс столы, бақыт құсы, сот 
ісі, салтанатты мəжіліс, оқу жылы, ғалым хатшы, арнайы 
тапсырма, жомарт табиғат, айқын мысал.
ІІІ.  Тілдік  емес  терминдерге  неше  түрлі  таңба  белгілер, 
графикалық символдар, математикалық, физикалық, химия-
лық формулалар мен цифрлар жатады.
Əдетте,  адамзат  ойы  табиғи  тілдерсіз  көрініс  беруі 
мүмкін  емес.  Барлық  саяси,  идеологиялық,  экономикалық, 
эстетикалық,  мəдени  жəне  ғылыми  мұқтаждықтың  бəрін 
өтейтін – осы табиғи тіл. Бұл – дамудың өзгеше сипатымен 
өлшенетін құбылыс. Тіл де дамуға тəуелді. Тіл дамуы лек-
сика саласында айқынырақ аңғарылады. Ол тілдерде мəдени 
жəне  ғылыми  байлықтар  жасалып,  қорлана  түскен  сайын, 
тілдердің  лексика-фразеологиялық  құрамының  ішінде  тер-
минология қоры молая, байи түспек.
Соңғы  жылдардағы  ғылыми-техникалық  революцияның 
жедел  қарқынмен  дамуы,  ғылым  мен  техниканың,  шар-
уашылық,  өндірістің  барлық  саласындағы  қыруар  ин-
формациялық  мағлұматтың  келіп  құйылуы  терминология 
құрамының  қорлана  түсуіне  сеп  болып  отыр.  Сондай-ақ 
белгілі  бір  тіл  шеңберінде  шектеліп  қалмайтын  номенкла-
тураның əр алуан түрі көбейді. Бұлар ұлттық шектелу шека-
расын  бұзып,  ұлтаралық,  тіпті  халықаралық  сипат  ала  бас-
тады. Дамыған тілдің қай-қайсысында да бұлар лексиканың 
басқа салаларынан əлдеқайда көп, сондықтан олардың бəрін 
ешқандай сөздік қамти алмақ емес. Химия терминдерінің өзі 
шамамен қазір 2 миллионнан асады екен. Басқа қай ғылым 
саласын  алып  қарасақ  та,  осыған  ұқсас  жайды  көреміз. 

25
Өмір ілгері жылжыған сайын терминологиялық лексиканың 
ауқымы кеңейе бермек.
Сондықтан  жалпы  əдеби  тіл  жүйесіндегі  терминология-
ның орны қандай болмақ деген сұрақ тууы заңды. Мұны тек 
белгілі бір салада қызмет ететін мамандар ғана қолданатын 
болса, онда арнаулы терминология əдеби тіл лексикасының 
құрамына  ене  ала  ма?  Бұл  сұрақтарға  қазіргі  лингвистика 
біржақты жауап бере алмайды.
60-жылдарға  дейін  терминологияның  əдеби  тілге  жата-
тындығы  жөнінде  дау  болмайтын. 1959 жылы  Мəскеуде 
өткен  Бүкілодақтық  терминологиялық  мəжілісте  жəне 
1967  жылы  Ленинградта  өткізілген  ғылыми-техникалық 
терминологияның лингвистикалық проблемалары жөніндегі 
кеңесте  терминологияны  əдеби  тіл  лексикасының  дербес 
саласы  деген  пікір  басым  болды.  Осы  тезисті  тəптіштей 
келе, 1967 жылғы кеңесте С.Г. Бархударов: «Жалпы арнаулы 
лексиканың  қайсыбір  бөлігі  əрдайым  тек  мамандар  тілінде 
өмір кешетіні анық. Сонымен бірге оның сан жағынан аздау 
болса да, мəні, сыбағалы салмағы жағынан маңызы зор бұл 
бөлігінің  бүкіл  қоғам  мүлкіне  айналатыны,  сөйтіп  жалпы 
ұлттық тілдің бөлінбес бір бөлшегіне айналатыны да даусыз. 
Осыдан келіп жалпы халықтық тіл мен арнаулы лексиканың 
өзара байланысы деген күрделі проблема туындайды»
18
 (Ау-
дарма  біздікі – Ө.А.).  Ал  Ф.П.Филин  бұл  мəселені  мүлде 
басқаша қарайды. Ол тіпті мұны жалпы əдеби тіл құрамынан 
шығарып тастағысы да келген. Ол былай дейді: «Мамандар 
арасында ғана қолданылатын бұл қисапсыз мол арнаулы лек-
сика өз алдына бөлек тұрады. Бұл нормалы қалыпқа түскен 
лексиканың  барлығы  туралы  мəселе  қозғауға  мүмкіндік 
береді»
19
.
18
 
Лингвистические проблемы научно-технической терминологии. М., 1970. 
С.8-9.
19
 
Русский язык в современном мире. М., 1971. С.108.

26
Біздің ойымызша, бұл «нормаланған тілді» əдеби тілден 
тыс қараудың жөні жоқ. Мамандар өз саласы бойынша өзара 
қарым-қатынас жасағанда да пайдаланатыны жалпыға ортақ 
əдеби  тіл,  əрине,  бұл  тұста  өздеріне  ғана  тəн,  тіпті  жалпы 
əдеби тіл түгіл, жалпы ұлттық тіл шеңберінен шығып кететін 
термин сөздер, формулалар, символдар белең алып жатады. 
В.П.Даниленко: «Жалпы  халықтық  тілдің  бір  тармағына 
жататын  ғылым  тілі,  біздіңше,  сөйлеу  тілі,  көркем  əдебиет 
тілі  дейтін  ұғымдармен  қатар  тұруға  тиіс.  Жалпы  əдеби 
тілдің  əрбір  тармағының  өзіне  тəн  құрылымдық  өзгешелігі 
мен  əдейі  жүктелген  қызмет  аясы  болады.  Ал  бұлардың 
əрқайсысы кейде жалпы əдеби тіл шеңберінен шығып кетіп, 
семантикалық жəне құрылымдық шеп құрайды»
20
.
Ғылым тілі болмысты танудың (гносеологиялық қызмет), 
оны зерттеу мен практикалық жұмыстардың нəтижесі тура-
лы мағлұмат беріп, сақтаудың, жинақтаудың, хабар берудің 
(информациялық-коммуникативті)  құралы.  Бұдан  біз  оның 
əдеби тілдің функционалдық жүйесін құрайтынын көреміз. 
Бұл  жайында  В.П.Даниленко: «Ғылым  тілі,  бір  жағынан, 
жалпы  халықтық  тілге  қарағанда,  шеңбері  шектеулі  ұғым, 
өйткені  оған  жалпы  халықтық  тілге  қатысты  нəрсенің  бəрі 
бірдей  ене  бермейді.  Ғылым  тіліне  жалпы  халықтық  тіл 
қасиетінің  бəрі  бірдей  тəн  бола  алмайтындықтан,  ол  бір 
жағынан,  сол  жалпы  халықтық  тілге  қарағанда,  анағұрлым 
тар  ұғымда  беріледі.  Екінші  жағынан,  əдеттегі  кəсіби 
қатынастан тыс ғылыми ұғымдарды білдіретін арнайы тер-
минологиясы  бар  ғылым  тілі  жалпы  əдеби  тілге  қарағанда 
анағұрлым кең ұғымды білдіреді»
21
.
Терминология əдеби тілдің бір тармағы ретінде сол əдеби 
тіл нормасы мен ережесіне бағына отырып, сөз жасам (тер-
мин жасау) жəне сол норманы кодтау жағынан өзіне ғана тəн 
20
 Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания. 
М.,1977. С.10.
21
 Сонда. 10–11-бб.

27
өзіндік ерекшеліктерін де байқатады. Кейде өзінен-өзі жаса-
лып  жататын  кəдімгі  тілдік  құбылыстардан  ерекше  саналы 
əрекет  негізінде,  яғни  ұжым  еркімен  болатын  да  құбылыс. 
Ол сөзжасам процесінің қай-қайсынан болса да осынысымен 
ерекшеленеді.
Орыстың  терминологиялық  сөзжасам  тарихы  тіл 
жүйесінде  бұрын  мүлде  болмаған,  мүлде  жат  сөзжасам 
үлгілері  мен  түрлері  пайда  болғаны  туралы  мол  мағлұмат 
береді.  Мысалы,  орыс  тілі  дəстүрінде  бұрын  -ость 
жұрнағы  арқылы  жасалған  зат  есімнен  үстеме  сын  есім 
жасалмайтын.  Қазір  мұндай  үлгі  орыс  тілінде  өнімді 
сөзжасам  түрінің  біріне  айналды:  яркий – яркость – 
яркостный, жидкий – жидкость – жидкостный, разный – 
разность – разностный,  стойкий – стойкость,  пло-
ский – плоскость,  емкий – емкость  т.б.  Сондай-ақ  -ота 
суффиксі  арқылы  сын  есімнен  зат  есім,  содан  қайтадан 
сын  есім  жасауда  орыс  тілінде  өнімді  тəсілдердің  біріне 
айнала  бастағаны  туралыда  мəлімет  бар.  Мысалы:  мерз-
лый – мерзлота – мерзлотный,  высокий – высота – 
высотный, долгий – долгота – долготный, широкий – широ-
та – широтный, частый – частота – частотный
22
.
Терминологиялық  сөзжасамның  осы  тектес  амалда-
ры  жалпы  сөзжасау  үлгілерін  жіктей  түсуге,  оны  белгілі 
ғылым салалары бойынша тұрақтандыруға көп көмектеcеді. 
Мəселен,  орыс  тілінде  снеговой  жəне  снежный  деген  сын 
есім сөздер баяғыдан бар. Даль сөздігінде бұлардың аражігі 
ажыратылмаған.
30-жылдары  ауа  райын  болжайтын  Институттың  терми-
нологиялық  комиссиясы  снежный  терминін  қардың  өзінен 
туындайтын  ұғымды  білдіргенде  ғана  (снежный  покров, 
снежная  лавина  т.б.)  қолдануды,  ал  снеговой  терминін 
əңгіме  болып  отырған  нысанның  (қардан  емес)  қарға  қа-
22
 Қараңыз: Русский язык и советское общество: Лексика современного рус-
ского литературного языка. М., 1968. С.157.

28
тысы  болған  жағдайда  ғана  (снеговая  линия,  снеговое 
питание т.б.) қолдануды ұсынған екен.
Қазақ  жəне  басқа  түркі  тілдерде  туынды  сөздер 
грамматикалық  тұлғасы  тұрақты  толық  мағыналы  сөздерге 
қосымшалар  жалғау  арқылы  жасалады.  Кеңестік  дəуірде 
орыс  тілінен  енген  кірме  сөздердің  жұрнақтары  (суффикс) 
қазақ  тілі  қосымшаларымен  (аффикс)  берілетін  болады. 
Басқаша айтқанда, сөзжасау қосымшалары морфологиялық 
кейпі  жасақталып  бітпеген  сөздерге  жалғанады.  Осы 
тəсіл  мен  жасалған  неше  алуан  жаңа  сөздер  (неологизм-
дер)  көбейді.  Абстракті – абстрактный,  абстрактілік, 
дерексіздік – абстрактностъ,  агрессивті – агрессивный, 
агрессивтік – агрессивность,  объективті – объективный, 
дұрыстық, əділдік – объективность т.б.
Соңғы  жылдардағы  өрістеген  халықаралық  байланыс, 
екі тілділік, көп тілділік ұлт тілдерінде ғылыми-техникалық 
терминологияны  молайтып  келеді.  Қазақ  тілі  термино-
логиясы 20-30-жылдары  негізінен  ана  тілдің  лексика-
грамматикалық  құралдары  арқылы  жасалса, 50-80-жыл-
дары  бұл  арнаулы  лексика  қоры,  негізінен,  орыс  жəне 
халықаралық  терминологиялық  үлгілермен  толыға  түсті. 
Ал  қазақ  тілі  терминологиялық  жүйесін  бірізге  салып, 
қалыптастыруда, оны заман талабына сай етіп қайта жасауда 
80-жылдардың  екінші  жартысынан  былайғы  кезеңнің  ала-
тын  орны  айырықша.  Айырықша  болатыны,  өмірдің  басқа 
салалары  сияқты,  қазақ  тілінің  де  ғылыми  ой-пікір  өрбітер 
өрісінде  өзгеше  сапалық  құбылыстар  бой  көрсете  баста-
ды.  Бақсақ,  қатып-семген  қағидалық  категорияға  айналған 
терминдердің көбін қайта қарап, олардың нақты қазақы ата-
уларын жасауға əбден болады екен. Тіпті соңғы екі-үш жыл 
ішіндегі қазақ баспасөзінің беттерін қарасаңыз осыны айқын 
аңғарасыз.
Кезінде  əдеби  тілімізге  қаптап  енген  кірме  сөздерге  де 
көзқарас  басқаша  болу  керек  сияқты.  Сөйтіп,  көптеген 
пікірлер желісі мынадай түйін жасауға итермелейді.

29
Термин сөздер тілдің ғылыми-техникалық прогреске иек 
артып,  қол  созған  тұсына  тəн  лексиканың  арнайы  саласы, 
яғни  бұл,  бір  жағынан,  тілдің  əдебилігін  тəптіштей  түсетін 
бір белгі. Басқаша айтқанда, терминологиялық лексика əдеби 
тілмен тікелей байланысты дамып, оның əдебилігінің негізгі 
көрсеткіштерінің  біріне  айналады.  Олар  алдымен  ғылыми 
ой-пікірді,  техникалық  ұғымды  білдіру  үшін  пайда  болады 
да, олардың дамуымен бірге қанаттанады. Терминсөз нақты, 
қысқа, тұжырымды, дəлме-дəл жəне бір мағыналы болуы ке-
рек. Алайда бұл шарттардың бəрін бірдей үнемі түгел сақтап 
отыру қиынға соғады. Кейде кейбір техникалық ұғымдарды 
білдіру  үшін  бірнеше  сөздер  тізбегін  пайдалануға  неме-
се  тіркес  жасауға  тура  келеді.  Сөйтсе  де  термин  жасау 
процесінде оның негізгі талаптарын сақтау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет