Термохимия реакцияның жылу эффектісін зерттейтін физикалық химияның саласы


Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш. рН өлшеу әдістері. Буфер ерітінділері



бет5/15
Дата19.05.2023
өлшемі136,16 Kb.
#95383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1-13 (копия)

14. Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш. рН өлшеу әдістері. Буфер ерітінділері.
Су- химиялық технолияда ,дәрілік препараттарды дайындауда биосферада кең таралған.Таза су иіссіз, дәмсіз, түссіз, сұйық зат. Табиғатта таза су кедеспейді .Оның ішінде еріген заттар әр түрлі мөлшерде болады.Теңіз суларында еріген заттардың мөлшері 4 % ға дейін болады.Судың құрамында 11,2% cу және 88,8% оттек болады.Табиғатта су сұйық , газ және қатты мұз күйінде кездеседі. Су әлсіз электролит, электр тоғын нашар өткізеді, тек аздап қана диссоциацияға түседі: 2Н2О ↔ H3О+ + OH- не Н2О ↔ H+ + OH- деп жазады. Судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы сутек- және гидроксид- иондарының концентрациясы 10-7моль/л екендігі анықталған.Су өте нашар диссоциацияланатын заттың бірі. Таза су электр тоғын нашар өткізеді, бірақ өлшеуге келетін өлектр өткізгіштігі бар, өйткені су өте аз түрде болса да диссоцияланады. оңайлату үшін былай жазылады.Таза судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы, ондағы сутек иондарының және әрине оған тең гидроксид иондарының концентрациясын есептеп шығаруға болады.Ол 10 моль/л тең.Судың диссоциалануына әрекеттесуші массалар заңын қолданып,диссоциалану контантасын жазуға болады:Судың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан, диссоцияланбаған молекулалар концентрациясын- [H₂O] тұрақты шама деп қарауға болады.
Сутектік, гидроксидтік көрсеткіш. Ерітіндінің қышқылдығын не сілтілігін жоғарыда қолданғандай теріс мәнді көрсеткіші бар сандармен жазғанда, жұмыс кезінде ыңғайсыз, қиындық туғызады, сондықтан оларды сутек иондарының, не гидроксид иондарының теріс таңбамен алынған ондық логарифмдерімен көрсетеді. Ол сутектік не гидроксидтік көрсеткіш деп аталып, рН, рОН арқылы белгіленеді:
рН = − lg [H+]; рОН = − lg [ОH-].
Мысалы, егер [H+] = 10-3моль/л болса, рН= 3; егер [H+] = 10-10моль/л болса, онда рН = 10 т.с.с., осылай болғандықтан нейтрал (бейтарап) ерітіндіде рН = 7 болады, қышқыл ерітіндіде рН < 7, ал сілтілі ерітіндіде рН > 7.Сонда рН + рОН = 14 болады.Ерітіндінің рН-ын білу химиялық зерттеу жұмыстарында, әр түрлі өндірістік процестерде, тірі организмдерде жүретін құбылыстарды түсіндіруде өте керек. Көпшілік жағдайларда рН-тің дәл мәнін емес, ерітіндінің реакциясы (ортасы) қандай, қышқыл не сілтілік пе – соны сапалық түрде білу жеткілікті, ол үшін индикатор деп аталатын арнаулы реактивтерді қолданады. Сонда индикаторлар сутегі не гидроксид иондары концентрациясына байланысты түстерін өзгертеді. Жиі қолданылатын индикаторлар: фенолфталеин, лакмус, метилоранж, метилқызыл.
Ерітіндінің рН білу химиялық зерттеу жұмыстарында да,әр түрлі өндірістік процестерде де,тірі органимдерде де жүретін құбылыстарды түсіндіруде өте керек.Көпшілік жағдайда рН дәл мәнін емес ,ерітіндінің реакциясы қандай,қышқыл ма,немесе сілтілік пе-соны сапалық турде білу жеткілікті болады, олүшін индикатор деп аталатын арнаулы реактивтерді пайдаланылады.Ол индикаторлар сутек иондарының концентрациясына қарай өз түсін өзгертіп ,ерітінді –қышқыл ,бейтарап не сілтілік екенін көрсетеді.Жиі қолданатын индикаторлар : лакмус, фенол-фталейн, метилоранж, солардың қандай ортада қандай түске боялатындығы көрсетілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет