Т – фазалық ауысу температурасы;
∆V – фазалық ауысу кезіндегі жүйенің молярлы көлемінің өзгерісі.
туындысы булану және возгонка процестері үшін қаныққан бу қысымының температура бойынша өзгеруін көрсетеді.
Температура жоғарлаған сайын сұйықтық бетіндегі қаныққан бу қысымы әрқашанда артады. Балқу процесі үшін теңдеуді келесідей түрде жазуға болады:
Біркомпонентті жүйеде әрбір фаза күй теңдеуінің (p,V,T) теңдеуімен сипатталуы мүмкін. Сондықтан екі параметр (мысалы, р және Т) фазалар күйін анықтай алады. Басқаша айтқанда р және Т координаталардағы әрбір нүкте біркомпонентті жүйенің қандай-да бір күйіне сәйкес келеді.
Фазалардың ережесіне сәйкес мұндай жүйелер бір фаза болғанда еркіндік дәрежесі екіге тең болады (f=1-1+2=2), яғни жүйе бивариантты болады; тепе-теңдік екі фаза болса, еркіндік дәрежесі бірге тең болады (f=1-2+2=1), яғни жүйе моновариантты болады; тепе-теңдік үш фаза болса, еркіндік дәрежесі нөлге тең болады (f =1-3+2=0), ендеше жүйе инвариантты болады. Біркомпонентті жүйеде үштен артық фаза тепе-теңдікте болмайды. Бұл айтылғандарды геометриялық түрде көрсетсек, диаграммада (р, Т координаталарда) фазаға - аймақ, екі фазаның тепе-теңдігіне – сызық, ал үш фазаның тепе-теңдігіне нүкте сәйкес келеді.
•Бір компонентті гетерогенді жүйелер
•Судың күй диаграммасы.
•Бір компонентті жүйелер үшін фазалар ережесі:
•
•с = 1 – ф + 2 = 3 – ф ( 8)
10. Сұйылтылған ерітінділер. Рауль заңы
Сұйылтылған ерітінділерде еріген заттың молекулалары бір- бірінен еріткіштің көптеген молекулаларымен бөлінген, яғни олар өзара нашар әрекеттеседі. Сұйылтылған ерітінділердің қасиеттеріне әсер ететін факторлар: еріткіш пен еріген заттың табиғаты және ерітіндінің қоюлығы (концентрациясы) негізінде осы екеуі болады.
Бұған орай ерітінділердің мынадай қасиеттері бар: 1) ерітінді буының қысымы еріткіш буының қысымынан кем болуы; 2) ерітінділердің таза еріткіштерден төменгі температурада қатуы; 3) ерітінділердің еріткіштерден гөрі жоғары температурада қайнауы.
Егер ертіндінің құрамдас бөліктері ұшқыш болса, онда белгілі бір уақытта сұйық пен газға айналған құрамдасбөліктер арасында тепе-теңдік орнығады, сөйтіп қаныққан бу түзіледі. Ертінді бетіндегі қаныққан будың жалпы қысымы Р құрамдас бөліктердің үлестік қысымдарының қосындыларына тең, яғни Р=Pі
Шексіз сұйытылған ертінділер үшін кез келегн идеалды емес ертінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымы:
Достарыңызбен бөлісу: |