Термометр: термометрдің құрылымы, зарарсыздандыру, сақтау


Қызбаны тіркеу үшін қызба дәптері сандық түрде, қызба парағы графикалық түрде сызуға



бет4/12
Дата21.05.2023
өлшемі1,05 Mb.
#95643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қызбаны тіркеу үшін қызба дәптері сандық түрде, қызба парағы графикалық түрде сызуға онда сырқат фамилиясы, өлшеу күні мен уақыты (таңертең және кешкі) көрсетілген. Оны науқастың стационарлық науқастың медициналық картасы салып қояды, әрбір өлшеуді нүктемен белгілеу қажет. Нүктелерді түзу сызықпен қосу кезінде температуралық қисық сызықтар пайда болады, олар стационарда жатқан сырқаттың барлық кезіндегі қызуының өзгеріп отырғанын көрсетеді.
КәрІжілік артериясынан тамыр соғуды аныҚтау


Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.
Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.
Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.
Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

  2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  4. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

  6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  7. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.

  8. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.

  9. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

  10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:
қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет