Термометр: термометрдің құрылымы, зарарсыздандыру, сақтау


Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі



бет8/12
Дата21.05.2023
өлшемі1,05 Mb.
#95643
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
стандарт (9)

Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі
ДДҰ ұсынысы бойынша АҚ өлшегенде мына ережелерді сақтау қажет:

  • Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Науқас орындықтың арқасына тіреп отыруы (немесе жатуы керек) қажет, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргізіледі. Тіреу болмаған жағдайда, өлшегенде алынған сандар шын мәнінде 7/11мм.с.б.б. жоғары көрсетеді.

  • Науқас отырғанда аяғын айқастыруға болмайды.

  • Кофе және қою шай қабылдамау (тексерудің алдында бір сағат бұрын), темекі шекпеу (30 минут ішінде), симпатомиметиктерді қолданбау (назалды және көз тамшылары).

  • АҚ өлшеу алдында қуықты босатып (кіші дәретке бару) алу қажет, себебі толып тұрған қуық қысымы артериалды қысымды 15/10мм.с.б.б. дейін көтеруі мүмкін.

  • Қысымды өлшеп жатқанда сөйлесуге және қозғалуға болмайды.

  • Екі қолды да өлшеу қажет. Кейіннен артериалды қысымның жұмыс деңгейі қалыптасқанда, қан қысымы жоғары болған қолын ғана өлшейді.

  • Манжет қысқа және/немесе тар болмауы керек, ол артериалды қысым деңгейін жалған жоғары көрсетуі мүмкін (сур. 51).


Сурет

51.
АҚ өлшеу ережесі

Шараның орындалуы:



  • Науқастың қолы киімінен босатылуы керек (киімін орауға болмайды – бұл қолын және артерияның басылуына әкеледі!). Науқастың қолын жазған күйде тегіс қатты белдемшеге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытып отыру қажет.

  • Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейіне сәйкес болғаны дұрыс (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2-3 см жоғары орналасқаны дұрыс. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына бір саусақ сиятындай болуы керек.

  • Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек.

  • Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау.

  • Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды.

  • Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы (20-30 мм с. б.б. дейін) манжетке ауа айдайды.

  • Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым.

  • Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым.

  • Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.

  • Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.

  • АҚ көрсеткішін жазу.

АҚ қайта өлшеуді манжеттегі ауаны толық шығарғаннан кейін, бірнеше минут аралығында бір ғана қолда 3-8 ретке дейін өлшеу жүргізіледі. Нәтижесі бір-біріне сәйкес келгенше өлшейді. АҚ мәліметтерінің орта мәні нәтижесі дұрысы деп есептеледі [26, 32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет