Биоттынысы
Куссмаультынысы
Сурет 47.
Тыныстың ақаулы типтері
Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі және үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін).Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда және басқалары кезінде байқалады.
Биот тынысы минутқа дейін созылатын кенеттен болатын үзіліспен сипатталады, тынысы қалыпты типті, тыныс саны және үзіліс ұзақтығы арасында тұрақты заңдылық жоқ. Ми ісігінде, менингитте, менингоэнцефалитте, диабеттік комада байқалады.
Куссмауль тынысы бірыңғай сирек, шулы және терең тыныспен сипатталады. Бұл тыныс типін туғызатын ең негізгі ақау процессі ацидоз болып табылады: диабеттік кома, ацетонемиялық құсу, метаболикалық ацидоз.
Тыныс ырғағы. Дені сау адамның тынысы ырғақты болады, дем алу мен дем шығару арасындағы уақыт аралығы тең, дем алу мен дем шығару тереңдігі мен ұзақтығы бірдей болады. Дем алу немесе дем шығару фазаларының ұзаруы және қиындауы түрінде тыныстың бұзылуы ентігу деп аталады. Тыныс ырғағының бұзылуы қатерлі асқынудың дамығандығын көрсетеді және дәрігердің кеңесін қажет етеді.
Ентігу – тыныс жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуы, ауа жетпеу сезімімен көрінеді. Физиологиялық және ақаулы ентігуді ажыратады. Физиологиялық ентігу дені сау адамдарда физикалық күштен кейін, нервтік күйзелісте, ақаулы – тыныс алу мүшелері, нерв және жүрек-тамыр жүйесі ауруларында кездеседі.
Ақаулы ентігу түрлері
Инспираторлы ентігу-жоғары тыныс жолдарында механикалық кедергіге байланысты дем алудың қиындауы. Инспираторлы ентігу көмей стенозы, ірі бронхыны ісік басқанда және т.б. болады.
Экспираторлы ентігу – ұсақ бронхылар тарылғанда дем шығарудың қиындауы. Науқастар өкпеден ауаны сығып шығарғандай сезімде болады. Экспираторлы ентігу бронх демікпесі, өкпе эмфиземасы бар науқастарда байқалады.
Аралас ентігу (дем алу мен дем шығарудың қиындауы) «асқынған» өкпе аурулары кезінде және жүрек жеткіліксіздігінде пайда болады. Ентігудің асқынған дәрежесі тұншығу деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |