Дене қызуы. Термометр: термометрдің құрылымы, зарарсыздандыру, сақтау.
Термометр (гр. -жылу, өлшеу) градусник (қызу өлшегіш) - дене қызуын анықтауға арналған құрал. Медициналық термометрді бірінші рет 1724 жылы неміс ғалымы Габриель Даниель Фарингейт ұсынған. Медициналық термометрдің келесі түрлері бар:
Сынапты.
Цифрлы.
Моментальный (жедел түрлі).
Ес -түссіз жатқан, терең ұйқыда жатқан және скрининг кезде қолданады.
Сынапты термометр шыныдан жасалған, шыны ішінде жұқа пластинка бар, пластинка бетінде сызықтар және цифрлар бар, пластинка ортасында шыны түтікте резервуарымен бекітілген. Резервуарда сынап бар. Адам денесіндегі жылумен сынап балқып түтікшемен көтеріледі, дене қызуын көрсетеді. Ол өз бетінше төмен түспейді, оны резервуарға түсіру үшін сілку керек. Қазіргі уақытта цифрлы термометрлер қолданылады.
Термометрияның қорытындысын тіркеу: дене қызу журналына алынған мәліметті цифрмен түсіреді, сонан соң оны науқаснамадағы температура қағазына графикалық сызықпен түсіреді. Температура қағазы 31 күнге арналған әрбір күн екі графадан тұрады «Т» таңертең, «К» кешкі, оған қисық сызық түрінде түсіріледі. tº қағазында 370С деген жерде қызыл сызық жүргізіледі. Қызыл сызыққа дейінгі дене қызуы қалыпты, ал қызыл сызықтан жоғарғысы қызба деп аталады. Сау адамдарда tº 36 мен 37 арасында болады. Таңертең tº төмен, кешке сәл жоғары. Дене қызуы 0,1-0,6t0 өзгеріп тұрады.
Дене қызуын анықтауда жіберілетін қателіктер:
Дене қызуы жоғары науқастардың қулығынан да төмен көрсеткіштерді алуға болады.
Адам денесінің қызуына мінездеме.
Дене қызуы – ағзаның жылуының реттелуін көрсететін индикатор, ол келесі элементтерден тұрады:
Дене қызуын реттеуші орталық (ми);
Переффериялық терморецепторлар (тері, қан тамырлары);
Орталық терморецепторлар (гипоталамус);
Эфферекті жолдар.
Дене қызуын реттеуші жүйенің қызметі арқасында денеде жылу алмасу жүйесі жүреді. Сау адамдарда дене қызуының бірқалыптылығы сақталады. Ол 36-370С -тан тәуліктік дене қызуында 0,1-0,60С- қа өзгеріс болуы мүмкін. Дене қызуын кешкі 17-21 сағат аралығында анықтайды, ал таңертең 3-6 сағат аралығында. Дене қызуының көтерілуі физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді:
Физиологиялық көтерілу :
Гипотермия – бұл дене қызуының 360С- тан төмендеуі. Қалыпты ауытқуларға байланысты. Нағыз гипотермия 350С төмен болғанда. Терең гипотермия жағдайында дене қызуы 20ºС – 12ºС- ке дейін төмендейді. Бұл кезде дене қызуын медициналық термометрмен анықтау мүмкін емес. Ол үшін арнайы құрал термостар қажет.
Гипотермияның себебі ареактивті сепсис немесе дененің тоңуы, ми қан айналымының бұзылуы, эндокринді жүйке жұмысының бұзылуы (гипогликемия, гипотермия, пангипопитуитаризм), ағзаның улануы (дәрілік және алкогольдік), қызба.
Дене қызуының 37ºС жоғары көтерілуін қызба деп атайды. Дене қызуының көтерілуі жұқпалы және басқа да ауруларға қарсы тұру реакциясы. Дене қызуының көтерілуіне биологиялық белсенді заттардың да әсері бар. Пирогенді заттар (гр.- от, ыстық, даму); микроптардың улары, сарысулар, екпелер, дәрілік заттар.
Дене қызуының көтерілуі неврогенді (жүйке тозған) жағдай да болуы мүмкін. Өте қауіпті, наркоздан кейінгі балалардағы гиперэргиялық реакция . Кейде қызба ұзақ мерзімде болады; бұндай сырқаттарды инфекционист дәрігерге көрсету керек. Барлық жағдайда қызбаның себебін анықтау өте маңызды. Дене қызуы 1ºС -қа көтерілсе дем алу қозғалысы 4 қозғалысқа жоғарылайды, ал жүректің жиырылуы 8-10-ға артады.