Термометр: термометрдің құрылымы, зарарсыздандыру, сақтау



бет7/12
Дата21.05.2023
өлшемі1,05 Mb.
#95643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
стандарт (9)

Систолиялық АҚ
- 1 ж дейінгі балаларда 1ж= 76 + 2n, n – айлық жасы 
- 1 ж асқан балаларда 1 ж = 90 + 2n, n – жас саны.
Диастолиялық АҚ АҚ = 60 + n, n – жас саны 
- 1 ж дейінгі балаларда = 2/3 - ½ максимальдісистолиялық АҚ –нан,
-1 ж асқан балаларда = 60 + n, жас саны.

АҚ деңгейін бағалау үшін жалпыға бірдей ДДҰ жіктеуін қолданады (кесте 6).


Кесте 6.
Артериалды қысым деңгейінің жіктелуі


ESC/ESH, 2013



Категория

Систолалық
АҚ
(ммс.б.б.)

Диастолалық АҚ
(ммс.б.б.)

Қолайлы

<120

<80

Қалыпты

120-129

80-84

Жоғары қалыпты

130-139

85-89

Артериалды гипертензия 1 дәрежелі

140-159

90-99

Артериалды гипертензия 2 дәрежелі

160-179

100-109

Артериалды гипертензия 3 дәрежелі

≥180

≥110

Жеке систолалықартериалды гипертензия

≥140

<90

Артериалды қысымды өлшеу әдістері
Инвазивті (тік) әдіс арқылы АҚ өлшеуді аурухана жағдайында немесе хирургиялық араласу кезінде қолданады, бұл кезде қысымды үздіксіз бақылау үшін науқастың артериясына қондырғысы бар зондты енгізеді. Бұл әдістің артықшылығы қысым үнемі өлшеніп отырады, ол қысым/уақыт сызық түрінде көрініп тұрады. Бірақ та бұл әдіс науқастың жағдайын үнемі бақылауын қажет етеді, өйткені зонд шығып кеткен жағдайда ауыр қан кету қаупі дамуы мүмкін, пункция жасаған жерде гематома немесе тромбоз пайда болуы, инфекциялық асқыныстардың қосылуы мүмкін.
Клиникалық тәжірибеде ең көп тараған инвазивті емесәдіс арқылы АҚ анықтайды. Оның жұмысының негізгі принципіне байланысты ажыратады:

  • Пальпаторлы

  • Аускультативті

  • Осциллометрлік

Пальпаторлы әдіс артерия орналасқан аяқ-қолдарды біртіндеп компрессия немеседекомпрессия жасауы және қысқан жерден төменге қарай пальпациялау арқылы анықтайды. Систолалық АҚ манжет қысқанда пайда болатын пульс, диастолалық - пульстің толуы біршама төмендегенде анықталады.
Аускультативті әдіс кәзіргі уақытта сфимогманометрмен АҚ механикалық өлшеу ДДҰ мойындаған инвазивті емес әдістердің "алтын стандарты". Аускультативті әдіспен АҚ өлшеуді 1905 ж. Н.С. Коротков ұсынған (сур. 50).



zdorovushko.ru

Сурет 50.


Механикалық тонометр
Тонометр мынадан тұрады: ілгіштері бар, ұзын матадан жасалған тыстың ішіне салынған ені 12-14 см қуыс резиналы манжет; 300 мм дейін шкаласы бар сынапты манометр, ауаны үрлейтін баллон. Манжет және манометр баллонмен резиналы түтік арқылы байланысады, баллонда ауаны жіберетін кран бар. Артериалды қысымды өлшеуге арналған құрылғыларды пайдалануда, сенімді және талап қоймайтын құралдар ретінде өздерін көрсетті.
Иық артериясы үстіне теріге қысым түсірмей, манжеттің төменгі шетіне сезімтал бас жағын орналастырып, стетоскоппен, не мембраналы фонендоскоппен тыңдауды жүргізеді. Систолалық АҚ манжеттің декомпрессиясы кезінде пайда болған Коротковтың бірінші фаза тондары арқылы, ал диастолалық АҚ – оның жоғалуына байланысты анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет