Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін
құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін
сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлт.Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.
Екінші бұлт.рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік
дегенді қалай түсінесіңдер?
1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген
сүйіспеншілік.
Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар.
1.Сынып ішіндегі бір
баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас
жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің?
2.Сенің жан досың «Киноға барайық»деген болатын,ал
сенің уақытың
болмай жатыр.Не істер едің?
4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын
бағдарламаңмен бір
уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей
қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай
шешімге келер едің?
Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің?
Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт.
Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа.
Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек.
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек».
(Абай)
Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш
нәрсе бар,сонан қашпақ
керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-
залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш
нәрсені
оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің
дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-
адам баласының дұшпаны.
Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек
сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда
күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге
дағдылан.
7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер
кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.
Достарыңызбен бөлісу: