Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы


-1-бап. Терроризмге қарсы операцияға басшылық жасау



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата01.05.2022
өлшемі123,35 Kb.
#32993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

13-1-бап. Терроризмге қарсы операцияға басшылық жасау

      1. Терроризм актісінің қоғамдық қауіптілігінің ауқымы мен дәрежесіне, күтілетін теріс

салдарларына қарай терроризмге қарсы операцияға басшылық жасауды республикалық немесе облыстық,

республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел

штабының басшысы жүзеге асырады.

      2. Оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операция басталғаннан бастап ол аяқталғанға

дейін операция басшысы және оны жүргізуге тартылатын барлық әскери қызметшілердің, Қазақстан

Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарының бастығы болады. Қазақстан

Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес оралымды штабтың басшысы терроризмге

қарсы операцияға қатысуға тартылатын шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері

мамандарының бастығы болады.

      3. Оралымды штабтың басшысы:

      1) терроризмге қарсы операцияның жүргізілу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу

уақытын айқындайды, берілген күштер мен құралдардың қолданылу бағыттары мен шегі туралы шешім

қабылдайды;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның өкілдерімен байланыста болуға жауапты

болатын оралымды штабтың өкілін айқындайды;

      3) терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және әскери өкім (әскери

бұйрық) шығарады.



      4. Республикалық оралымды штабтың басшысы:

      1) терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның дайындалып жатқаны туралы, сондай-ақ

терроризмге қарсы операцияның басталғаны туралы расталған ақпаратты алған кезде Қазақстан

Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан

Республикасының Бас Прокурорына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу хабарлайды;

      2) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін және Қазақстан

Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерін терроризм актісінің жолын кесуге тарту

мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді.

      5. Атқаратын қызметіне қарамастан басқа лауазымды адамның терроризмге қарсы операцияның

оралымды басшылығына заңсыз араласуына жол берілмейді.

      Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV


 Заңымен, өзгеріс енгізілді

- ҚР 2013.01.08 

N 63-V

 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң



қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге

               тартылатын күштер мен құралдар

      1. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізу үшін оралымды штабтарға терроризмге қарсы

іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары беріледі.

      2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, қажет болған

жағдайларда терроризмге қарсы операцияға қатысу үшін шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы

бөлімшелері тартылуы мүмкін.

      3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы Заңға және «Қазақстан Республикасының

қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 

 сәйкес Қазақстан

Заңына


Республикасы Президентінің шешімі бойынша терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысу үшін

тартылады.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV


 Заңымен.

      14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін

                 терроризм актілерінің жолын кесуге тарту

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:

      1) терроризм актісін жасау үшін пайдаланылатын не террористер басып алған әуе кемелері

ұшуының жолын кесуге;

      2) Қазақстан Республикасының ішкі суларында және аумақтық теңізінде, Қазақстан

Республикасының континенттік қайраңында орналасқан теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінде

терроризм актілерінің жолын кесуге, сондай-ақ теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін; 

      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы

Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен терроризмге қарсы операцияның өткізілуіне қатысуға

тартылады.

      2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде

осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы құралдарды,

қару мен жауынгерлік техниканы қолданады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

әскери қызметшілеріне терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында дене күшін, арнайы

құралдарды, қаруды қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шегіне

қатысты бөлігінде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан

Республикасы 

 ережелері қолданылады.

Заңының

      


Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 

N 63-V


  (алғашқы ресми

жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




      14-2-бап. Әуе кеңістігіндегі терроризм актілерінің жолын

                 кесу

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы әуе

кеңістігіндегі терроризм актісінің қатерін жою немесе жолын кесу мақсатында қолданады.

      2. Егер әуе кемесі жердегі басқару пункттерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін

пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы радиокомандаларына және (немесе) Қазақстан

Республикасы Қарулы Күштерінің оны жолдан ұстап қалуға көтерілген ұшу аппараттарының

радиокомандалары мен көрінетін белгілеріне ден қоймаса не себебін түсіндірмей, радиокомандаларға

және көрінетін белгілерге бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару

мен жауынгерлік техниканы осы әуе кемесін қонуға мәжбүрлеу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін

қолданады. Егер әуе кемесі қону туралы талаптарға бағынбаса және адамдардың қаза табуының не

техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, қару мен жауынгерлік техника аталған әуе кемесін

жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданылады.

      3. Егер әуе кемесін терроризм актісін жасау үшін пайдалану туралы немесе әуе кемесін басып

алу туралы анық ақпарат бар болса және бұл ретте қалыптасқан мән-жайлардан туындайтын, оны

қондыру үшін қажетті барлық шаралар таусылса және адамдардың қаза табуының не техногендік апат

туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік

техниканы аталған әуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады.

      

Ескерту. 4-тарау 14-2-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 



N 63-V

 (алғашқы ресми

жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      


      14-3-бап. Қазақстан Республикасының ішкі суларында,

                 аумақтық  теңізінде, континенттік қайраңында

                 және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

                 кезінде терроризм актілерінің жолын кесу

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қазақстан Республикасының ішкі суларында,

аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актісінің қатерін жою мақсатында және

теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қару мен жауынгерлік техниканы қолданады.

      2. Егер теңіз немесе өзен кемелері және корабльдер (жүзу құралдары) Қазақстан

Республикасының су кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы командаларға және

(немесе) белгілерге ден қоймаса не тоқтау туралы талаптарға бағынудан бас тартса, Қазақстан

Республикасы Қарулы Күштерінің әскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы терроризм

актісінің қатерін жою мақсатында жүзу құралын тоқтауға мәжбүрлеу үшін қолданылады. Егер жүзу

құралы тоқтау туралы талапқа бағынбаса және (немесе) оны тоқтауға мәжбүрлеу мүмкін болмаса және

бұл ретте қалыптасқан мән-жайлардан туындайтын, оны тоқтату үшін қажетті барлық шаралар таусылса

және адамдардың қаза табуының не экологиялық апат туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан

Республикасы Қарулы Күштерінің әскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы жүзу құралын

жойып жіберу арқылы оның қозғалысының жолын кесу үшін қолданылады.

      


Ескерту. 4-тарау 14-3-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 

N 63-V


 (алғашқы ресми

жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-бап. Терроризмге қарсы операция өткізілетін 

               аймақтағы құқықтық режим

      1. Терроризм актісінің жолын кесу және оны ашу, оның салдарларын барынша азайту, тізбесі

«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында

белгіленген күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке адамның,

қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау мақсатында терроризмге қарсы

операция басшысының шешімі бойынша оның өткізілу шегінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық



режимі оны өткізу кезеңіне енгізілуі мүмкін.

      2. Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу туралы шешім (шегінде (соларда)

осындай режим енгізілетін аймақты (объектілер тізбесін) және қолданылатын шаралар мен уақытша

шектеулер тізбесін айқындауды қоса алғанда) және оның күшін жою туралы шешім тиісті аумақтың

халқына, жергілікті атқарушы органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына,

ұйымдарының әкімшіліктеріне, объектілерінің басшыларына бұқаралық ақпарат құралдары мен

телекоммуникация желілері арқылы дереу жеткізіледі.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 

N 63-V

 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін



күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет