Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы


-тарау. Террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылық



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата01.05.2022
өлшемі123,35 Kb.
#32993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
6-тарау. Террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылық

      20-бап. Адамдардың террористік iс-әрекетке қатысқаны 

               үшiн жауаптылығы

      1. Террористік iс-әрекетке қатысушы адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде

көзделген қылмыстық жауапты болады.

      2. Егер терроризм актісін дайындауға қатысқан адам мемлекеттiк органдарға дер кезiнде

ескертсе немесе терроризм актісін болғызбауға өзге де әдiспен жәрдемдессе және оның iс-қимылында

өзге қылмыс құрамы болмаса, ол қылмыстық жауаптан босатылады. 

      

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 



№ 175-IV

 Заңымен.

      21-бап. Ұйымдардың террористік іс-әрекет үшін жауаптылығы

      1. 

 белгіленген тәртіппен сот шешімі бойынша ұйым террористік деп танылады және ол

Заңда


жойылуға (оның қызметі - тыйым салынуға) жатады.

      2. Террористік деп танылған ұйымды жою кезінде оған тиесілі мүлік 

, мемлекет

тәркіленіп

кірісіне алынады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тіркелген шетелдік немесе халықаралық

ұйымды (оның бөлімшесін, филиалын, өкілдігін) сот террористік деп таныған жағдайда, осы ұйымның

(оның бөлімшесінің, филиалының, өкілдігінің) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметіне

тыйым салынады және ол (оның бөлімшесі, филиалы, өкілдігі) жойылады, ал Қазақстан Республикасы

аумағындағы оған (оның бөлімшесіне, филиалына, өкілдігіне) тиесілі мүлік тәркіленіп, мемлекет

кірісіне алынады.

      4. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті




шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот террористік деп таныған ұйымдардың, оның ішінде

шетелдік және халықаралық ұйымдардың бірыңғай тізімін жүргізеді. Көрсетілген тізім Қазақстан

Республикасының Үкіметі айқындаған ресми мерзімді басылымдарда жариялануға жатады.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV

 Заңымен.

      21-1-бап. Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ

                 олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу

                 кезінде өлген адамдарды жерлеу тәртібі

      Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу

кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық

қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі 

 тәртіппен

белгілеген

жүзеге асырылады. Аталған адамдардың мәйіттері жерлеуге берілмейді және олар жерленген орын

туралы хабарланбайды.

      

Ескерту. 6-тарау 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 



N 63-V

 (алғашқы ресми

жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет