15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде
қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер
1. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы
тұлғалардың:
1) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олар болмаған жағдайда - жеке
басын анықтау үшін оларды ұстап, ішкі істер органдарына немесе басқа мемлекеттік органдарға
жеткізуді жүзеге асыруға;
2) жеке қарап тексеруге және жеке адамның заттарын қарап
, көлік құралдарын, оның
тексеруге
ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып куәгерлердің қатысуынсыз қарап
;
тексеруге
3) құқық бұзушылықты немесе терроризмге қарсы операцияға қатысушы адамдардың заңды
талаптарына кедергі келтіруге бағытталған өзге де әрекетті жасаған немесе жасайтын, сондай-ақ
терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағына рұқсатсыз енген немесе енуге әрекет жасауға
байланысты әрекеті үшін адамдарды ұстауға және ішкі істер органдарына жеткізуге;
4) жеке адамдарды жергілікті жердің жекелеген учаскелерінен және объектілерден кетіруге,
көлік құралдарының, оның ішінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің көлік құралдарының
жол жүрісін, оларды сүйреп әкетуді қоса алғанда, шектеуге немесе тыйым салуға;
5) радиоэфир мониторингін жүргізу, телефонмен сөйлесуді және телкоммуникациялық жүйелер
арналары арқылы берілетін өзге де ақпаратты бақылау үшін, сондай-ақ электрлі байланыс арналары
мен почта жөнелтілімдерінде іздестіруді жүзеге асыру үшін арнайы байланыс құралдарын қоса
алғанда, байланыс құралдарын қызметтік мақсатта пайдалануға;
6) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса,
жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі
жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың
ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер
мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлік құралдарынан басқа) меншік иелеріне материалдық
зиян келтірілген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Үкіметі
тәртіппен өтей
белгілейтін
отырып, пайдалануға;
7) адам күшін, қызметтік иттерді, әскери және өзге де техниканы, қаруды және арнаулы
құралдарды террористерге қатысты Қазақстан Республикасының
көзделген ескертулерсіз
заңдарында
және шектеулерсіз қолдануға;
8) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп туғызатын болса, жеке
және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен
өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер
учаскелеріне кедергісіз кіруге құқығы бар.
Оралымды штаб басшысы не ол уәкілеттік берген адам азаматтардың тұрғын үйіне кірген
жағдайлар туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлайды.
2. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында оралымды штаб басшысының шешімі бойынша
мынадай уақытша шектеулер қолданылуы мүмкін:
1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және
(немесе) байланыс желісі мен құралдарын қолдануды шектеу;
3) қоғамдық тәртіптің, мемлекеттік күзетке жататын объектілердің, халықтың
тұрмыс-тіршілігін және көліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің, сондай-ақ
ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілердің күзетілуін
күшейту;
4) терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта тұратын жеке адамдарды уақытша көшіру;
5) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы,
және
ветеринариялық іс-шараларды
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
6) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы
заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен
прекурсорлар, этил спирті мен алкогольді өнімдер айналымының айрықша режимін орнату;
7) күзет қызметін тоқтата тұру.
3. Терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта осы баптың 1 және 2-тармақтарында
көзделген шаралардың бүкіл кешені мен уақытша шектеулер сияқты жекелеген шаралар мен уақытша
шектеулер де белгіленуі (енгізілуі) мүмкін.
4. Терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің
болуына және олардың дыбыс жазуды, фото және бейнетүсіруді жүзеге асыруына оралымды штаб
басшысының рұқсатымен ғана жол беріледі.
5. Терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысушы адамдардың операция басталған кезден
бастап ол аяқталған кезге дейінгі іс-қимылы
жағдайында немесе
қажетті қорғаныс
аса қажетті
жағдайда жасалатын іс-қимыл деп есептеледі.
Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08
№ 266-IV
Заңымен, өзгеріс енгізілді
- ҚР 2013.01.08
N 63-V
(алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |