Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы


-тарау. Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата01.05.2022
өлшемі123,35 Kb.
#32993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

4-тарау. Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және 

жолын кесу

      10-бап. Террористік іс-әрекеттің алдын алу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында:

      1) терроризмді насихаттауға;

      2) террористік ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендірілген құралымдардың құрылуына,

тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік іс-әрекетке қатысқан

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құқығы

бар.

      3. 



Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 

N 63-V


 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV


 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР

2013.01.08 

N 63-V

 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа



енгізіледі) Заңымен.

      10-1-бап. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл

      1. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл:

      терроризмнің қауіптілігін түсіндіру;

      террористер өз көзқарастары мен идеяларын насихаттауды солардың көмегімен жүзеге асыратын

нысандарды, әдістерді және амалдарды әшкерелеу;

      қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;

      терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік




органдардың және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру;

      терроризмді қолдаудың әлеуметтік базасын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады. 

      2. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар: 

      өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимылды ұйымдастыруға

және үйлестіруге;

      осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық қоғам институттары,

діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуын ынталандыруға;

      қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға қатысуға міндетті.

      

Ескерту. 4-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 



N 63-V

 (алғашқы ресми

жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау

      Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау үшін осы 

 терроризмге қарсы

объектілердің

қорғалуының және терроризм актілерінің салдарларын жоюға және (немесе) барынша азайтуға

мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың дайындығының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық,

ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, арнайы, күзеттік және өзге де шаралар жүзеге асырылады.

      

Ескерту. 4-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 



N 63-V

 (алғашқы ресми

жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-3-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан

                 осал объектілер басшыларының немесе өзге де 

                 лауазымды адамдарының міндеттері

      1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе

өзге де лауазымды адамдары террористік іс-әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілердің

терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мақсатында:

      1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды

қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

      2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге

қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;

      3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы

мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;

      4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою

бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен

пысықтау;

      5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді

ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.

      Терроризм актісі жасалған жағдайда меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал

объектілердің басшылары және (немесе) қызметкерлері жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан

Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабарлауға

және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, террористік

тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды

көздеуге міндетті.

      3. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе

өзге де лауазымды адамдарының аталған міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының

заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      

Ескерту. 4-тарау 10-3-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 



N 63-V

 (алғашқы ресми

жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



      11-бап. Террористік iс-әрекеттi анықтау

      1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк

органдары террористік iс-әрекеттi анықтауды Қазақстан Республикасының 

 сәйкес


заңнамасына

өткiзедi.

      2. Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, террористік

iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын

органдарға хабарлауға мiндеттi.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV

 Заңымен.

      12-бап. Терроризм актісінің жолын кесу

      1. Терроризм актісінің жолын кесу, террористерді, жарылғыш заттарды зиянсыздандыру, жеке

адамдар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту

және (немесе) жою мақсатында терроризмге қарсы операция жүргізіледі.

      2. Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды және объектілерді сақтау,

сондай-ақ күш қолданбастан терроризм актісінің жолын кесу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында

террористермен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Келіссөз жүргізу оралымды штаб басшысы осыған

арнайы уәкілдік берген адамға тапсырылады.

      3. Егер террористің (террористердің) терроризм актісін тоқтатуға келіспеуі себепті онымен

(олармен) келіссөздер мақсатына қол жеткізілмесе және адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты

қауіп-қатер төніп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористі (террористерді) жою

туралы шешім қабылдауға құқылы.

      4. Күзетілетін адамға немесе объектіге айқын қауіп-қатер төнгені анықталған немесе ондай

қауіп-қатерді өзге заңды құралдармен жою мүмкін болмаған жағдайда террорист (террористер)

терроризмге қарсы операция басшысының өкімімен келіссөз жүргізілмей және ескерту жасалмай

жойылуы мүмкін.

      5. Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысушы бөлімшелері Қазақстан

Республикасының 

 сәйкес адам күшін, қызметтік иттерді, әскери және өзге де техниканы,

заңдарына

қару мен арнаулы құралдарды қолданады.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV

 Заңымен.

      12-1-бап. Террористік ұйымдарды және террористік қызметті

                 жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды

                 есепке алу

      1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз

құзыреті шегінде жүзеге асыратын 

 сот шешімдерінің негізінде терроризмнің алдын

мемлекеттік орган

алу, анықтау және жолын кесу мақсатында террористік ұйымдарды және террористік қызметті жүзеге

асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді.

      2. Сот ұйымды террористік деп таныған не террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін ұйымды

тарату арқылы оның қызметін тоқтата тұрған немесе оған тыйым салған не террористік қызметті

жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен

судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 56-бабының

1-тармағында көрсетілген тиісті органдар ақпараттық есепке алу құжаттарын құқықтық статистика

және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын

мемлекеттік органға дереу жолдауға міндетті.

      Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.08.28 

№ 192-IV


 (2010.03.08 бастап

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




      13-бап. Оралымды штабтар

      1. Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және

облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

жедел штабтары құрылады.

      2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы республикалық жедел штабтың басшысы болып

табылады.

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығы облыстық, республикалық маңызы

бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысы болып

табылады.

      3. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң бастығы «Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 

 сәйкес күзетiлуге жататын

Заңына

адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткiзу



кезiнде республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар

қаланың) жедел штабтың басшысын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы

республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық

органдарының өкілдері қатарынан тағайындайды.

      4. Республикалық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын

мемлекеттік органдардың және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операциялар жүргізуге қажетті

көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың құрамына

терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің

және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операция жүргізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге

де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.

      5. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық

(облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар туралы ережені

Қазақстан Республикасының Президенті 

.

бекітеді



      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV


 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР

2013.01.08 

N 63-V

 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа



енгізіледі) Заңымен.

      




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет