Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы


-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата01.05.2022
өлшемі123,35 Kb.
#32993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

3-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды

жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының құзыреті

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

 Заңымен.

№ 266-IV


      7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын

              Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының 

              құзыреті

      Терроризмге қарсы іс-қимылды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында

белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының

заңдарында өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын

алады, жолын кеседi және тергейдi, террористік қатерлерге талдау мен болжам жасауды жүзеге

асырады, терроризмге қарсы операциялар өткізуді ұйымдастырады, қарсы барлау шаралары арқылы

халықаралық террористік іс-әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады, шет мемлекеттердің тиісті

құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;

      2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасының заңдарында

өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын

кеседi және тергейдi, терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатысады, террористік тұрғыдан

осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады және оның жай-күйін бақылайды;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі «Қазақстан Республикасы

Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 

 сәйкес Қазақстан

Заңына

Республикасы Президентінің, күзетуге жататын өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің



қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.

      Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы

операциялар Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының шешімі бойынша

өткізіледі; 

      4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі терроризмге қарсы операцияларды өткізу

кезінде әуе, су және жер беті кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ

осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің

және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге

асырады;

      5) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган халықаралық террористік ұйымдар, сондай-ақ

террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар тарапынан төнетін террористік қатерлерден Қазақстан

Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне залал келтірілуіне жол бермеу мақсатында барлау қызметін

жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының

террористік қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуге қатысады;

      6) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органы қаржы

мониторингін жүзеге асырады және «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)

және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 

 сәйкес


Заңына

терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданады;

      7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган қауіпті өндірістік объектілердің

терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады, жасалған терроризм

актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және

аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға

қатысады;

      8) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі

халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды



қамтамасыз етеді; 

      9) байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды

насихаттауды және бейбіт этносаралық келісім үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ

Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қорғауды қамтамасыз ету жолымен

терроризм идеологиясын таратуға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады; 

      10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган террористік әсер етуге ұшыраған

объектілердің қалыпты жұмыс істеуі мен экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру жөніндегі

іс-шараларға қатысады;

      11) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган ұлтаралық жанжалдарды және терроризм

көріністерінің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын болдырмау мақсатында Қазақстан

Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруға

бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;

      12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган гидротехникалық

құрылыстардың терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады,

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, аса қауіпті организмдер

көздерінің физикалық қорғалуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;

      13) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарды

көлік-коммуникация саласының объектілерінде терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі

міндеттерді шешуге қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өз құзыреті

шегінде олардың терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;

      14) қаржы полициясы органдары терроризмді қаржыландыру арналарының алдын алуды, оларды

анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады;

      15) кеден органдары террористік қылмыстар жасаудың құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін

қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және өзге де заттарды Қазақстан Республикасының кеден

шекарасы арқылы заңсыз өткізуді анықтау және оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге

асырады;


      16) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ядролық қондырғылардың,

радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы

қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды

бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге

асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін

ұйымдастыруға қатысады;

      17) әділет органдары терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды

тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша,

оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастырады;

      18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарынан

зардап шеккен адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту жөніндегі

шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;

      19) білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жалпы білім

беретін және жоғары оқу орындарында факультативтік сабақтар өткізу жолымен қоғамда терроризмге

қарсы сананы қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарларын барынша

азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті,

терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды медициналық-психологиялық сүйемелдеуді

ұйымдастырады;

      21) дін істері жөніндегі уәкілетті орган конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни

қызметке құқықтарын қамтамасыз етеді және күш қолдану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға

жол бермеу мақсатында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 

N 63-V


 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 

189-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.




      8-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік

              органдарының терроризмге қарсы іс-қимылдағы

              құзыреті

      Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 2013.01.08 

 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін

N 63-V


күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылда Қазақстан

              Республикасының мемлекеттік органдарына

              жәрдемдесудің міндеттілігі

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары

терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге және қажетті

көмек көрсетуге міндетті.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі

туралы мәліметтерді терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дереу

хабарлауға міндетті.

      3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік

органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе

жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру

жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган сыйақы белгілейді және төлейді.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV


 Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет