Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы


-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата01.05.2022
өлшемі123,35 Kb.
#32993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

8-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті

жүзеге асыру заңдылығын бақылау мен қадағалау

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

 Заңымен.

№ 266-IV


      23-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің

               жүзеге асырылуын бақылау

      Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге

асырылуын бақылауды терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі




уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV

 Заңымен.

      23-1-бап. Меншік нысандарына қарамастан, террористік

                 тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы

                 қорғалуының жай-күйін мемлекеттік бақылау

      Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы

қорғалуының жай-күйін мемлекеттік бақылау басшылардың немесе өзге де лауазымды адамдардың осы

Заңның 


 белгіленген іс-шараларды сақтау нысанына жүзеге асырылады.

10-3-бабында

      

Ескерту. 8-тарау 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 



№ 132-V

 Заңымен (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23-2-бап. Меншік нысандарына қарамастан, террористік

                 тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе

                 өзге де лауазымды адамдарының белгіленген

                 іс-шараларды сақтауына тексерулер жүргізу

                 тәртібі

      1. Меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе

өзге де лауазымды адамдарының осы Заңның 

 белгіленген іс-шараларды сақтауына

10-3-бабында

тексерулерді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жылына кемінде бір рет жүргізеді.

      2. Тексеруді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлеген және бекіткен

тексеру парағына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізеді.

      Тексеру парағы оларды сақтамау жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне

қатер төндіруге әкеп соғатын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы

қорғалуының жай-күйіне қойылатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.

      3. Тексеру тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі. Террористік тұрғыдан осал

объектілерге тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары:

      1) тексеру тағайындау туралы актіні;

      2) қызметтік куәлікті;

      3) тексеру парағын көрсетуге міндетті.

      4. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер

ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      5. Тексеру тағайындау туралы актіні тексерілетін адамға табыс еткен кез тексеру жүргізудің

басталған кезі деп саналады.

      6. Тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ішкі істер органының қызметкері

тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.

      7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда,

тексерілетін адам оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру

жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, бұл туралы тиісті белгі жасалады.

      8. Тексерілетін адамның қолындағы түпнұсқадағы құжаттардың көшірмелерін қоспағанда,

қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және

анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да іс-қимылдар үшін

тексерілетін адамға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.

      9. Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы

актіде тиісті жазба жасалады.

      10. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталған мерзімінен

кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан

осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына табыс еткен күн тексеру аяқталған күн

болып саналады.




      

Ескерту. 8-тарау 23-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 

№ 132-V

 Заңымен (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілердің

                 терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау

                 нәтижелері

      1. Тексеру нәтижелері бойынша осы Заңда белгіленген іс-шараларды және оны іске асыру үшін

қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын бұзушылық (орындамау) анықталған

жағдайларда, меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына

немесе өзге де лауазымды адамына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама он жұмыс күні ішінде табыс

етіледі.

      2. Нұсқама меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына

немесе өзге де лауазымды адамына жеке немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен

табыс етілуі тиіс.

      Хабарламалы тапсырыс хат арқылы почтамен не хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз

ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды түрде жіберілген нұсқама почта немесе өзге

де байланыс ұйымының жауабын алған күннен бастап не хабарламаны электронды түрде жіберген күннен

бастап бес жұмыс күні өткен соң табыс етілген болып саналады.

      3. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауды

меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысы немесе өзге де

лауазымды адамы оны табыс еткен (алған) күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге

асырады.


      

Ескерту. 8-тарау 23-3-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 

№ 132-V

 Заңымен (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің

               заңдылығын жоғары дәрежеде қадағалау

      Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл және

бірізді қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және

оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 

№ 266-IV


 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының 

      Президенті

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет