Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


«Мухаббат-наменің» әдебиет тұрғысынан зерттелуі



бет13/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

«Мухаббат-наменің» әдебиет тұрғысынан зерттелуі. Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мухаббат-наме» дастаны. Бұл дастанның өлең үлгісі негізінен екі тармақты, он бір буынды өлең болып келеді. Дастанның екі, үш, төрт буынды ұйқаспен келетін тұстары да байқалады. Дастанның басты тақырыбы – махаббат.

Әдебиетші қауым басты назарды дастанның композициялық құрылысына, көркемдік ерекшеліктеріне, өлең үлгісіне, өлеңнің буын мөлшеріне, буындағы ұйқастыққа, теңеу сөздерінің қолданылуына т.б. жанр түрлеріне аударды.

Н. Келімбетов «Мухаббат-наменің» қолжазба нұсқаларының зерттелуіне, дастанның композициялық құрылысына тоқталған. Шығарманың тілі туралы: «317 бәйіт шағатай тілінде, 156 бәйіт парсы-тәжік тілінде, «Мухаббат-наменің» негізгі тілі Алтын Орда қыпшақтарының тілі екенін, оған дәлел ретінде грамматикалық жағынан да, лексикалық тұрғыдан да қыпшақ тілі элементтері басым» деген пікір білдіреді [10, 203-211 бб.]. Көркем туындыны әдеби тұрғыдан зерттеген Р. Бердібаев, Х. Сүйіншәлиев, Б. Кенжебаев, М. Жармұхамедұлының еңбектерінде сол дәуірдегі әдеби тіл жайында, Мн-нің қазақ әдебиетіндегі алатын орны туралы айтылған. Дастан төл тілімізге екі рет аударылды. Алғаш болып аударғандардың бірі ақын – А. Қыраубаева. Бұл аударма 1985 жылы «Хорезми. Махаббат-нама» деп аталып жарыққа шықты [11]. Бұл көркем аударма еді.

Екіншісі – «Оғуз-наме. Мухаббат-наме» деген тақырыппен кітап болып 1986 жылы шығарылды. Авторлар дастанның қазақ тіліне жақындығын былай санамалап көрсетуге тырысқан: «Шығарманың түркі халықтары тілінде жазылған 217 бәйіттің (634 тармақ) 89-ы (яғни 178 тармағы) біздің бүгінгі тілімізге сай келеді, ешқандай аудармасыз-ақ түсінікті, бір сөзі ғана түсініксіз тармақтар саны – 121, екі сөзі түсініксіз тармақтар – 35, ал бір сөзі де түсініксіз бәйіттер мен тармақтар мүлде некен-саяқ. Дастанның лексикалық құрамын алсақ, мұнда да көптеген сөздің тілімізде тұрақты орын теуіп қалғанын байқау қиын емес. Рас, кейбір атаулардың бүгінгі әдеби тілімізде қолданылмайтыны хақ. Бірақ іздесек, тіліміз бен әдебиетімізден олардың да іздерін табуға болады» [12, 82-84 бб.]. Авторлар ескерткіштің араб нұсқасын аудара отырып, оның көркем аударма еместігін, барынша түпнұсқаға жақын аударылғанын сөз етеді.

Жалпы әдебиет тұрғысынан сөз еткен еңбектерде ескерткіштің нұсқалары жөнінде, дастанның зерттелу тарихына, автордың өзінің кім екендігі және шыққан жері туралы, көркем туындының жазылуына негіз болған деректер жайында, оның әдебиеттегі алатын орны туралы ғылыми талдаулар жасалған. Дастан мен поэзиямыз арасында дәстүрлі байланыс бар екенін және тіліміз бен әдебиетімізге үлкен үлес қосатынын айтқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет