Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


К, қ дыбыстары сөздің барлық шенінде келеді: көзгү, чечак, бек, елик, билик, көк, есрүк, нечүк, ики, икки, йүрак. қ



бет22/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

К, қ дыбыстары сөздің барлық шенінде келеді: көзгү, чечак, бек, елик, билик, көк, есрүк, нечүк, ики, икки, йүрак. қ дыбысы: қайда, қайу, қамчы, қан, қарақчы, йақа (жаға), йақут (жақұт). Сөз соңында мына сөздерде кездеседі: айақ, қапуқ, оқ, йоқ, қамуқ, қуруқ, байық, қатық, чық, ачық.

Көне түркі тілінде сөз басында л дыбысы қолданылмаған. Орта ғасыр ескерткіштерінде және қазіргі түркі тілдерде сөз басындағы л дыбысы араб-парсы кірме сөздерімен келген сөздерде ғана ұшырайды. Түркі сөздерінде л дыбысы сөздің орта және соңында қолданылған. л дауыссызы сөз аяғында тұрақты. Ескерткіште мына сөздерде кездеседі: ал, йыл, қыл, мал, тал, ошал, кел, бил, тил, ол, йол, қол, булбул, қул, сүнбүл, көңүл.

Көне түркі тілінде көбінесе сөз басындағы м дыбысы б дыбысымен айтылғаны белгілі. Ал орта ғасырда м дыбысы сөздің барлық позициясында кездеседі. м дауыссызы сөз басында біраз сөздерде орын алған: мал, менгү, мен, мең, меңа, миң, мундақ, мунча. Сөз соңында мына сөздерде кездеседі: байрам, ким, талим.

Ескерткіште н сөздің барлық шенінде өз табиғатын сақтап қолданған: не, нелүк, нетар, неча, нечүк. н дауыссызы сөз аяғында тұрақтылығын сақтаған: йалған, тикан, қан, йаратқан, арслан, йаман, қачан, мен, сен, текин, бикин, он, тон, узун, толун.

Көне түркі тілінде де, орта ғасыр ескерткіштерінде де, қазіргі қазақ тілінде де ң дыбысынан сөз басталмайды. Бұл дыбыс көбінесе сөз ортасында: көңүл (көңіл), Қоңрат (Қоңырат). Ал сөз соңы ң-ға мына сөздер аяқталған: таң, мең, тең, соң. Түркі тілдерінің тарихын зертеушілердің біразы сөз ортасында айтылатын ң дыбысын нг (кейде нғ) дыбыс тіркесінің кейінгі қалыптасуы, соның фонетикалық ықпалдасуының нәтижесі деп түсіндіреді. М. Рясянен монғол тілі нғ-ның түркі тілдерінде ң дыбысына сәйкестігін көрсетеді. Түркі тілдерін салыстырып жинап-терген М. Қашқари еңбегінен де бұл фактілерді кездестіруге болады. Бұл дәлелдердің барлығы сөз ортасында айтылатын ң дыбысының нг, нғ дыбыс тіркесіне қатысы барын айқындайды. Ескерткіште нг дыбыс тіркесін құрайтын менгү сөзі қазақ тілінде мәңгі болып айтылады.

Ескерткіште түркі бөлігінде п дыбысынан басталатын сөздер ұшыраспайды. Сөз ортасында қапуқ (есік), кирпүк (кірпік), йупан (жұбану) сөздерінде, ал сөз соңында қоп (орнынан тұру) сөзінде кездесті.

А.М. Щербак түркі негіз тілінде сөздің абсолют басында айтылған қатаң п дауыссызы тілдердің кейінгі даму барысында ұяңданған, соның нәтижесінде сол позицияда б қалыптасқан деп есептейді. Щербактың пікірінше, хакас, шор, чуваш тілдерінен басқа түркі тілдерінде п дауыссызынан басталған сөздер басқа тілдерден ауысу арқылы пайда болған [34, 89-94 бб.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет