Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы



бет30/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы. Ескерткіш тілінде дауысты дыбыстар сияқты дауыссыз дыбыстардың сөз ортасы мен сөз аяғында түсіп қалатыны байқалады. Бұндай ерекшеліктер ескерткіште қолданылған сөздерде де, олардың қазақ тіліндегі баламаларынан да аңғарылады.

Ескерткіш мәтінінде л дыбысының бір сөзде түсіріліп те, түсірілмей де қатар қолданылғанын отур (отыр), олтур (отыр), кетүр (келтір), келтүр (келтір) көруге болады. Олтур. Отыр. Отурсаң олтурур фитна, кетар ғам 395 (Сен отырсаң, ессіздік азайып, қайғы кетеді). Келтүр. Келтір. Қадах келтүрдилар мажлис қурулды 42 (Тостақтар келтіріліп мәжіліс құрылды); Кетүр. Келтір. Кел ей сақы, кетүргил бада-и наб 229 (Кел, ей шарапшы, келтірші мөлдір шарап).

Қазіргі түркі тілдерін өзара салыстырғанда сөз ортасындағы л дыбысының кейбір тілдерде түсіп қалуы орын алған: түрк., getirmek; әзірб., gätirmäk; башқ., kiltiriv; қырғ., ketirū; өзб., keltirmák; тат., kitirü; түркм., getırmek; ұйғ., kältürmäk., қаз., келтір [43, 270-271 бб.]. Демек, сөз ортасындағы л-дың түсірілмей немесе түсіріліп қолданылуы оғыз бен қыпшақ тілдерінде біркелкі емес.

Дауыссыз дыбыстардың түсіріліп қолданылуы ескерткіштің өз бойынан да, қазақ тілімен салыстырғанда да орын алған. Сөз соңындағы л дыбысының түсіп қалуы ескерткіш пен қазақ тіліндегі бу есімдігінің қолданылуынан байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет