Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет71/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Ағыр уйқучы бахтим неча йатқай 277 (Бақытым қашанға дейін қалың ұйқыда жата береді); Қатық күлсаң магар ағзың билүргай 211 (Егер, қатты күлсең, ауызың әсемдіктен белгі береді).

Түркі тілдерінде: түрк., katı; башқ., katı; қырғ., katū; өзб., kattık; тат., katı; түркм., gatı; ұйғ., kattik; қаз., қатты. түрк., küçük; әзірб., kiçik; башқ., kiskinä; қырғ., kiçine; өзб., kiçik; тат., kiçkinä; түркм., kiçi; ұйғ., kiçik; қаз., кіші.

29 Әрекет пен қимылды көрсететін сөздер: ал (ал), бер (бер), бити (жаз), кел (келу), тоғ (туу), ачыл (ашылу), ич (іш), ил (ілу), аша (же), йаша (жаса), йарат (жарат), сал (сал), аула (аулау), бағла (байлау), йу (жуу), өл (өлу), айрыл (айрылу), ут (ұту), ет (ету), охша (ұқса).

Көңүл сиздин алыб, кимга берайин 472 (Көңілімді сізден алып, және кімге берейін). Мухаббат кимийасын бизга берди 582 (Махаббаттың тауқыметін бізге берді). Қамуғын Сыр йақасында битидим 616 (Барлығын Сыр жағасында жаздым); Күла-ойнайу ичсүнлар бу асхаб 230 (Күліп-ойнап ішсін қанып мына жұрт); Йигит сен, бада ичкил, нуқл ашағыл 171 (Жігіт сен, шарап ішіп, тәтті тағам асағыл); Бүгүндин соң йүз еллик йыл йашағыл 172 (Бүгіннен соң жүз елу жыл жасағыл).

Бұл топтағы сөздер қоректендіруді, бір нәрсені жасауды білдіруіне қарай топтасып тұр.

30 Қозғалу мен қимыл мәнін білдіретін сөздер: кел, бар, уч (ұшу), аш (асып түсу, озу), ил (ілу), ач (ашу), бас (басу), кет.

Неча йүзгай киши дарйа ичинда 478 (Қанша жүзе алады адам дария ішінде); Хийалың көзда учқанын билүрмин 528 (Қиялыңның көздегі ұшқынын білемін); Кел, ей сақы, кетүр паймана бизга 535 (Кел бері, ей, шарапшы, әкел тостақ).

Бұл сөздер ескерткіш тілінде адамның немесе қозғалысқа түскен заттардың бір орыннан келесі бір орынға өткендігін, орын ауыстырғанын білдірген. Сонымен қатар бұл сөздер жер бетіндегі қозғалысты, судағы қозғалысты, ауадағы қозғалысты, белгілі бір бағытқа қаратылған қозғалысты, объектіден алыстатылуды білдіреді.

31 Сезінуді білдіретін сөздер : көр (көру), ишит (есіт).

32 Сөйлеуді білдіретін сөздер: айыт (айт), ай (айт), те (де), йетүр (жеткіз).

Қазіргі түркі тілдерінде: түрк., demek; әзірб., demäk; башқ., äytiv, һöyläv; қырғ., de, süylö, aytū; өзб., demàk, äytmàk; тат., äytü, söyläv; түркм., diymek; ұйғ., demäk; қаз., де, айт, сөйле.

33 Бағыт-бағдарды білдіретін сөздер: йүз (жүзу), уч (ұшу), улаш (ұласу).

Лексикалық-тақырыптық топтар арқылы дастандағы түркі сөздерінің қолданылу шеңбері ауқымды екені анықталды. Бірақ тақырыптық топтардың ара салмағы, қолданылу деңгейі әртүрлі. Демек, адамның дене мүшелеріне байланысты атаулар, ағаштардың өсімдіктердің, гүлдердің атаулары, әлеуметтік, қоғамдық саяси атаулар, абстракт ұғымды білдіретін сөздер тобы басқа топтарға қарағанда сан жағы мен қолданылуы жағынан басымырақ екені байқалады. Ал үй жабдықтарының атауларына байланысты сөздер, отбасылық, туыстық қатысты білдіретін сөздер, аң атауына байланысты сөздер біреу-екеуден аспайды. Сын есім мен етістікке қарағанда зат есімдердің тақырыптық тобының саны басымырақ. Аталмыш ескерткіштің лексикасын тақырыптық топтарға бөлуде бұл жазба нұсқаның қайсыбір диалектінің элементтері мен архаизм сөздердің қатар қолданылуы анықталды.

«Көне тамырлы этнолексика – халықтың этномәдени тарихы және тілдік процестері мен тілдік шығармашылығы туралы баға жетпес «ақпарат» көзі. Себебі, заттардың атауларында адамның сезімдері, қабылдау түйсіктері мен ұғымдары, күнделікті тәжірибесі мен тұжырымдары көрінеді» [73, 263 б.].

Қыпшақ тайпаларын құрайтын халықтардың дүние танымы, болмысы, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, діні әсіресе тілі де қазақ жұртына сарқылмай, қаймағы бұзылмай жеткен. Оны қазақ тілін жан-жақты зерттеген ғалымдарымыздың еңбектерінен көруімізге болады. Қазақ тілінің сөздік құрамын, лексикалық қорын зерттеушілер осы тілдің қолданыста жүрген бай материалдар негізінде көрсетеді.

Қазақ тілінің сөздік қорын түркітанушы В.В. Радлов қарастырған. Профессор К.Ш. Құсайынов «В.В. Радлов и казахский язык» атты монографиясында түрколог жинаған қазақ лексикасының кеңес дәуіріндегі мағыналық өзгеруін салыстырып талдаған [74, 155-162 бб].

Е. Жанпейісов қазақ халқының ұлы жазушысы М. Әуезов шығармаларының негізінде қазақ халқының этномәдени лексикасын тарихи-лингвистикалық тұрғыдан зерттей отырып, материалдық мәдениетке, рухани мәдениетке, халықтық өлшемге, туыстыққа және отбасылық қатынастарға қатысты лексикаларды талдап көрсеткен [75].

Қазақ тілі лексикасының бір саласы – диалектілік лексика екені белгілі. Қазақ тіл білімінде Ж. Досқараев, С. Омарбеков, Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков, Ә. Нұрмағамбетов, Ғ. Қалиев сынды ғалымдар диалектілік лексиканы жинау арқылы әдеби тілді байытты. Бабаларымыздың өз ұрпағына қалдырған ата кәсібіне, зергерлік қолөнеріне қатысты кәсіби лексиканың жан-жақты зерттелуіне А. Жақыпов, Р. Шойбековтер де өз үлестерін қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет