Қорытынды Қорытындылай келе, математика, алгебра және геометрия курстарында экстремумге байланысты практикалық мазмұнды қолданбалы есептер жеткілікті, әрі шын өмірмен байланысты құрылғандығына және оны туындысыз да шығаруға болатынына көз жеткіздік. Бұл эссе барысында «Теңсіздіктер» тарауына байланысты есептер қарастырылып, негізгі әдістермен (бағалау әдісі) шығаруды үйрендік. Оқушыларға осындай есептерді беру арқылы олардың кеңістіктік ойлау және логикалық, сыни ойлау дағдысы дамитындығы анық. Оқушы шығарып жүрген есептерін шын өмірде пайдалана алуы, барлық нәрсеге сыни көзбен талдау жасай алуына осындай есептер көмектесетіні анық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова, В.Е. Корчевский – Алматы: Мектеп, 2018. – 200 б.
Алгебра: жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларына арналған оқулық + CD / Г.Н.Солтан, А.Е.Солтан, А.Ж.Жумадилова. – Көкшетау: Келешек-2030, 2018. – 216 б.: ил.
Алгебра: жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына арналған оқулық + CD / Г.Н.Солтан, А.Е.Солтан, А.Ж.Жумадилова. – Көкшетау: Келешек-2030, 2019. – 320 б.: ил.
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық: 2 бөлімнен тұрады/ А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова. – 2-бөлім. – Алматы: Мектеп, 2018. – 184 б., сур.