Тест спецификациясы


Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны



бет2/2
Дата20.07.2022
өлшемі56 Kb.
#37815
1   2
Байланысты:
Inklyuzivti-bilim-beru

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Инклюзивті білім берудің құндылықтары, әдіснамасы және аспектілері: инклюзивті саясат, инклюзивті мәдениет және инклюзивті тәжірибесі сипатталған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктері, жалпы білім беру үрдісіне қосу технологиясы, себептері және инклюзивті тәжірибені жобалау мен жүзеге асыру, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыста т.рлі педагогикалық ресурстарды қолдану саласында кәсіби құзыреттілік туралы мәліметтер берілген.
«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша тестілік тапсырмалардың құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын қамтып және магистранттардың білімді меңгеруін түсінікті формада бағалауға мүмкіндік береді
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырмаформасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. А.Т. Искакова, З.А. Мовкебаева, Г.Закаева, А.Б. Айтбаева, А.А. Байтурсынова Инклюзивті білім беру негіздері: Оку құралы. - Алматы: ЖК «Балауса» -2016. -320 б.

  2. Инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық орталық (кабинет) қызметін ұйымдастыру: әдістемелік ұсынымдар/ Елисеева И.Г.,Ерсарина А.К.- Алматы: ТП ҰҒПО, 2020. - 26 б.

  3. Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.

  4. Педагогика инклюзивного образования. Под ред. Н.М. Назаровой. Учебник. – Москва. Инфра-М 2019.

  5. Педагогика многообразия: учебное пособие / авт. кол.: О. Грауманн, В. Гребенникова, М. Емельянова, Г. Нестеренко и др.; под общ. ред. Г. Нестеренко; науч. ред. С. Цымбал. – Херсон: ОЛДИПЛЮС, 2016. – 420 с.

  6. Выявление особых образовательных потребностей у школьников с ограниченными возможностями здоровья на уровне основного общего образования / Под ред. Е.Л. Черкасовой, Е.Н. Моргачёвой.– М.: Национальный книжный центр, 2016.

  7. Педагогика и психология инклюзивного образования: учебное пособие / Д.З. Ахметова, З.Г. Нигматов, Т.А. Челнокова, Г.В. Юсупова и др. –Казань: Изд-во «Познание» Института экономики, управления и права, 2013.

  8. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 13 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет