Тесты для вступительного экзамена 6 курс воп каз


Амбулаторлы-емханалық жағдайдағы офтальмология



бет15/17
Дата10.06.2023
өлшемі465 Kb.
#100387
түріТесты
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Амбулаторлы-емханалық жағдайдағы офтальмология

521. Балалар бақшасына баратын 4 жастағы қыз балада жедел вирусты инфекция анықталды.Науқас басталғаннан соң 3 күннен кейін сол көзге,одан бір күннен кейін оң көзге шағымданған.Ата анасы баланы жанұялық дәрігерге әкелген. Объективті: айқын көзден жас ағу,жарыққа қарай алмау,блефароспазм. Кабақ пен көз алмасының конъюнктивасы ісінген,қызарған, нүктелі қанқұйылыстармен, оның бетінде – жабынды тәрізді бөліністер (жеңіл алынады).Қасаң қабықта нүктелі инфильтраттар.Болжама диагноз қойыңыз және өз шешіміңізді түсіндіріңіз.


1.Жедел эпидемиялық конъюнктивит; себебі, конъюнктивада қанқұйылыстар бар
2.Жедел бактериалды конъюнктивит;конъюктивада қызару бар
3.Гонобленнореялық конъюнктивит;себебі қасаң қабық синдромы және бөліністер бар
4.Екі көзде пневмококкты конъюнктивит;себебі конъюктивада жеңіл алынатын жабындылар бар
5.Хламидиялық конъюнктивит;асқынулар бар- қасаң қабық синдромы және кератит.

522. Ер адам 28 жаста.2 жұма бұрын басынан соққы алған.Қазір оң көзінің соңырлығына шағымданады.Сырттай көзде өзгерістер жоқ.Көздің оптикалық орталыры мөлдір.Көз түбінде көру нервісінің дискісі ақшыл түсті,шекарасы анық,қан тамырлары тарылған.Басқа көз түбінде басқа өзгерістер жоқ.Сол көзде - диск қызыл түсті,қан тамырлары,тор қабат өзгермеген.ОҢ көздің көру өткірлігі дұрыс жарық сезгіштікке тең.Сол көздің көру өткірлігі бірге тең. Диагноз қойыңыз.


1.ОД-Жарақаттық нейрооптикопатия
2.ОД -Жарақаттық ишемиялық нейрооптикоопатия
3.ОД-Көру нервісінің жарақаттық екіншілік семуі
4.ОД-Көру нервісінің жарақаттық біріншілік семуі
5.ОД-Көру нервісінің жартылай жарақаттық семуі

523. ЖҰА оң көзінің темір жарықшасымен жарақатталған науқас келді. ЖДА-ға металлдың ұшқынынан оң жақ көзі зақымдануына шағымданды. Объективті: ОД – склераның аралас инъекциясы,көру өткірлігі 0,05. Қасаң қабықта 12 сағатта жара бар. Шатыраш қабықта бөгде зат көрінеді. Алдыңғы камера түбінде 3 мм қан деңгейі бар. Диагноз қойыңыз, өз шешіміңізді түсіндіріңіз.


1.ОД-Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты,себебі қасаң қабықта жара және аралас инъекция бар
2.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты ,себебі қасаң қабықта жара және гифема бар
3.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты ,себебі қасаң қабықта жара және гипопион бар
4.ОД-Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты , себебі шатыраш қабықта бөгде дене бар
5.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты, себебі көздің көру өткірлігі 0,05 дейін төмендеген

524. Жанұялық дәрігерге 35 жастағы ер адам оң көзінен жас ағатынына шағымданып келген.Сырттай қарағанда көз жағынан өзгерістер жоқ.Жас қалтасын басқанда,жас нүктесінен бөліністер жоқ.Колларгол сынамалары теріс.Болжама диагноз қойыңыз және оны дәлелдеңіз.


1.Жас нүктелерінің тарылуы,себебі өзекше және мұрын сынамалары теріс.
2.Жас өзектерінің бітелуі, себебі өзекше және мұрын сынамалары теріс.
3.Созылмалы дакриоаденит,себебі жас нүктелерінен бөліністер жоқ.
4.Созылмалы дакриоцистит,себебі көзден жас ағатына шағымданады.
5.Жас-мұрын өзегінің тарылуы,себебі көзден жас ағатынына шағымданады.

525. Бірнеше күн бұрын қасаң қабықтан беткей бөгде алынған. Оған дейін көзінен жас ағатын. Бір күннен соң жарақат алған көзден жас аға басталады. Тағы бір күннен кейін көзде ауырсыну,көзден жас ағу,қабақтарын аша алмау байқалды. Объек­тивті: көзде перикорнеалды инъекция,қасаң қабықтың ортасында бір қыры көтеріңкі, түбі сары түсті ақау бар. Қасаң қабықтың беті флюоресцейінмен боялады. Шатыраш қабықтың түсі өзгерген,суреті анық емес,алдыңғы камераның түбінде 2 мм ірің деңгейі бар. Жас қалтасын басқанда жас рүктесінен ірің бөлінеді. Диагноз қойыңыз.


1.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы,гипопион,созылмалы дакриоцистит
2.Қасаң қабықтың іріңді жарасы, іріңді дакриоцистит, иридоциклит
3.Қасаң қабықтың іріңді жарасы,іріңді дакриоцистит, іріңді иридоциклит
4.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы,созылмалы дакриоцистит, іріңді иридоциклит
5.Іріңді кератоиридоциклит, созылмалы дакриоцистит




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет