Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері


else  сөзінен кейін ешқашан «әйтпесе» блогы қойылмайды, ол  if



Pdf көрінісі
бет27/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79
Байланысты:
С,С тілінде программалау негіздері

else 
сөзінен кейін ешқашан «әйтпесе» блогы қойылмайды, ол 
if 
операторынан кейін жақшадағы негізгі шарт жалған болғанда ғана 
орындалады.
«Егер» блогы немесе «әйтпесе» блогында бір ғана оператор болса, онда 
фигуралық жақшаларды қоймаса да болады.
Шартты құрғанда логикалық қатынас белгілерін пайдалануға болады:

<
үлкен, кіші 

>= , <=
үлкен немесе тең, кіші немесе тең 

==
тең 

!=
тең емес 
Си тілінде нольге тең емес кез келген сан ақиқат шартты, ал ноль жалған 
шартты білдіреді. Егер «әйтпесе» блогында ештеңе жасау керек болмаса
онда бүкіл «әйтпесе» блогын алып тастап, шартты оператордың қысқаша 
формасы қолдануға болады: 
if (
шарт
) { 


39 
... // 
егер шарт ақиқат болса
 
}
Мысалы, жоғарыда көрсетілген есеп программасын төмендегідей етіп 
жазуға болады: 
#include  
#include  
main() 

float a, b, max; 
printf("a және b енгіз:"); 
scanf ( "%f%f", &a, &b ); 
max = a; 
if ( b > a ) 
max = b; 
printf ( "екі санның үлкені %f", max ); 
getch(); 

«Егер» және «әйтпесе» блоктарында кез келген басқа операторлар
соның ішінде басқа да қабаттасқан шартты операторлар бола алады; мұнда 
else 
операторы алдыңғы жақын
 if - 
ке жатады: 
if ( a > 10 ) 
if ( a > 100 ) 
printf ("Сіздің ақшаңыз өте көп."); 
else 
printf ( "Сізде ақша жеткілікті"); 
else 
printf ("Сіздің ақшаңыз аз"); 
 
3.2 Күрделі шарттар 
 
Қарапайым шарттар бір ғана қатынастан тұрады(үлкен, кіші және т.б.). 
Кейде екі немесе одан да көп қарапайым қатынастар бірігетін шарт жазу 
қажет. Мысалы, кәсіпорын 25-тен 40 дейінгі жастағы қызметкерлерді 
таңдайды. Сонда қарапайым программа төмендегідей болады: 
#include  
#include  
main() { 
int age; 
printf ( "\nЖасыңызды енгізіңіз: " ); 
scanf ( "%d", &age ); 
if ( 25 <= age && age <= 40 ) // күрделі шарт 
printf ("Сіз бізге лайықсыз."); 
else 
printf ("Кешіріңіз, Сіз бізге лайық емессіз."); 


40 
getch(); 

Күрделі шарттар логикалық операциялар белгілері көмегімен бірігетін 
екі немесе бірнеше қарапайым қатынастардан тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет