Тәуекел хан (1582-1898 ж ж)



бет2/3
Дата05.10.2022
өлшемі3,02 Mb.
#41525
1   2   3
Байланысты:
536897 (2)

Есім хан
(1598-1628 жж)
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуекелдің інісі Есім қазақтың көп санды әскерін басқарған, Ташкент, Түркістан аймағын билеген көрнекті сұлтан болды. Cондықтан қазақ әскері мен сұлтандардың көпшілігі Есімнің хан болуын қалаған. Есім ханның басты мақсаты Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекетке айналдыру. Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп сұлтандарға еркіндік билік берді. Тұрсын ханның сенімді тірегі Қатаған руы болды. Есім тұсында Ташкент қаласы Қазақ хандығының құрамына енген.
XVII ғасырдың басында Қазақ хандығын екі хан билеп, елде саяси бытыраңқылық орын алды. Тұрсын Мұхаммед сұлтан (Жалым сұлтанның ұлы) Ташкент қаласында 1613-1614 жылдар шамасында өзін хан етіп жариялады. Есім ханның астанасы – Түркістан болды. Жаркентте – Абақ дара билік жүргізді, Әндіжанда – Абылай сұлтан, Тұрфанда – Әбд-ар Рахым. Есім хан бұл оқиғаға айрықша сабырлық, төзімділік көрсеткен. Есім хан қазақ арасындағы қан төгіске жол бермеу үшін Тұрсын ханды тең дәрежелі әмірші ретінде мойындады. Тұрсын хан тәуелсіздіктің белгісі ретінде ақша шығарды.
Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар: (ХVІ ғ.аяғы- ХVІІІ ғ. басы.)- «Есім ханның ескі жолы» деген сөз Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті. XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі Бұқар жырау Абылай ханға «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кешегі Еңсегей бойлы Ер Есімді де білемін»-деп айтқан.
Есім хан тұсындағы заңдар
  • Бұхар ханы қазақ хандығының бытыраңқылығын пайдаланып, бітім шартты бұзып, қазақ жеріне жорықтар ұйымдастырды (қазақ-бұхар соғысы 1603-1624 жылдар, 20 жылдан аса созылған).
  • Бұхар ханының Қазақ хандығының ішкі жағдайын пайдаланып Ташкент, Сайрам, Андижант қалаларын қайтарып алуды көздеген және қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.
  • Бірінші қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Самарқан маңындағы Айғыржар жерінде болды.
  • Бұхар әскері жеңіледі.
  • 1611 жылы Ташкент түбіндегі ұрыста Имамқұли хан басқарған бұхар әскерін Есім хан жеңеді. Бұхар ханы келісімге келуге мәжбүр болды.
  • Тұрсын 1620-1621 жылдары болған 4-ші, 5-ші, 6-шы қазақ- бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін басқарған.
  • 1627 жылы қазақ-бұхар шайқасында ұтымды соғыс тәсілі Есім ханды жеңіске жеткізді
  • Қазақ-бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі қорғанышты шайқас.
  • Жиырма жылдан астам уақытқа созылған қазақ-бұхар соғысының нәтижесінде Бұхар ханы Имамкул жеңілісті мойындады.
  • Алайда Есім мен Тұрсын арасында қайшылықтар шиеленісе түсті.
  • XVII ғасырдың алғашқы кезінде Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қарым-қатынастар орнады.
  • Қазақ сұлтаны Ескендір ХVІ ғасырда Моғолстанның ішкі-сыртқы істерінде үлкен ықпалды болған. Бұл қатынастар екі хандықтың қарама-қарсы топтары арасында құрылды. Бұл жағдай қазақ хандары арасындағы қайшылықтарды тереңдете түсті.
  • 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады.
  • Осыны пайдаланған Тұрсын хан Түркістанды шауып кетеді.
  • Есім хан бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кесіп Тұрсын ханды жазалады.
  • Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» атанды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет