Тәуекел хан (1582-1898 ж ж)



бет3/3
Дата05.10.2022
өлшемі3,02 Mb.
#41525
1   2   3
Тәуке хан
(1680-1718)
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды.
Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. «Хандық кеңесте» билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Тәуке хан тұсында билердің атқарған рөлі: атқарушы билік, сот билігі. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қатысуымен «Билер кеңесінің» құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды.
Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер: Төле би (Үйсін, Ұлы жүз), Қазыбек би (Арғын, Орта Жүз), Әйтеке би (Кіші Жүз, Алшын).
Төле Әлібекұлы (1663-1756) Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би өз өмірін елінің бірлікте, ынтымақта болуына арнаған.
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағасындағы бір ауылда дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбек би Тайкелтір бимен бірге қалмақ ханына барып, алмастай өткір сөзімен оны жеңіп, малын да, жанын да түгел алып қайтқан.
Әйтеке Бәйдібекұлы (1682-1766) атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Шын есімі – Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
«Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер:
  • Жер дауы.
  • Үй-іші мен бала тәрбиелеу.
  • Ұрлық-қарлық, барымта.
  • Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.
  • Ұлтын жаудан қорғау.
  • Құн дауы.
  • Жесір дауы.
  • «Жеті жарғы» рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті.
  • Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты.
  • «Жеті жарғы» бойынша хан:
  • хандықтың басшысы
  • бас қолбасшы
  • барлық рулардың басшысы және заң шығару құқы мен барлық қазақ қоғамындағы мүшелеріне бұйрық беруге міндетті болды.
  • «Жеті жарғы» бойынша қазақ елінің ру-тайпа басшыларына жүктелген міндет жылына бір рет құрылтайға қатысу.
  • Қарусыз келгендер «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылған.
  • 13 жылға толмағандар мен екіқабат әйелдер кісі өлтіргені үшін «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық жауапқа тартылмады.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
1710 жылы жоңғар шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Хандық жасақтары құрылды. Бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды. Қазақ жасақтары жоңғарларды талқандап, шығысқа қарай ығыстырды. Қазақ хандығындағы ірі шонжарлар арасындағы алауыздық пен енжарлық жаудан қорғану үшін халықты жұмылдыруға кедергі келтіріп отырды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жағдай қайтадан ауырлап кетті.
Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет