Хабаршы. Тарих сериясы. №2 (89). 2018
156
Тәуекел хан және оның 1590-шы жылдардағы Мәуереннахрға жорықтары
қарсы жүргізген күрестері алдын-ала жасалған
екіжақты келісімнің нәтижесінде жүзеге асқан
деуге болады. Мұндай келісім Тәуекел ханның
ордасында болған ирандық елшілік өкілі
мен Иранға жіберілген қазақ елшісі өкілінің
жұмыстарының нәтижесі деп түсінеміз. Тәуекел
хан келісімге сай Мауереннахрға алғашқы
жорығын 1597 жылы II Абдаллах ханның
тірі кезінде жасаса, Аббас шах болса, Бұхара
билеушісі қайтыс болғаннан соң, 1598 жылы
ұйымдастырады. Тәуекел ханның келесі жорығы
1598 жылы II Абдаллах ханның мұрагері
қайтыс болғаннан кейін жасалады. Осылайша,
Тәуекел ханның Мауереннахрдағы шайбанилық
әулеттің билігіне қарсы күресі – оны тек қазақ
тарихындағы ғана емес, сонымен бірге XVI ғасыр
соңында бүкіл Орталық Азия аумағындағы та-
нымал саяси қайраткер деңгейіне дейін көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: