Тәуекел хан және оның 1590-шы жылдардағЫ


Тәуекел ханның 1598 жылғы Мауерен-



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата24.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#96549
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
231-1-487-1-10-20180720

Тәуекел ханның 1598 жылғы Мауерен-
нахрға жорығы мен барысы және оның қазақ 
тарихындағы маңызы
Жоғарыда атап өткеніміздей, Тәуекел ханның 
жорығы 1598 жылы жаз айының соңында Абд 
ал-Мумин ханның қастандықпен өлтірілуінен 
кейін басталады. Бұхара тағында алты ай 
отырған оны жергілікті әмірлер жасырын түрде 
қастандықпен өлтіреді. Бір қызығы, Мұхаммед 
Юсуф Мунши бойынша, Абд ал-Мумин ханға 
қастандық ұйымдастырушылардың басында 
беделді бір қазақ ақсақалы болған. Ол былай деп 
баяндайды: «... Оның (Абд ал-Мумин ханның – 
Б.К.) билігі алты айға созылды. Бұхарлықтардың 
әкесінің қайырымдылығы мен ізгілігіне үйреніп 
қалғанын және өзінің іс-әрекеттеріне наразы бо-
лып, жаман бірдеңе ұйымдастырмақ ойларын 
Абд ал-Мумин білді. Ол бұхарлықтардың ең 
беделді танымал адамдарының көзін жоймақ 
болды. Олар болса оны біліп қойып, жасы-
рын кеңеске жиналды да, өздерінің үлкен істі 
(орындауға) дайын екендіктерін мәлімдеді. 
Жиналғандар ішінде бір ақсақал қазақ бар еді, 
ол былай деді: «Олай істеуге болмайды», – деп, 
орнынан тұрып, жиналысқа қатысушылардың 
әрқайсысының кеудесін кезек-кезек қолымен 
ұстап шықты да, ойымызды жүзеге асыруды 
айтқанда бәріңнің жүректерің қатты соғып 
кетті. Тек екі адамға қарап тұрып: «Сендердің 
жүректерің орнында тұр»,-деді ақсақал. 
Ойластырған істі жүзеге асыру жаңағы екі 
адамға жүктелді» (Семенова, 1956: 69). Сол екі 
адам Абд ал-Мумин ханды өлтіріп, басын кесіп 
алады (Семенова, 1956: 69-70).
Дерек мәліметіндегі есімі белгісіз ақсақал 
қазақтың Тәуекел ханға қаншалықты қатысы 
бар екені беймәлім. Дегенменде, біз 1580-шы 
жылдардың басынан бері Тәуекелдің Мауе-
реннахрда болғанын, Бұхарамен ашық түрде 
де, жасырын түрде де саясат жүргізгенін, 1594 
жылдан бастап басты қарсыласы шайбанилық 
әулет екенін ескере келе, ақсақал қазақтың жай 
адам емес, Тәуекел ханның Бұхара қаласындағы 
сенімді адамдарының бірі деген ойға көңіліміз 
ауады. Және ол адам жалғыз болмаған. «Тарих-и 
аламара-йи Аббаси» мәліметінде II Абдулла 
ханның ең сенімді, әрі белгілі әмірлерінің бірі 
– Абд ул – Уаси би деген әмірдің хан өлімінен 
кейін Тәуекел хан жағына шығып, Абд ал-Мумин 
ханға қастандық ұйымдастырушылардың бірі 
болғандығы және Тәуекел ханды Мауереннахрға 
жорық жасауға шақырғандығы айтылады 
(Велья минов-Зернов, 1864: 351). Осындай 
мәлі мет терге қарап, Тәуекел ханның Мауе-
реннахр қалалары мен оның астанасы Бұхара 
қала сында ықпалының күшті болғандығын 
көреміз. Осы факторлар 1598 жылғы жорықта 
Ташкент, Ахси, Андижан, Самарқанд секілді 
қалалардың қазақтар жағына ұрыссыз өтуінің 
көп себептерінің бірі болса керек. 
Алдыңғы беттерде айтып өткеніміздей, 
Тәуекел ханның 1598 жылғы Мауереннахрға 
соңғы жорығы туралы мәліметтер «Тарих-и 
аламар-йи Аббаси» мен «Тарих-и Кипчаки» 
еңбектерінде біршама жақсы баяндалады. Екі 
деректегі мәліметтерді бір-бірімен толықтыра 
отыра, жорық барысын қарастыралық. 
Тәуекел ханның жорығы жаздың соңғы ай-
ында басталады. Искандер-бек Муншидың 
мәліметтеріне қарап, Тәуекел хан жорыққа жүз 
мыңнан аса әскер шығарған және ол әскердің 
бәрі Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағындағы 
тайпалардан жасақталғанын көреміз (Вельями-
нов-Зернов, 1864: 347-348). Дерек мәліметінде 
Тәуекел хан әскерін автор «Түркістандық және 
«көшпелі өзбектер» тайпаларынан жиналды» 
деп жазады. Бұл жерде «көшпелі өзбектер» 
дегеніміз – Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі 
Дешті Қыпшақ тайпаларының жиынтық ата-
уы, негізінен XV ғасырдың екінші ширегінде 
Әбілқайыр ханның билік құрған жылдары оның 
қол астына қараған тайпаларға қатысты айты-
лады. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін қазақ 
хандарының билігі тараған Дешті Қыпшақтың 
басым бөлігіндегі тайпалардың бәрі қазақтар 
деп атала бастайды. «Көшпелі өзбектер» 
терминін көбінесе сол кезеңдегі парсылық ав-
торлар қолданады. Ал түркістандық тайпалар 


ISSN 1563-0269 Journal of history. №2 (89). 2018
157
Кәрібаев Б.Б.
деп Искандер-бек Мунши Сырдария өзенінің 
орта ағысы бойындағы жартылай отырықшы 
және жартылай көшпелі жергілікті тайпаларды 
айтып отыр. 
Одан әрі Искандер-бек Мунши өз баяндауын 
былайша жалғастырады: « Тәуекел ханның осын-
шама мол әскеріне жергілікті өңірдің тұрғындары 
ешбір қарсылықсыз бағынды. Аз уақыт ішінде 
ол Орта Азияның Ташкент, Ахси, Андижан, 
Самарқан сияқты ірі қалалары мен өңірлерін 
Бұхара аймағының қаласы Мианқалға дейінгі 
жерлерді басып алады. Самарқанда 20 мыңдық 
әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырып, өзі 70-80 
мың әскермен Бұхара алу мақсатымен қалаға бет 
алады. Бұхарада 15000 мыңға жетпейтін әскер 
болғандықтан, Пір-Мұхаммед хан мен әмірлер 
жаумен ашық майданға шықпай, қала бекінісі 
мен мұнараларын күшейтеді. Тәуекел хан 
қалаға жақын келіп, әскері бірнеше бөліктерге 
бөлінеді де, қаланы түгелдей қоршауға алады. 
Бұхарлықтар күн сайын қаланың әр қақпасынан 
қарсыластарына шабуылдар жасап, олардың 
адам санына шығындар келтіріп отырады. Осы-
лайша он бір күн бойы осындай ұрыстар болып 
тұрады. Он екінші күні Бұхарадағы барлық әскер 
қаладан шығып, күннің атысынан күннің ба-
тысына дейін соғысады. Осы күні бұхарлықтар 
жеңіске жетеді. Ал Тәуекел хан шегінуге мәжбүр 
болады. Шегінген әскердің алды Самарқандқа 
жеткенде болған оқиға түгелдей Есім сұлтанға 
баяндалады.
Мұндай хабарды естіген Есім сұлтан ашула-
нып ағасына мынадай сипатта хабар жібереді: 
«Соншама әскермен азғантай ғана Бұхара 
әскерінен жеңіліп, шегіну деген ұят және 
өте қатты ұят нәрсе, егер хан Самарқандқа 
келсе, бұл жақта да Бұхара жақтағыдай 
самарқандықтардың бізге бағынбауы мүмкін. 
Хан шегінісін тоқтатып, кері оралсын, мен 
оған өз әскеріммен қосыламын». Тәуекел 
хан інісінің кеңесін құп алады да, қайтадан 
Бұхараға бет алады. Көп ұзамай оған Есім 
сұлтан келіп қосылады. Бұхараға да Бал-
хтан көмекке күш келіп жетеді. Екі жақтың 
әскері Мианқалдың Ұзынсақал деген жерінде 
кездесіп, ұрысты бастап кетеді. Шайқастар 
қайта жалғасып, бір айдай уақытқа созылады. 
Соғысушы екі жақ түпкілікті жеңіске жете ал-
майды. Осындай бір сәтте Тәуекел хан әскерді 
өзі бастап ұрысқа түседі. Қарсыластар жағынан 
көп әскер шығынға ұшырап, бұхарлықтардың 
ең беделді және танымал адамдары қаза таба-
ды. Осы шайқаста Тәуекел ханның өзі де ауыр 
жарақат алады. Хан жараланғаннан кейін қазақ 
әскерлері Ташкентке оралады. Ал көп ұзамай 
Тәуекел хан қайтыс болады (Вельяминов-Зер-
нов, 1864: 350-351). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет