Тәуекел хан және оның 1590-шы жылдардағЫ



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата24.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#96549
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
231-1-487-1-10-20180720

Қорытынды
Енді Тәуекел ханның жорықтарының 
қорытындысы жөнінде ойларымызды түйіндейік.
Біріншіден, Тәуекел ханның қарастырып 
отырған жылдардағы Мауереннахрға жорығы-
ның нәтижелі аяқталуы, ең алдыменен сол 
тұстағы қазақ қоғамында және билеуші әулет 
өкілдері арасында қалыптасқан саяси тұрақ-
тылықтың арқасында жүзеге асқан дейміз. Осы 
бағытта Тәуекел хан жүргізген саясат оның жеке 
басындағы ұйымдастырушылық қабілеттерінің 
жоғары деңгейде және аз уақытта қазақ ханының 
соншама көп әскер жинауы оның беделінің зор 
болғандығын көрсетеді.
Екіншіден, Мауереннахр билеушілерімен 
күреске дайындық барысында Тәуекел хан 
Орыс мемлекетімен, Иран шахымен елшілік 
қатынастар мен байланыстар жасап, Еуразия 
мен Орталық Азия аумақтарына танымал тұлға 
ретінде белгілі болады.
Үшіншіден, Тәуекел хан жорығының нәти-
желі аяқталуы қазақ халқының этникалық 
аумағының қалыптасуында зор маңызға ие бол-
ды. XV ғасырдың 70-ші жылдарының басында 
басталған бұл үдеріс ұзақ уақытқа созылып, XVI 
ғасыр соңында қазақ халқы үшін сәтті аяқталады. 
Жорықтың нәтижесінде Түркістан мен Таш-
кент аймақтары Қазақ хандығының құрамына 
енгізіледі. Ташкент қаласы мен аймағы екі ғасыр 
бойы Қазақ хандығының құрамында болады.
Мақала «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» 
мақсатты бағдарламасы аясында орындалды. 
Әдебиеттер
Абусеитова М.Х. (1985) Казахское ханство во второй половине XVI века. Алма-Ата: Наука, 104 с.
Абусеитова М.Х. (1981) Из истории казахско-среднеазиатских отношений: события 1598-1599 годов. Алма-Ата: 
«Наука» КазССР, 192 с.
Вельяминов-Зернов В.В. (1864) Иследование о Касимовских царях и царевичах. Ч.2. Санкт-Петербург, 498 с.


Хабаршы. Тарих сериясы. №2 (89). 2018
158
Тәуекел хан және оның 1590-шы жылдардағы Мәуереннахрға жорықтары 
Гафуров Б.Г. (1989) Таджики. кн. II. – Душанбе: Ирфон.
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. (1961) (Сборник материалов и документов). Издательство Академии 
Наук Казахской ССР. Алма-Ата
Кәрібаев Б. (2015) Қазақ хандығының күшеюі (XV ғ. соңғы –XVI ғ. алғашқы ширектері). Алматы: «Сардар» баспа үйі, 
176 б.
Корсакова В. (1916) Звенигородский, Андрей Дмитриевич //Русский биографический словарь : в 25 томах. Жабокритский-
Зяловский. Петроград, 588 с.
Мухаммед – Юсуф Мунши. (1956) Муким-ханская история. Перевод с таджикского, предисловие, примечание и 
указатели профессора А. А. Семенова. ИВ АН УзССР. Ташкент.
Тарих-и Кипчаки. (1969) // Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков (Извлечения из персидских и 
тюркских сочинений) / Сост.: С.К.Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А.Пищулина, В.П. Юдин. Алма-Ата, 652 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет