9
УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ
Тамыры тереңге бойлаған оқу орда-
сынан қырықтан астам мамандықтар
бойынша он мыңға жуық студенттер
білім алып,еліміздің білім,ғылым сала-
сына өзіндік үлестерін қосып жатқанын
ерекше ілтипатпен айта аламыз.
Осы оқу ордасын осыдан жиырма жыл бұрын
бітірген студенттер, бүгінгі таңда егеменді
еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеуде өз
үлесін қосып жүрген мамандар 2013 жылдың
17 мамырында бір кездері өздері білім алған
оқу орнында ұстаздармен кездесу кешін
ұйымдастырды. Кешке Атырау педагогика
институтының тарих филология факультетіне
1988 жылы түсіп,аталған институттың қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 1993
жылы бітіріп шыққан 55, 56-топ түлектері
қатынасты. Кездесуге келген түлектер өз ара-
ларынан бітіріп шыққан қырық бес түлектің
ішінен екі филология ғылымдарының канди-
даты, үш магистр, мектеп басшылары мен
олардың орынбасарлары, финансист, жеке
кәсіпкерлер және ұстаздардың нәтижелі
еңбек етіп жатқанын мақтанышпен атап өтті.
Бір кезде дәріс берген, ақыл - кеңесін айтып,
өмірден өз орнын табуға жол сілтеген, қазір
арамызда жоқ, өмірден озып кеткен ұстаздар,
п.ғ.к., профессор Сабыр Қазыбайұлы, ф.ғ.к.,
профессор Құсекен Шәукенов, аға оқытушы
Жұбат Жантасов, ф.ғ.к., доцент Сәндібек
Ғұбайдуллин, п.ғ.д., профессор Қадыржан
Сейталиев, п.ғ.к., доцент Мағрифа Ораше-
ваны, сонымен бірге группаластары Бақыт
Мойнақовты бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кешке қатынасқан университеттің әлеуметтік
сұрақтар және тәрбие ісі жөніндегі прорек-
торы А.Ахмет , ф.ғ.д., профессор, Қ.Жүсіп,
ф.ғ.к., профессор А.Садықова, ардагер
ұстаз Рахимаш Әбішова, ф.ғ.к., кафедра
меңгерушісі Ж.Абдрахманова, факультет
деканы, т.ғ.к., Гулфайруз Қайырғалиева, до-
цент Жұмазия Махимова бұрынғы түлектері
туралы естеліктерін айтты. Ұстаздар атынан
Қадыр Өтегенұлы:
Қош,төрге,асыл қанат қырандарым,
Басталған өздеріңмен бір арманым.
Қосыла үндеріңе шырқап едім,
Елімнің егеменді ұрандарын.
Кеттіңдер шартарапқа қанаттанып,
Жігерді қайрап күшке, талаптанып.
Білемін,бағдарларың - сағым емес,
Асулар болды қайтар санаттанып.
Сенемін мен сендерге, шәкірттерім,
Әрқайсың - маған гауһар, жаһұт керім.
Сағына өздеріңді жүрсін аңсап,
Ұсынып әшекейлі уақыт төрін!- деп, өз
шәкірттеріне жырдан шашу шашып, өлеңдер
жинағын сыйға тартса, А.Тәжіғалиқызы уни-
верситет қабырғасынан шығатын «Универ-
ситет» газеті мен оқу орны туралы өздері
даярлаған бейнетаспаны келген шәкірттерге
ұсынды. І курс пен ІІІ курс студенттері кезде-
суге келген түлектерге жырдан шашу шашты.
Кеш соңында түлектер З.Қабдол атындағы
ғылыми-зерттеу орталығында, оқу-телерадио
орталығында болып, университеттің қазіргі
жетістіктерімен танысып, Х.Досмұхамедов
ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Түлектер
мен шәкірттер арасындағы сағыныш үмітін
жалғаған әсерлі кеш көптің есінде ұзақ уақыт
қалары даусыз...
Тамара Хамитова,
Атырау қаласындағы, Ж.Қаражігітов
атындағы №16 орта мектептің жоғары
санатты мұғалімі, университет түлегі
Вот и пролетели четыре, как в
начале казалось долгих, года об-
учения в университете. И вот уже
сданы экзамены и зачетные книж-
ки и даже студенческие билеты,
которые стали такими родными за
это время. И ранним утром будет
непривычно просыпаться и не
собирать сумку с лекционными
тетрадями.
Теперь многое будет совсем по – другому,
по взрослому. Когда мы заканчивали школу,
нам говорили, что вот и началась ваша взрос-
лая жизнь, но оказалось всё совсем наобо-
рот. В университет мы пришли всё теми же
детьми, несмышлеными и чересчур амбици-
озными. И с каждым годом росли, взрослели,
развивались. И снова всё сначала и до кон-
ца. Золотая студенческая пора. Она и правда
была для нас золотой, несмотря на все не-
взгоды. Многое было за это время – воспоми-
нания полнятся переживаниями, волнением,
восторгом, радостью, разочарованиями. Но
оглянувшись назад, пересмотрев всё это
счастливое время юности, можно сказать
лишь огромное спасибо! Огромную благо-
дарность хочется высказать во – первых,
людям, которые основали этот университет,
и позволили нам получить образование, не
улетая из родного гнезда. Конечно же хочет-
ся поблагодарить наших дорогих, любимых
и незаменимых преподавателей. Людей, ко-
торые обучили нас профессии. Научили мно-
гим полезным вещам, воспитали в нас новые,
хорошие качества. Спасибо Вам! И низкий
Вам поклон за ваш великий и тяжёлый труд!
От всего сердца желаем Вам крепкого здо-
ровья, долгих лет жизни, семейного счастья
и карьерного роста! Вы навсегда останетесь
в нашем сердце! Мы искренне обещаем не-
сти честь нашего университета, прославлять
и чтить его. И уверенно скажем, что станем
отличными специалистами, конкурентноспо-
собными на рынке труда, достойными звания
учителей!
Екатерина Каткова,
выпускница факультета мировых
языков специальности Иностранный
язык: два иностранных языка.
Біздің де білім ошағымыз әлдилеп, аялап маман болуға дайындаған түлектерімен
қоштасқалы отыр. Қай жерде оқысаң да, қай жерде қызмет етсең де қоғамдық
жұмыстарға белсене қатысу міндет екені сөзсіз. Мен оқып жатқан қара шаңырақта
да қоғамдық жұмыстар жиі болып тұрады.
Бізде «Университет» атты газет шығады. Онда да
көп студенттер тілшілік қызмет атқарады. Солардың
бірі – биылғы жылғы түлектер, газетіміздің меншікті
тілшілері – Айтенова Ақерке Серікқалиқызы болса,
екіншісі Ахметова Ақбота Болатқызы. Екеуі 7 жылдан бері груп-
палас, адал достар екендігін Ақерке өз сөзінде айтқан болатын.
Енді мен осы екі дос туралы жеке – жеке тоқталсам деймін.
Айтенова Ақерке Серікқалиқызы – Атырау облысы Махам-
бет ауданы Алмалы селосында дүниеге келген. 9 – сыныпты
бітіргеннен кейін 2006 жылы Каспий өңірінің қазіргі замандағы
колледжісіне оқуға түседі. Ақерке мектеп қабырғасынан-
ақ «Мөлдір бұлақ», «Ұлан», «Ақ желкен», «Атырау» сынды
баспасөз беттерінде өз мақалаларын жариялады. Өзі білім
алған оқу орнында тілші қыз «Жауқазын» тілшілері үйірмесінде
болған. Сонымен бірге мектепте оқып жүріп-ақ айтыстарға
қатысып, ақындық қырымен де танылған. 2007 жылы өлеңдер
топтамасы жарық көрді.
Ерекше айта кетеріміз, Ақерке ақын М.Әлімбаевтың Алғыс
хатына ие болған екен.
Ал, Ахметова Ақбота Болатқызы – Атырау қаласының
СМП – 36 мөлтек ауданында дүниеге келген. Ол да
9-сыныпты аяқтағаннан соң, 2006 жылы Каспий өңірінің
қазіргі замандағы колледжісіне оқуға түсіп, оны үздік
аяқтап, білімін одан әрі жетілдіру мақсатында 2010 жылы
осы оқу орнына Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
оқуға келеді. Ақбота да Ақерке секілді мектеп қабырғасынан
түрлі тақырыпта мақалалар жазып, сол жазғандары «Атырау»,
«Ақ Желкен», «Ақ Жайық» басылымдарында жарық көрді.
Қаламынан алуан түрлі мақалалар тудырып, ерекше көзге түсе
білді.
Екеуінің ұқсас қасиеті – мінездері. Мен осы екі құрбымен
биыл ғана таныстым. Алғашқы сөйлесуден-ақ олардың бой-
ында адамгершілік, кішіпейілділік қасиеттердің басым екенін
аңғардым. Сөз соңында, Әлия мен Мәншүктей елдің қызы
болыңдар демекпін. Қаламдарың қарымды, достықтарың тау
суындай мөлдір болып, биіктерден көрініңдер, қаламгер арулар!
Ұлан Иманғалиев,
«Университет» газетінің меншікті тілшісі.
Жыл сайын бұл оқу орны
бірнеше жас жеткіншектердің
қанатын қатайтып, өмір
деген алыс сапарға жол-
дама
береді.
Олардың
көбі еліміздің, алыс-жақын
шетелдердің
түкпір-
түкпірінде абыройлы қызмет
атқаруда. Ілім жолындағы
асқақ арманын жиып келген
талай жасты қара шаңырақ
құшақ жая қарсы алып, озық
тәжірибе мен ғылымның
биігін бағындырған білікті
ұстаздар білім нәрімен су-
сындатуда.
Мен,
Қақпанбаева
Нұрайна, «Педагогика және
психология» мамандығының
ІІ курс магистрантымын. Уни-
верситетте білім алған жыл-
дары бізге білгір ұстаздар
дәріс берді. Атап айтар бол-
сам, п.ғ.д Ш.Джанзакова,
п.ғ.к Г.Шугаева, психо-
логия
ғ.к.
Ж.Сабирова,
п.ғ.к Ғ.Базарғалиев, п.ғ.д.
А.Мұхамеджанова,
п.ғ.к.
Н.Жұмашева сияқты өз
ісінің мамандары. Бірінші
курста біз халықаралық
дәрежеде
тәжірибеден
өттік. Ресейдің Астрахань
қаласындағы
Астрахань
мемлекеттік университетінде
өз білімімізді шыңдап, ғылым
докторлары мен кандидатта-
рынан дәріс алдық, тәжірибе
алмастық.
Бізді білім нәрімен су-
сындатып,
жанымызды
жақсылыққа баулыған уни-
верситет ұстаздарына ба-
сымды иемін. Ұстаздық
жолындағы
өлшеусіз
еңбектеріңіз шығармашылық
ізденіске толы болсын!
Нұрайна Қақпанбаева,
магистратура түлегі – 2013
ЖИЫРМА ЖЫЛДАН
КЕЙІНГІ КЕЗДЕСУ
Білім мен ғылым орталығы
ПРОЩАЛЬНЫЙ ЛАСКОВЫЙ
«ПРИВЕТ»!
БОЛАШАҚҚА ҚАНАТ ҚАҚТЫРМАҚ
Бүгінде Қазақстанның қарқынды дамуында айрықша
орын алып, қомақты үлес қосып отырған өлкенің
бірі – Атырау өңірі. Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті Атырау облысының
ғылыми-интеллектуалдық дамуында өзіндік орны бар
білім мен ғылымның орталығы болып табылады.
10
ОТАН ҚОРҒАУШЫ
Қобылан Бақытжанұлы Сүгірәлиев:
Мен– Алаш ұрпағы, елімнің арқа сүйер азаматымын.
Менің өмірге келуімнің өзі бір орны ерекше қуаныш деп ой-
лаймын. Шыр етіп дүние есігін ашып, ата – анама, ағайын
туысқандарыма қуаныш
сыйлағаныммен қатар
бір нақты міндеттер
жүктеп
бергендеймін.
Менің болашақта елін,
халқын сүйетін, үлкенді
сыйлап,
кішіге
ізет
көрсететін, ең бастысы
туған Отанының намы-
сын қорғайтын ер аза-
мат етіп тәрбиелеу ата
– анамның пешенесіне
жазылғандай. «Отанды
сүю отбасынан баста-
лады», – деген қазақ
тағылымдары
бар.
Сондықтан Отанды сүю
ең алдымен ата – анаңа,
бауырларыңа деген қамқорлығыңнан көрінеді.
Қазіргі жас жігіттердің ойы жеңіл. Сондықтан әркімнің
айтқанына сеніп, әркімнің айдауында кетіп жатыр. Осы се-
бептен нашақорлық пайда болады деп ойлаймын. Қазіргі
жастарымыздың өз дінін сатып, өзге дінге бет бұрып
жатқандары қаншама?! Бұрын өз дініне деген сүйіспеншілігін
ақындарымыз өлеңдеріне арқау еткен. Сондай өлеңнің бірі
есіме түсіп отыр:
Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт – шыт болды қайдан бүгін.
Құбылаға бет алып, қол қусырып,
Сәждеге бас қоятын қайда күнім.
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін...
Я Аллах
Жаратушы жалғыз Ием!
Медет бер, жапандағы жалғыз үй ем!
Хал сұрар, жәй түсінер бір пенде жоқ.
Жүрегі жүн, ойым опат, жанды жүйем.
Аллах-ақиқат...
Аллаға сеніп өтем,
Арамдыққа баспаймын жолы бөтен!
Осы өлеңнен атамыздың өз дінін сүйетіні әсем де айқын
суреттелген. Жастарымыздың да жүрегінде иманы басым
болып, дінін қастерлеп жүретініне сенім білдіремін.
Құралбай Әбдімұратұлы Жұмат:
Мен әжемнің қолында
тәрбиелендім.
Әжем
мені сабырлы, тәрбиелі,
болуға ғана емес, рухани
жағынан да жетілдірді.
Ерте кезден-ақ ата-
бабамыз дүниеге пер-
зент келсе қадірлеп,
қастерлеп,
аңыз-
әңгімелерін,
өсиетін
айтып,
тәрбиелеп,
салт- дәстүрді үйретіп
отырған. Сол заманның
жігіттерінің батыр, на-
мысшыл, ұлтшыл сияқты
қасиеттері жетерлік.
Қазір біз тәуелсіздігімізді
алып,егемен ел болдық.
Ата – бабамыз мұндай сәтті армандап өтті. Халқымыз
бақытты өмір кешуде. XX ғасыр – білім мен ғылымның
кезеңі. Қазіргі жастар үшін барлық жағдай жасалған.
«Есектің жүгі азайған сайын жатаған болады», – демекші,
жігіттеріміз босаңсып кетті. Жігіттеріміздің қалай жүргенін
көрудесіздер. Күндіз темекі аузынан түспейтін, ал түн
болса клубтан шықпайтын, шөлмек ұстап жүргендер бізді
қынжылтуда. Бұл – адам өмірін құртатын зиянды нәрселер.
Осыны қолданған жігіттерден қандай дені сау ұрпақ
шықпақ?
Қазір ауылда ақыл, насихат, өсиет айтатын ақсақал
жоқ. Жігіттерімізге «әй дейтін әже,қой дейтін қожа» жоқ.
Олардың әңгімелері жұтаң, боқтық сөздер араласқан. Не
ана тілімізге, не өзгеге құрмет жоқ. Бүгінгі күні білімі мен
тәрбиесі жарасқан жігіттер азшылық. Алпауыт елдермен
сайысқа түсу үшін білім қажет. Қазақтың жігіттері салт-
дәстүрін, наным – сенімдерін тарихымызды бағалай білсе
деймін. Қазақ қазақтығымызды әлемге паш етуіміз керек!
Қазақ жігіттеріне айтарым, ұлттық ерекшелігімізді сақтап
қалсақ дер едім.
Смайыл Мауленұлы Намазов:
Тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл өтті. Жылдан
– жылға жаңа технологиялар даму үстінде. Қазақстан да
көрші елдерден қалмай елімізді озық технологиялармен
қамсыздандыруда. Ал еліміздің жаһандану үдерісіндегі
өзекті мәселелері:
• тіл
• тәрбие
1731 жылы қазақ көшпенділері Ресей империясына
қосылғаннан кейін қазақ жастарына орыс тілі үйретіле
бастады. Кеңес үкіметі кезеңінде жаппай орыстандыру
бағдарламасы алға қойылды. Ал қазір біз тәуелсіздігімізді
қайтардық, қазақ деген атымызды қайтардық, ақын-
жазушыларымыздың атын ақтадық, бірақ, өкінішке орай,
тілімізді қайтара алмадық. Қазір бәріміз де орысша сай-
раймыз, кейбіреулеріміздің ойлау жүйесі де орысша. Қазіргі
әйелдер де, ерлер де жұмыс жасайды, ал балаларын
балабақшаға тастап кетеді. Тәрбиені оларға балабақшада
да береді, бірақ ең бастысы ата-анасын құрметтеу, Отанын
сүюді бала тек қана әке-шешесінен үйренеді.
Мен – қазақ жігітімін және жаһандану үдерісінде тілін,
дінін, салт – дәстүрін сүйетін, ата – анасын құрметтейтін
болашақ ұрпақты тәрбиелеп,оларға өзімдегі бар жақсы
қасиетті көрсететін, батыр, екі сөйлемейтін, қайратты, өз
дегенінен қайтпайтын, елдің сыйлысы, бір сөзбен айтқанда,
Азамат деген атқа кір келтірмейтін адам болуым керек!
Алтынбек Маратұлы Қоразбаев:
Мен жігітпін,
Қайғы ойлаған жігітпін.
Оты аз менде,
Жарқылдаған үміттің
Құлай тұра секіріппін
тастардан,
Құлай тұра мырс етіп
мен күліппін, –
дегендей
тағдырдың
тезіне төзімді, жігеріме
құм
құйылмайтын,
қиындыққа мойымайтын,
саналы ұрпақ тәрбиелей
алатын ұлт азаматы-
мын. Қазіргі жігіттердің
іс – әрекетінде, мінез –
құлқында әдептілікке жат-
пайтын, салмақтылыққа
сыйыспайтын, қадір –
қасиетке құйыспайтын әдеттер жиі кездеседі.
Бақпен атқан патшадан,
Мимен атқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
Мұның, мысалы, қазіргі аузы дуалы қарттардың жас
жеткіншектерге берген кері тәрбиесі. Есебінен жаңылмайтын
небір жігіттер өздеріне қолайлы, жайлы тұрмыстың қалай
жасалғанын, оны қандай еңбекпен тапқанын да ойға да ал-
майды. Қазіргі жігіттердің бір парасы дайын асқа тік қасық
болатын, ырду-дырдуды, шалқыған өмірді мұрат ететіні бе-
сенеден белгілі. Тіпті кейбіреулері кісілік қасиеттен, абырой-
дан жұрдай десем жаңылғаным емес.
Қазіргі таңда өзіміз куә болып жүрген кейбір жайттар
қынжылтады. Уәдеге тұру, сыртқы келбетін ер азаматқа
лайықтап ұстау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық
рухты бойына сіңіру сияқты керемет қасиеттер жігіттердің
бойынан табылып жатуы екіталай. Қазіргі жігіттер өздерін
жігітке тән мінезді рухпен ерекшелесе, нұр үстіне нұр болар
еді!
Амангелді Жеңісұлы Жұмабаев:
Ел азаматымен сый-
лы. «Елдің атын ер
шығарады» деген халық
ұлдарына сенім артқан.
Келешектің иесі кемел
болуы үшін тәрбие тала-
бы да биік болғаны абзал.
Азаматқа жүктелер міндет
тұрғысынан ер жігіттің
қандай болу керектігі ту-
ралы халықтық талғамға
сай былай анықталған:
кескін-келбеті,
қадір-
қасиеті, қабілет икемі. Со-
нымен қатар бабалары-
мыз ер жігіттің басынан
«алты асыл қасиет», «үш
асыл мінез» және «ажырамас үш серік» табылуын талап
еткен және ер жігітке тән қасиеттерді былайша бейнелейді:
Зерде-зейіні болсын тылсым сырды ұға алатын,
Өнер өрісі болсын өмірден әперер сыбағасын.
Тапқырлық,талап,ерлігі болсын дұшпанға найза сұға
алатын,
Жігер күші болсын аяқтан шалғанды жыға алатын.
Қайрат қаруы болсын қиындықта сыналатын,
Білімі болсын биікке бастап шыға алатын. Бұлар ер
жігіттің басындағы 6 асыл қасиет делінеді.
Қазіргі кезде елімізде жастардың саны 5 миллионға жуық
екен.Олардың 3 миллиондайы экономикалық тұрғыдан
белсенді жастарды құрайды. Осы сандардың өзінен
жастардың қандай зор әлеуметтік күш екенін көруге бола-
ды. Біз болашақта осы жастар құрамына қосылуға тиіспіз
деп ойлаймын.
Назар Хұсайынұлы Үттібаев:
Ежелгі Грекиядағы спарталықтар айтқандай «Нағыз
қорған-еркектер». Ата-бабамыз өз перзентіне сәби кезінде-
ақ бал шырынды сөз құдіретімен тәрбие беріп, ән-жырдың
әлдиіне бөлеген. Ел қорғайтын азамат болуын көксеген.
Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерімен, ке-
лешек ел қожасы жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне
тікелей байланысты. Ендеше сапалы да сәулелі, салауат-
ты да ұтымды халқымыздың арғы-бергі дәстүріне де, әлем
мәдениетіне қанық, ел тізгінін уысына ұстай білетін ұл бо-
луымыз керек дегім келеді. Әр адамға жүктелген міндеттер:
ата-анасын бағу, үй салу, тал отырғызу, бала тәрбиелеу
болып саналады. Осы міндеттерді болашақта орындауға
тырысамын. Қазақ жігіттері жан-жақты болыңдар, алға
ұмтылыңдар! Өз кәсіптеріңнің шебері болыңдар және ата-
тектеріңді еш уақытта ұмытпаңдар!
Cөз соңында айтарымыз,
студенттеріміз аталмыш тақырып
бойынша өзіндік пікірлерін білдіріп
отыр. Осы пікір алысудан, қадірлі
оқырман сіз де бей-жай қалмассыз деп
ойлаймыз. Ащы да болса ақиқатын
білдіріп, жүрекжарды пікіріңізбен
ортақтасыңыз, ағайын!
Материалды жинақтаған:
Жұмабике Шаңқанова, Ұлмекен Шаукенова,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
ІІ курс студенттері
Жақында тарих – филология факультетінің тарих және қазақ тілі
мен әдебиеті мамандықтарының студенттері арасында «Мен –
қазақ жігітімін! Жаһандану үдерісінде қандай болуым керек?» атты
тақырыпта сыр – сұхбат өткізілді. Сан тарау сұраққа жауап іздеп,
оқырмандарға ой салу мақсатында жігіттер арасында қоғамдық пікір
туғыза ма деген ниетпен студенттеріміздің пікірін ұсынып отырмыз.
11
ФАКУЛЬТЕТ ТЫНЫСЫ
Ақнұр Қамитова,
география мамандығының 205 топ студенті
Қазақтың қара шаңырағынан табылатын сыр
сандықтың кілтін ашсаң, ішінен әжең жинап кет-
кен мол дүниенің соңына жете алмайсың, ал білім
сол мол дүние – мүліктен де артық, таусылмай-
тын, сарқылмайтын қазына екені бәрімізге де һақ.
«Тегінде адам баласы бір – бірінен ақыл, ғылым, ар
деген нәрселермен озады. Одан басқаларынан оз-
дым демектің бәрі де «ақымақшылдық», шынында
да солай. Бірақ қазіргі кезде білімнің құндылығын
түсінетіндер азайып бара жатыр. Білімді ақшаға
сатып алу басым болып бара жатқандай. Сырттай
бөлімде оқып, одан қала берді жалған бестікке
толтырылған қызыл дипломды миллион теңгеге
сатып алған сауатсыз мамандар бүгінде талай
төрде сайраңдап, шегірткенің күйін кешіп жүр,
қоғамға тигізер пайдасы да жоқ, «жаңбырдан кейінгі
саңырауқұлақтар» секілді. Әттең дейсің, қолдан
келер шара бар ма, өздері ұғынбаса қайтерсің!
Парақорлық білімді де жаулап алды бұл заманда.
Бұлай бола берсе 50 елдің қатарына қосыламыз
деген мақсат жай ғана арман боп қала бермек.
Бәрін бірдей білімсіз деп айта алмаймын. Егемен
елімізді өркениетке бастайтын білімді жастарымыз
да баршылық. Бүгінгі дөңгеленген дүниедегі, ауы-
зын айға білеген, дамыған мемлекеттердің өзгені
таң қылатын құпиясының кілті – осы білім саласы-
на ерекше көңіл бөліп, барынша байыпты жағдай
жасауында болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда
ақпараттық технологиялардың өміріміздің ең
қозғаушы күшіне айналғандығын баса айтуымыз
керек. Дегенмен компьютер – электрондық са-
уаты асып тұрғанымен ұлттық рухы, ділі, сезімі
жоқ болса, ертең өз ұлтын жарылқай қояды деу
бекершілік. Сондықтан алдағы уақытта ақылды
зерек, ұлттық рухы жоғары жастарды ел басқару
ісіне арнайы дайындасақ ұтарымыз көп болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: