Айдар Сабыров,
Университет баспасөз хат-
шысы.
Қазақстан Республикасы
көркемсурет Академиясының
батыс аймақтық бөлімшесі
Атырауда ашылған бо-
латын. Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік
университетінде осы бөлімше
көркемсурет көрмесін
ұйымдастырды.
Көрмеге жергілікті суретшілердің
кескіндеме шығармалары және
қолөнер бұйымдары қойылды.
Алматыдағы ҚР көркемсурет
Академиясының вице – президенті
Ермұхан Жүнісханұлы келген са-
парында арнайы сурет студиясыy
ашу туралы университет ректо-
ры Бейбіт Мамраевқа ұсынысын
білдірген еді. Соның нәтижесінде
бейнелеу өнері және дизайн
кафедрасының оқытушыларына ар-
найы шығармашылықпен айналы-
сатын орталық жасалды.
Атырау облысы суретшілерінің
көпшілігі – аталған академияның
мүшелері. Бұл студияда компо-
зитор, публицист – жазушы Илья
Жақановтың да майлы бояумен
салынған төрт суреті қойылған.
Соңғы
жылдары
қылқаламды
қолынан тастамаған композитордың
бүгінде түрлі тақырыптағы 40 – тан
астам картинасы бар.
Көрменің ашылуына жергілікті
суретшілер мен қоғам қайраткерлері
келді. «Гүлмаржан» сән үйінің
директоры, облыстық Махамбет
атындағы қазақ драма театрының
бас суретшісі Гүлмаржан Махам-
бет: «Илья аға жасының үлкендігіне
қарамастан өте елгезек адам.
Қашанда шығармашылық адамда-
рын бір орталыққа жұмылдырып
жүреді. Суретші Қамбарбек Аманов
екеуміз академияның бөлімшесін
ашу үшін Илья ағамызға көмектесіп,
ұсыныстарымызды айтып, негізін
қаладық. Кәсіби жоғары білімді
өнер адамдарының бәрі де
бұл академияның бөлімшесіне
тіркеле алады. Бұл орталық
суретшілердің шығармаларын та-
нытып қана қоймайды, көпшілікке
шығармашылық арқылы ерекше
эстетикалық ләззат сыйлайды», -
деді.
ҚР көркемсурет Академиясының
мүше-корреспонденті,
бейнелеу
өнері және дизайн кафедрасының
меңгерушісі Нұрлан Бермағамбеттің
айтуынша, Атыраудағы көркемсурет
Академиясының филиалы алдағы
уақытта суретшілермен қатар, тарих-
шылар, археологтердің қатысуымен
жасалған жобалар туған өлкеміздің
өткен күндерін зерттеуіне де үлкен
қолдау көрсететін болады.
Құрамында
суретшілер,
та-
рихшылар,
археологтар
және
өнертанушылар
бар
бөлімше
алты секцияда, атап айтқанда,
түркология, этнология, археология,
архитектура, дизайн, бейнелеу өнері
бағытында жұмыс жасайды.
Бұл жолғы архитектура, ди-
зайн, бейнелеу өнері бойынша
К.Жапалованың «Өрнектер», «Са-
яхат», О.Кендірдің «Дала әуені»,
Г.Махамбеттің «Қараша қаздар
қайтқанда», «Сенім патшалығы»
спектаклінен көріністер бейнелеген
суреттері көпшілікке ұсынылды.
Нұргүл Ысмағұлова,
облыстық «Атырау» газетінің
меншікті тілшісі, университеттің
2012 жылғы түлегі
Этнограф – ғалымдар қазақтың
ұлттық ойындарының қай –
қайсысы болмасын, жай ермек
үшін ойдан шығарылмаған деген
тұжырым айтады. Мен де осыған
қосыламын, ұлттық ойындар
баланың тек денсаулығын
нығайтып ғана қоймай, оған
ұлттық тәрбие беруде де үлкен рөл
атқарады. Сондықтан да халқымыз
ойынды тәрбие құралы деп
таныған.
Мәселен, қазақтың ұлттық ойын-
дары – «Бәйге», «Көкпар», «Алтын
сақа», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ»,
балалардың еңбекке деген ынтасы
мен қабілетін арттырады, қай нәрседе
де, қандай жағдайда да жетістікке же-
туге ұмтылдырады. Біріншіден, бала
ата – баба тарихынан хабардар бола-
ды, екіншіден, батылдыққа бейім бола-
ды, үшіншіден, қиындыққа төзе білгіш,
шыдамдылығы шыңдалады, төртіншіден,
ойындағы өлеңдер арқылы бала
бабаларының бай ауыз әдебиетінің бір
ұшығынан болса да хабардар болады.
Бір ойын шеберлік пен ептілікке,
екіншісі талғампаздыққа, ал, енді бірі
қиын – қыстау кезеңде тез шешім
қабылдап, оңтайлы жол таба білуге ба-
улиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан
спорт пен патриоттық тәрбие айқын
аңғарылады. Бүгінде балабақша, мектеп
қабырғасында балаларға ұлттық ойын-
дар ойнатып, ұлттық құндылықтармен
сусындатуымызға еш кедергі жоқ.
Себебі, ойынды сабақта қолдану
оқушылардың ой – өрісін жетілдірумен
бірге, өз халқының асыл мұраларын
бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе
білу құралы. Сонымен қатар, ұлттық
ойындар көше кезіп, бұзақылық пен
нашақорлыққа бой ұрған, ішімдікке салы-
нып, санасын улап жүрген жастарға да
тәрбие көзі болары анық.
Қазақ халқының тарихи көне жыр-
лары мен лиро-эпостарының қай –
қайсысынан да ұлттық ойындардың
түрлерін кездестіреміз. Жырдың негізгі
кейіпкері болып отырған ел қорғаушы ба-
тыр, жауынгер, мерген, әділетті төренің
де бала кезі ойын үстінде көрінеді.
Ойын арқылы бойындағы табиғи да-
рынын
шыңдап,
қалыптастырады.
Сондықтан, ұлттық ойындарымызды
ұмыт қалдырмайық дегім келеді. Өйткені,
халық ойындары – халықтық тәрбиенің
басты құралы. Ал, өскелең ұрпаққа
ұлттық тәрбие беру баршамыздың
міндетіміз деп білген жөн.
Ұлан Өтешқалиұлы,
тарих – филоло-
гия факультетінің І курс студенті
Сұм соғыс көздің жасын құрғатпаған,
Отан үшін көз жұмды майданда атам.
Нар көтермес қайғыны ер көтерген,
Ерлік жайлы мен енді жыр ақтарам.
Жас - кәрі қиындыққа шыдап жүрді,
Аналар түні бойы жылап жүрді.
Жатса, тұрса тәңірге жалбарынып,
Тек соғыссыз өмірді сұрап жүрді.
Нұркен мен Абдолламыз отқа оранды,
Мәскеуді Бауыржандар нық қорғады.
Маншүк, Әлия, Хиуаздай батыр қыздар,
Қан майданда ерлерден кем болмады.
Рақымсыз соғыстың күні бітті,
Рейхстагқа Рақымжан туын тікті.
Еуропаны құлдықтан азат етіп,
Қуанышпен еліме жеңіс жетті.
21жыл егемен ел болғаныма,
Елбасы айналды ер қорғанына.
Жеңімпаз ерлер ісі ұмытылмайды.
Желбіреп көк байрағым тұрғанында.
Нұргүл Рамазанова,
журналистика мамандығының
I курс студенті
ОҚУ ЖЫЛЫН ОЛЖАЛЫ АЯҚТАҒАН ҒАЛЫМ
Суреттер әлемінің ғажайып сыры
Ұлттық ойындар ұмытылмаса игі
Мен өзімді жүремін жайлы сезінбей,
Жүрегімнің қалауына көмілмей
Жаным менің өлеңдерді қалайды,
Өмірімнің бір бөлшегі өлеңдей.
Шек қоямын өз – өзіме бағынып,
Сонда-дағы жүрек тағы сағынып.
Еркімсіз – ақ, байқамаймын сезбеймін,
Қайта сия бір ақ бетте жағылып.
Алаңсыз отырамын сонда ғана,
Өмірімнің бөлшегі өлең болғаны ма?
Қолыма қалам алмай кетсем егер,
Жүрегімнің гүлінің солғаны ма?
Бірақ, неге қаламымды ала – алмай-
мын,
Өлеңсіз мен бейшара болғандаймын.
Көкейімде тұнып тұрған сырларды,
Өлеңменен ақ парақта жырлаймын.
Жырла жүрек жырлаудан тек
жалықпа,
Өмірімнің қиынына налыма.
Қиындық та мәңгі емес өлшеулі,
Жүрегіңді тыңдауды тек ұмытпа.
Жүректерді балқытар тек өлеңім,
Өлеңменен көтерілер көңілім.
Жалғыз қалып жүрегіме құлақ сап,
Әрқашан да тыңдап оны жүремін.
Қалай берсін мына өлеңді көңілім,
Жүрегімнің қалауына көндіктім,
Бір бөлшегі өмірімнің өлеңіндей,
Өлеңменен өтсін – дағы өмірім.
Сәулет Ғапуова,
бейнелеу өнер және сызу
мамандығының ІІ курс студенті
Өмірімнің бір бөлшегі өлеңдей
Сұм соғыс көздің жасын құрғатпаған