Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси тұрғыдан жаңа белеске



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата03.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6129
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жиенбай Бақи,                                              

 тарих ғылымдарының кандидаты, 

профессор

Қадір тұтар азамат еді

Ибат Қамешұлымен менің таныстығым 1973 жылы басталып 

еді. Содан бері, міне, 40 жыл өтіпті.

Сұрапыл соғыс кезінде дүниеге келіп, ауылда қарапайым жанұяда 

туып-өсіп, өзінің еті тірілігінің арқасында зор беделге ие болды.

Ибат  Қамешұлы  –  өзінің  бар  өмірін  білім  беру  ісі  мен  ұрпақ 

тәрбиесіне  арнаған  азамат.  Өзі  оқыған  Гурьев  педагогикалық  ин-

ститутында  қарапайым    лаборанттан  бастап  проректорға  дейінгі 

жолдан өтті. Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, комсомол, пар-

тия ұйымдарының хатшысы болды. Ол кезде қоғамдық жұмыс адам 

еңбегі  көрсеткішінің  құрамдас  бөлігі  болып  есептелетін  еді.  Бұл 

тұрғыдан алғанда Ибат Қамешұлына тең келетін адам болған жоқ. 

Студенттерге, жас мұғалімдерге үнемі қамқорлық жасап жүретін.  

Мен  –  өмірінің  аяғына  дейін  Ибат  Қамешұлымен  аға–іні,  дос–

жолдас  болған  азаматтардың  бірімін.  Ибекеңде  дос  көп  болды, 

мен  сол  көптің  бірі  болғанымды  мақтан  етемін.  Біз  жанұямызбен 

араластық, қарттарымызды көре қалдық, Ибат Қамешұлының бүкіл 

ағайындарымен  сыйлас  болдық,  бір  –  біріміздің  отбасымыздағы 

қуаныш – қайғыларды бірге бөлістік. Өз басым жалғыз ілікті болып 

өскеннен бе білмеймін, әйтеуір ең бірінші Ибекеңмен ақылдасатынмын. 

Ол қай жұмысқа да бел шешіп, білегін сыбанып кірісіп кететін. Өмірлік 

жары Сәбила, балалары да өзіне сай болды, қашан барсаң да қабағы 

ашық, дастарханы жаюлы, құшақ жая қарсы алады. Ибекеңнің менен 

де жақын дос – жолдастары көп болды, әлі де бар, бірақ бір жерде 

қызмет істегеннен кейін өмірдің көп соқпақтарынан бірге өттік. Оның 

қажыр – қайраты кімді болса да таң қалдыратын еді. Өмір мен ғылым 

жолында қанша қиындықтар кездессе де мойымады, жол тауып жеңе 

білді. Сонысымен бізге үлгі көрсетті. Өткенге көз жібере, ой тастай 

қарасақ, Ибекең біздің арқа сүйер тірегіміз бола білген екен.  

Ардақты азамат, ұлағатты ұстаз Ибат Қамешұлының есімі әрқашан 

ұмытылмайды. 

Алдар Сарсенов,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Әріптес аға туралы

Уақыт шіркіннің зымырауын-ай! Ибат ағамыз арамыздан күні кеше 

ғана  кеткен  сияқты.  Тірі  болса  ол  кісі  де  70-тің  «жалына»  шығады 

екен. Ибекең маған әлі де жап-жас сыйпатымен елестейді.

Ибат  Камешұлымен  70-жылдардың  басында  ол  кездегі 

педагогикалық  институттың  «Дүние  жүзі  тарихы»  кафедрасына 

жұмысқа келген кезімнен бастап әріптес болдым. Ағалы-інідей ара-

ласып, сыйластық.

Ол  азаматтың  факультет  және  институт  ауқымындағы  орны 

ерекше  еді.  Академик  Зейнолла  Қабдолов  ағамыз  айтқандай,  «Өз 

уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялап» өткен, жастардың сеніміне 

енген  жан  еді.  Ал,  сенім  адамдардың  арасында  оңайшылықпен 

орнықпайтындығы белгілі.

Жастарды  ұйымдастырып,  факультеттің  қоғамдық-көпшілік 

жұмыстарында өте белсенді еңбек еткендіктен Ибат ағамыз ұжымда 

абыройлы, елге танымал, ортада сыйлы болды.

Көп  жылдары  бойы  тарих  –  филология  факультетінің  бастау-

ыш  партия  ұйымын  басқарды.  Мен  кәсіподақ  ұйымының  жұмысын 

жүргіздім. Бірлескен абыройлы жұмысымызды Ибекеңнің «кенеттен» 

келгендей  болған  өмірден  өтуі  үзді.  Онымен  қоян-қолтық  еңбек  ет-

кен  ағаларымыз,  ұстаздарымыз  көпке  дейін  ұмытпай,  әлі  де  кей 

жағдайларда еске алып отырады.

Құрметті әріптес, абыройлы азамат, бір әулеттің жанашыры Ибат 

Қамешұлының  жарқын  бейнесі  ұзақ  жылдар  есімізде  қалатынына 

сенімдімін.

Артындағы ұрпақтарын әкенің, атаның рухы қолдап, әкеге лайық 

ұл болсын деген тілек бар.

Жеңісбек Мұстафин, т.ғ.к., 

тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының доценті         

ОНЫҢ ӨМІРЛІК ӨНЕГЕСІ

/Ибат Қамешұлы туралы тебіреніс/

Сокурсник. Друг. Коллега

В этом году исполняется 70 лет со дня рождения Камешева Ибат 

Камешевича. Короткую, всего 50 лет, но яркую жизнь он прожил. Уди-

вительная личность, студенческий заводила, активист, отличный ор-

ганизатор, специалист высшего класса, педагог и методист, ученый, 

человек  требовательный  к  себе  и  людям  –  все  это  характеризует 

Ибата Камешевича.  

Познакомились  мы  с  ним  во  времия  учебы  на  историко  –  фило-

логическом факультете, были сокурсниками – он учился в группе с 

казахским языком обучения, я – с русским. 30 лет прожили мы с ним 

рука об руку, душа в душу. 

Вместе мы участвовали в общественной жизни факультета и ин-

ститута,  субботниках  и  воскресниках,  студенческом  научном  обще-

стве, спортивных соревнованиях. 

В 1969 году мы окончили институт и были оставлены работать на 

кафедре  всемирной  истории,  в  один  день  были  избраны  на  долж-

ность старшего преподавателя. В 1974 году оба мы были направле-

ны в аспирантуру, он в КазГУ им С.М.Кирова, я в КазПИ им. Абая. В 

1977 году после – успешного окончания аспирантуры мы вернулись 

на родную кафедру всемирной  истории. Ну а затем началось вос-

хождение по служебной лестнице. Оба мы стали проректорами – он 

по заочному обучению, я по учебно – методичечиской работе. Вот так 

и пролетели 30 лет. 

Ибат Камешович пользовался большими авторитетом среди пре-

подавателей и студентов. Студенты его боготворили. Они шли к нему 

со своими проблемами и поделиться радостью. Всех студентов фа-

культета он знал по имени. Он всегда был  инициатором проведения 

студенческих мероприятий. 

Среди преподавателей он был человеком, высокоэрудированным, 

добропорядочным, требовательным к себе и людям, готовым прийти 

на помощь любому кто в ней нуждался. 

Ибат Камешович принимал активное участие в жизни города и об-

ласти. 

Однако тяжелая болезнь вырвала из наших рядов Ибата Камешо-



вича. Но память о замечательном человеке  на всю жизнь осталось 

в наших сердцах. 

Его именем названа одна из улиц города Атырау.

Анатолий Блохин,

кандидат исторических наук, профессор 

Тірілер өлім қайғысын 

қайғырушылар дейді ғой 

Ибатжанның аяқтары өмірдің 

үзеңгісінен ерте шығып кетіп, сол 

Ибат мінген өмір атының иесінсіз 

кетіп бара жатқанына 19 жылдан 

асып кетіпті. Сол ат жайдақ бол-

май үстінде болмысына сай өзі 

отырса, 70–ке келген мерей тойын 

бірге тойлар едік–дағы. 

Біздің ол іні мен аға болып қалыптасуымыз 

сонау 1961 жылдан бастаған еді. Сол жылы 

армия  қатарынан  келген  бір  топ  жігіттер 

Гурьев  педагогикалық  институтына  оқуға 

түскенбіз.  Жасынан  алғыр,  спортқа  бейім, 

қолындағы  барын  жолдастарына  бөліп 

беретін,  мырзақол  жігітпен  бірден  пікіріміз 

жарасып, дос болып да кеттік. 

Кейін  Ибат  армия  қатарына  алы-

нып,  міндетін  атқарып  келгеннен  кейін 

оқуын  Әнес  екеуі  бірге  факультетте  (та-

рих)  жалғастырды.  Сол  кездің  өзінде 

бұл  жігіттердің  ұйымдастыру  қабілеттері 

жоғары  екенін  институт  басшылары 

байқап  Әнес  Бисенов    институттың  комсо-

мол  комитетін  басқарса,  Ибат  Қамешов 

кәсіподақ комитетін басқарды. 

Институтты бітіргеннен кейін Ибат тарих 

факультетінде  оқытушы  болып  25  жыл-

дан  аса  еңбек  етті.  Соның  15  жылындай 

уақыт  факультеттің,  институттың,  кейін 

университеттің  басшылық  жұмыстарында 

болды.  Қай  жұмыста  болмасын  ол  шын 

ниетімен, уақытпен санаспай беріліп істеуші 

еді. 


Студенттер  оны  қатты  сыйлап,  жақсы 

көретін. Сол кездерде «Студенттік көктем» 

фестивалі  өткізілуші  еді.  Факультет 

өнерпаздарының  фестивальға  дайындығы 

кезінде күні – түні басы-қасында жүретін. 

 

Ол жастарды ғылымға баулыды, олар-



ды жалықпай өмірге тәрбиеледі, білім берді. 

Олардың  көпшілігі  қазір  облысымызға, 

елімізге белгілі азаматтар. Бұл–оның адал 

еңбегінің,  қалдырған  мұрасының  бір  ғана 

бөлігі. 

Біздер,  бір  топ  әріптестері,  әрі  жастық 

шағымыз бір мезгілде өткен достар болдық 

және сол достар бір – бірімізді Ибат арқылы 

тауып әлі күнге дейін бірге өмір белестерінен 

өтіп  келеміз.  Ол  досқа  ақ  көңіл,  кіршіксіз 

таза, шынайы дос – іні болды. Әр уақытта 

дос  іздеді,  оны  облысымыздан  ғана  емес, 

қазақстанның түпкір – түпкірінен таба білді, 

қадірлей білді. 

Ибат  өмірден  ерте  кетті.  Көретін  көп 

қызығын  көре  алмай,  бітіретін  істерін 

бітіре алмай кетті. 50 жылдық мерей тойын 

өткізгеннен  кейін  айналдырған  ауру  алмай 

қоймады.  «Адам  боп  келдім  өмірге,  адам 

боп  кетсем  өмірден»,  –  деп  Ж.Кәрменов 

айтқандай  тілек  Ибатта  да  болса  ке-

рек.  Оның  бұл  тілегі  орындалды  деп 

білемін, соған мен тірі кезінде куә болдым. 

Қандай  жағдайда  да    сыйластығымызды, 

достығымызды асыл қазынамыздай сақтай 

білдік. Сол сыйластық енді ұрпағымызға да-

рысын деймін.  

Мәди Наубетжанов, 

физика және техникалық пәндер 

кафедрасының профессоры 

Мен ағамызбен бірге жұмыстас 

болмағандықтан ол кісінің іскерлігін, 

ұстаздық кезеңіндегі және басшы 

ретіндегі жақсы жақтарын толық біле 

бермеймін, сондықтан тек өзімнің 

көргенім мен білгендерімді ғана еске 

алғым келеді.  

Ибат  ағамыз  ерекше  адам  болатын,  бүкіл 

дүниесімен, 

жүріс-тұрысымен, 

мінезімен, 

кісімен  қарым-қатынасы  тұрғысынан  алғанда 

да  басқаларда  кездесе  бермейтін  өзіндік 

қасиеттері  болатын.  Сөйлеп  кеткенде  кісіге 

дес бермейтін шешендік жақтары да мол еді. 

Ағамыздың  ұйымдастырушылық  қабілеттері 

өзгеге  ұқсамайтын,  кез  келген  мәселеге  ба-

рынша ынта қойып, зор ықыласпен орындауға 

тырысатын.  Қандайда  бір  қиын  шара  бол-

масын,  аз  ғана  уақыттың  ішінде  өздерінің 

оң  шешімдерін  тауып  жататын.  Ол  жағынан 

қарағанда  қазіргі  кездегі  алғыр  деген 

бизнесмендердің өздері оның қолына су құюға 

ғана жарар еді. 

Ибекең  ашық,  тік  мінезді,  өтірік-өсекті 

білмейтін, не де болса ойлағанын кісінің бетіне 

айтатын,  сондай-ақ  кең  пейілді,  қайырымды, 

бауырмал,  ақ  көңіл  жан  еді.  Бір  кісіні  жақсы 

көрсе, оны өмір бойы сыйлап өтті, ол десе жа-

нын  беруге  дайын  тұратын.  Достарына  адал 

болды, мені іні деп қатты сыйлайтын, мен де 

соған лайықты қарым-қатынас жасауға тыры-

сып  бақтым.  Біз,  әсіресе,  1974-1977  жылдар 

арасында  Алматыда  өте  тығыз  байланыста 

болдық,  бір-бірімізді  жақсы  таныдық,  жақсы 

жолдас  болдық  десем  де  артық  болмас.  Ол 

кезде  ағамыз  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік  университетінде  аспиранту-

рада  оқыды.  Ол  достарды  да  таңдай  білді. 

Сол  достарының  бірі  кезінде  аспирантурада 

Ибекеңмен  бірге  оқыған  Тұяқбай  Рысбеков 

көп  жылдар  бойы  М.Өтемісов  атындағы  Ба-

тыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде 

ректор болып қызмет атқарды, Қазақстан Ре-

спубликасы Сенатының депутаты Ғарифолла 

Есім  осы  күнге  дейін  кездескен  кездерімізде 

Ибат жөнінде тамаша естеліктер айтып, оның 

үлкен  азамат  болғанын  ерекше  ілтипатпен 

еске алады. 

Кісімен  қарым-қатынаста  адамгершілікті, 

адалдықты 

өте 


жоғары 

бағалады. 

Сондықтан да Ибат Камешұлы өзіне ғана тән 

даралығымен,  сол  асыл  қасиеттерімен  біздің 



есімізде мәңгі қалды. 

Кенжебай Есенғалиев,

Ұлттық қауыпсіздік комитеті және 

Қарулы күштерінің ардагері       

ДОСТЫҚҚА АДАЛ, АҚПЕЙІЛДІ АЗАМАТ

АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ТҰЛҒА

/Ибат Қамешов хақында/

Өмірге жарқ етіп келіп, найзағайдай 

жарқ етіп өте шығатын, бұтағынан 

үзілген гүлдей тым ерте солып қалатын, 

бірақ сол аз ғана өмірінің өзі мәңгі 

сөнбейтін жарық жұлдыздай жарқырап 

тұратын адамдар адамзат тарихының 

әр кезеңдерінде де болған ғой. Олар 

қоғамға, халқына барынша адал қызмет 

атқарып, соңғы демі таусылғанша 

жарқын болашақ үшін аянбай, өмірін 

сарп етеді. Ондай тұлғалардың кейінгі 

ұрпаққа қалдырған үлесі көп болады, 

арман–қиялы одан да зор келеді. Осын-

дай асқақ арман иесі болған, мейірімсіз 

ажал ғұмырын мезгілсіз жұлып әкеткен 

адамның бірі – Ибат Қамешұлы еді. 

Кейде Ибат құдіреттің аз ғана ғұмырды 

көп нәрсе тындыру дегеннің не екенін 

мынау жұмыр басты пенделерге 

дәлелдей беру үшін жіберілген елшісі 

секілді көрінеді. 

8

УНИВЕРСИТЕТ  ТҮЛЕГІ

Жылдың көші жылдарменен алмасып, 

Ат орынын құлындар мен тай басып. 

Мамандыққа бүгін қадам бастыңдар, 

Жақсылыққа тәтті үміттер жалғасып. 

Көңілімде орын алды – қимастық, 

Түлектер тұр армандарын сырлас қып.

Болашаққа бастап берер керуенін,

Алаулаған, жалындаған  дүр Жастық. 

Талма, ұмтыл арманыңның шыңына,

Ұстазға бас иген небір ұлы да.

Жүрегіңнен мәңгілікке сөнбесін,

Білім – ордаң құйған нұрлы шұғыла 

Бақыт тілеп түлеп ұшқан ұл – қызға,

Еңбек еткін, кеуде соғып бос қызба!

Өз еліңнің мақтанына айналып,

Ту тігіңдер аспандағы Жұлдызға! 

Ұлан Өтешқалиұлы, 

қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының І курс студенті

Әрбір  оқушы мектеп қабырғасынан білім алып шыққаннан кейін 

жоғарғы оқу орнының студенті болуды армандайды. Еліне адал 

қызмет етер сапалы маман болуда әрбір студент үшін жоғарғы 

оқу орнының маңызы зор. Бакалаврлық деңгейде білім алғаннан 

кейін магистрлік деңгейдегі білімге қол жеткізсем деген арман кез 

келген студентті жетелейтіні белгілі. Мен де осы мақсат жетегінде 

жүріп 2012 жылы университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

мамандығының І курс магистранты болып қабылдандым. Қазіргі 

таңда аталған мамандықтың ІІ курс магистрантымын. Білімімізді 

одан әрі жетілдіру барысында ұстаздарымыз аянбай еңбек етуде. 

Ғылыми  тұрғыдан  білімімізді 

көтеру барысында шетелге шығып, 

өзге 


ел 

университтеттерімен 

тәжірибе 

алмасу 


мақсатында 

2013  жылдың  мамыр  айының 

13-ші  жұлдызында  университет 

ректорының бұйрығына сәйкес, бір 

топ магистрант Астрахань қаласына 

аттандық. 

Университетіміздің 

магистратура 

бөлімі 

керек 


құжаттарымызды 

дайындап, 

жолға  шығарып  салды.  Астра-

хань  мемлекеттік  университетінің  

«Халықаралық 

байланыстар» 

бөлімінің 

қызметкерлері 

бізді 

күтіп  алып,  университетке  әкелді. 



Бөлім  бастығы  Аскармахмудо-

ва  Любовь  Амангалиевна  ыстық 

ықыласпен қарсы алып, универси-

тет ішіне қажетті құжаттарымызды 

дайындап,    шетел    қонақтарына 

арналған  №1-ші  жатақханаға  ор-

наластырды.  Жатақхана  іші  кең, 

ғаламтормен  қамтамасыз  етілген, 

жұмыс жасауға өте ыңғайлы. Осы-

дан  кейін  магистранттарға  жина-

лыс  өткізіліп,  факультет  декан-

дарымен  таныстырылды.    Мен 

мамандығыма сай филология және 

журналистика    факультетінің    де-

канымен  университет  ішін  аралап, 

таныстым.    Факультет  деканының 

шақыруымен 

университет 

студенттерінің  дайындаған  шағын 

би кешін тамашаладық.

  Келесі  күні    жеке  жұмыс  жоспа-

рымыз  бен  арнайы  дәріс  кестесі 

жасақталды.  Ғылыми  жетекші 

ретінде  ф.ғ.д.  Геннадий  Григо-

риевич  Исаев    алғашқы  лекци-

ясында    біздің  диссертациялық 

зерттеу  тақырыбымызға  сәйкес 

«социалистік  реализм»  терминінің 

қалай  пайда  болғандығы  және 

прозада  қашаннан  бастап  көрініс 

тапқандығы  туралы  біраз  ақпарат 

берді.  Лекция  кафедрада  өтті. 

Орыс  әдебиеті  кафедрасының 

меңгерушісі Г.Г.Исаев пен бірге ка-

федра мұғалімдері де осы терминнің 

орыс  әдебиетіндегі  қолданысы 

туралы  кеңінен  сөз  қозғай  оты-

рып,  қазақ  әдебиетінде  осы  әдіс 

кездесетін  прозалық  шығармалар 

бойынша 


сұрақтар 

қойды. 


Диссертациялық    жұмысымыз 

аяқталып  тұрғандығына  байла-

нысты, 

зерттеу 


барысындағы 

Ә.Сәрсенбаев, 

Ғ.Мұстафин, 

С.Бақбергенов, Ә.Нұрпейісовтердің 

еңбектеріне жеке - жеке тоқталуды 

жөн  көрдім.  Сондай-ақ,  орыс 

әдебиетінің 

шығармаларымен 

ұқсастығын, 

реализм 


әдісінің 

қолданысын  талқыладық.  Кафе-

дра  мұғалімдерінің  оқыған  лекци-

ясында  кездескен  тың  материал-

дарды  қағазға  түсіріп  отырдым, 

менің  айтқан  материалдарымның 

ішіндегі  қажет  жерлерін  олар 

да  жазып  алып  отырды.  Негізгі 

қаралған тақырыптар «Социалистік 

реализмнің  дамуы»,  «Терминнің 

пайда 

болуы», 


«Модернизм 

әдісінің дамуы», «Диссертациялық 

жұмыстың жазылуы» болды. 

Мамырдың  16-сы  күні  уни-

верситет  ректоры  акт  залында 

Қазақстаннан  келген  магистрант-

тарды  қабылдады.  Университет 

проректорлары  мен  факультет  де-

кандары  сөз  сөйледі.  Біздің  маги-

странттар да өз ойларын білдірді.

 Кафедра меңгерушісі, Астрахань 

университеті  ғылыми  журналының 

бас  редакторы,  ф.ғ.д.  Г.Г.Исаев 

ғылыми жетекшім Балтоғаева Жай-

лы  Елепқызын  ғылыми  бірлестікте 

жұмыс  жасауға  шақыра  отырып, 

ғылыми  журналын  сыйға  тар-

тып,  жыл  сайын  өтетін  ғылыми 

конференцияға 

мақаламызды 

күтетіндігін  айтты.    Сонымен 

қатар,  жаз  айларында  Астрахань 

университетінің  «Орыс  әдебиеті» 

кафедрасымен 

бірге 

ғылыми 


жұмыс  тақырыбымыз  аясында 

талқылаулар жүргізуге шақырды. 

Тағылымдама  барысында  өзім 

жоспарлап  барған,  яғни  болашақ 

ғылыми  жұмысыма  тың  деректер 

мен  маңызды  материалдар  жинай 

алдым.  Қажетті  ақпараттарға  ка-

федра  оқытушыларымен  пікірлесу 

барысында  қол жеткіздім. 

Алдағы  уақыттарда  универ-

ситетімізде  магистранттар  білімін 

көтеру  мақсатындағы  осындай 

тағылымдамалар  жалғасын  таба 

берсе екен деймін.

                          

 Индира Момынова,  

қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының ІІ курс 

магистранты

Зымыраған  уақыт  еш  толассыз  сырғып, 

төрт  жыл  көзді    ашып  –  жұмғанша  өте 

шықты.  Күні  кеше  сияқты  еді,  алғаш 

университет  студенті  атанып,  жаңа 

ортаға  тосырқай  қараумен  бірінші  кур-

сты  тәмәмдағанымыз.  Ол  кезде,  алда  әлі 

қызығы мен шыжығы мол бақандай үш жыл 

бар деп арқаны кеңге салыппыз. Енді, міне, 

қара  шаңырақтан  түлеп  ұшқалы  отыр-

мыз. Есте қаларлықтай ерке күндер ерек-

ше  естеліктерімізбен  біз  білім  алған  оқу 

орнының  тылсым  қабырғаларына  жазы-

лып қалғандай. Ол біздің жүрегімізде мәңгі 

сақталмақ.  Сол  күндерде  елу  жылдай 

көрінетін  елу    минутқа  бүгінде  қимастық 

басым.  Ұстаздар  қауымының  жөні  тіптен 

бөлек.  Әрқайсысы  өздеріне  тән  қадір  – 

қасиетімен  бізге  үлгі  бола  білді,  бағыт 

–  бағдар  сілтеп,  тағылым  алар  тәрбиелі 

маман  болуға  талпындырды,  талпын-

дырып  қана  қоймай  көп  еңбегін  аямады. 

Аяулы  оқытушыларыма  айтар  алғысым 

шексіз  менің!  Оқу  ордасында  алған  білімімізді  өмірде  игі  мақсаттарға  қолданып, 

мамандығымыздың хас шебері атанып, тіл тағдырына алаңдайтын ұрпақ ретінде, 

білікті тұлға болып танылатынымызға сенімдімін.



Сұхбат алған Әйгерім Түсіпқалиева, 

«Университет» газетінің тілшісі

Ұстаз  –  қай  заманда  да  киелі 

ұғым,  ең  ұлы  құрмет  иесі.  Шығыс 

даналығында  «Ұстаз  да  диқан 

сияқты.  Әр  адамның  жанына  білім 

дәнін себеді» деген ұлағатты сөз бар. 

Бұл  мәңгілік  ұлағаттың,  сарқылмас 

руханияттың  дәні.  Кемел  келешек 

пен  бақытты  болашақтың  кілті  білім 

мен  ғылымда.  Бұл  жолдың  бастау-

шысы – Ұстаз. Мектеп  қабырғасынан 

қанат    қағып,  үлкен    өмірдің    бас  – 

аяғын  біле  алмай, жылы  сөйлегенді  

жақсыға  балап,қиялға  еріп  алысқа  

қарап,  жүрек    қалауымен    білім  

алуға  келген  біздерді  Әлем  тілдері  

факультетінің    ұстаздар    ұжымы  4 

жыл  ішінде  азамат  етіп  тәрбиелеп,  

заман талабына  сай  білім  берді.

Ұстаздарымыз 

бізді, 

ізгілік 


пен 

адамгершілікке 

баулы-

ды,  табандылықпен  еңбек  етіп, 



алдымызға  биік  мақсаттар  қоюды 

үйретіп,  білім      тұңғиығынан   

нәр        алдырды.  Өмірдің    жаңа  

баспалдағына  жол  салған  факуль-

тет  ұстаздарына  қоғамдық   өмірге  

белсенді      араласуға    жетелеген 

тәлімгерлерге    ерекше    ықыласпен  

алғыс  айтамыз.

Біз,  жастар,  білім  ордасының 

мерейін  биік  көтеріп,  барлық  

ұстаздарымыздың  сенімін  ақтаймыз. 

Болашақта    осы    ұстаздарымыз  

секілді    шәкірт    тәрбиелеп,    ел  

болашағын  көркейтуге  кірпіш  болып  

қаланамыз.

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз – мақтан  бізге, ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Сіздерді  біз мәңгі үлгі тұтамыз!

Амангүл Жұмағалиева,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет