Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел тұғыры



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі362,35 Kb.
#10188

Тілектес ЕСПОЛОВ, 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры

ҚР ҰҒА вице-президенті, 

академик 

Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел тұғыры 

Жаңа даму жолына түскен мемлекетіміз үшін Тәуелсіздік күні қасиетті мереке. 

Тәуелсіздік – барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Бұл мереке 

мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің, ұлттық келбеті мен абырой-беделінің, азат 

рухының нышаны болып табылады.  Біздің ата-бабаларымыз егемен ел болуды сан ғасыр 

армандаған еді. Сол арманға бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздіктің арқасында 

іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді. 

Ұлан-ғайыр даламыздағы ұлт пен ұлысты бір мақсатқа тоғыстыратын Тәуелсіз еліміздің 

іргесін қалап, береке-ынтымағымыздың тірегіне айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев Қазақстан халқын кемел болашаққа бастаушы Кемеңгер тұлға ретінде, аз ғана 

уақыт ішінде елімізді әлемдегі беделді мемлекеттер қатарына қосып, ел мәртебесін 

асқақтатты. Астанадай айбарлы Елордасын асқақтатып, көгінде көкбайрағын желбіретіп, 

есімін әлемге паш етіп отырған бүгінгі Қазақстан тамырлы тарихынан нәр ала отырып, 

өзінің жаңа деңгейдегі дамуының даңғыл жолына түсіп, ертеңгі болашағына қарыштап 

қадам жасап барады. Елордасы – Астананың әлемнің таңдаулы бас қалалары қатарынан 

бой көрсетуіне негіз болған Елбасымыз Арқа төсіне Ақ Ордасын тігіп, Тәуелсіз 

Қазақстанды әлем елдерімен тең дәрежеге жеткізу жолында да сарабдалдық танытуда. 

 

«Мәңгілік ел» мұратына «Нұрлы жолмен» жетуді мақсат еткен егемен еліміздің әрбір 



азаматы Тәуелсіздіктің бастауында тұрған Ұлт көшбасшысын мақтан тұтып, зор сенім 

артады. Бүгінгі күні республикамыз жаңа деңгейге көтеріліп, халықтың әл-ауқаты мен ел 

экономикасын, өнер мен мәдениетін, білім мен ғылымды өркендету арқылы барлық 

салаларды инновациялық бағытта дамыту үстінде. Бұл ретте Президент анықтап берген 

жаңа талаптарды жүзеге асыру – әрбір қазақстандық азаматтың парызы. 

Елбасы Қазақстан қоғамының негізгі салаларын эволюциялық жаңарту саясатының 

авторы ретінде ел дамуының басты кепілі екені даусыз. Болып жатқан өзгерістер мен 

жаңалықтар Президенттің басшылығымен және тікелей араласуымен іске асырылуда. 

Осындай дұрыс, және ғылыми негізделген басшылық шешімдер мен ықпалдың 

нәтижесінде ғана Қазақстан қарыштап дамып, аз ғана тарихи мерзімде әлемдегі бәсекеге 

қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылып үлгерді. Дегенмен, уақыт бір орында 

тұрмайды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында межеленген ендігі міндеттер одан да биік 

болмақ. Индустриалды қоғамнан ел постиндустриалдық қоғамға өтуі тиіс. Бұл қоғамның 

өмір салтының рухани фундаменті қазақ ұлтының құндылықтары және жалпыадамзаттық 

гуманитарлық құндылықтар болмақ. Сол себепті, алдағы мақсат - адам өміріне қолайлы, 

оның еңбек етуіне, білім алуына, рухани дамуына және дамуына ыңғайлы қоғам құрып, 

стратегиялық бағытымызды барынша дамыту. 

Бүгінгі күні өзгерген әлеммен бірге Қазақстан да жаңару үстінде. Сондықтан, Елбасы 

Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап жаңарту, жаңғырту саясатын басшылыққа 

алды. Еліміз эволюциялық реформалар нәтижесінде әлемдік стандарттар деңгейіндегі 

нарықтық экономика жасауға қол жеткізді. Нарықтық модернизация саясаты экономиканы 

өркендетудің қайнар көзіне айналды. Соның арқасында XX ғасырдың аяғында әлемдік 



көштің соңында тұрған Қазақстан алға қарай пәрменді жылжуға қол жеткізді. Енді 

әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену міндеттері шешіле бастады. Жер шарындағы 

220 мемлекеттер арасында осындай даму көрсеткіштеріне ие болған елдер 10-шақты ғана. 

Экономикалық өрлеу нәтижесінде еліміз саясатта, әлеуметтік салада, білім мен 

мәдениетте әлемдік қауымдастықтан өзінің орнын алды. Қазір Қазақстан барлық елдер 

есептесетін әлемдегі беделді мемлекеттердің бірі. Реформалар мемлекет үшін емес, халық 

үшін жасалынды. Бірінші кезекте, ел халқының материалдық әл-ауқаты жақсарды. 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының материалдық байлықтарының 16 есеге 

өскені осы жетістіктердің айқын дәлелі. 

Қазіргі кезде еліміз Кедендік одақтың мүшесі ретінде жаңа экономикалық кеңістіктегі өз 

орнын нақтылап алды. Ендігі қадам - Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру. Бұған қоса Қазақ-

станның алдындағы меженің бірі – EXPO-2017 Халықаралық көрмесін абыроймен өткізу. 

Жасыл экономиканың дамуына серпін бергелі отырған бұл көрме болашақта 

республикамызға мол инвестиция тартылуына айтарлықтай септігін тигізері сөзсіз. Бұл 

біздің әлемдік қауымдастық алдында экономикалық әлеуетіміздің мүмкіндіктерін көрсетіп 

қана қоймай, тың инновациялық бастамаларға жол ашары анық. 

Еліміз ғаламдық маңызы бар шараларды өткізгелі отырғаны бірінші рет емес. Ірі 

жобаларды жүзеге асыруда тәжірибеміз де жетерлік. Мұндай әлемдік көрменің өткізілуі – 

Тәуелсіз Қазақстанның және Астананың беделінің өскенінің тағы бір дәлелі. 

Уақыт алмасып, қоғам жаңарған сайын, заман талаптары да өзгеріске ұшырайтыны 

заңдылық. Бүгінгі таңда білімді де білікті, интеллектуалды деңгейі жоғары әрі бәсекеге 

қабілетті ұлт қана өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге қабілеттілік танытуда. Осы 

орайда жаһанданған әлемнен өзінің айшықты орнын табу үшін  мемлекетімізде тың 

идеялар мен озық технологияларға баса мән беруілде. Президент Жезқазған өңіріндегі 

Ұлытауда болып, ұлттың әлемдік бәсекеге қабілетті болуы туралы ойларын айтты. Әңгіме 

қазіргі экономика мәселелері, ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде өрбіді. 

Президент ұлан-байтақ қазақ жерін әлі де дұрыстап игере алмай келе жатқандығымызға 

өкініш білдірді. Қазақстан өзінің ішкі ресурстарын меңгеруге ден қоюына ерекше назар 

аударды. Темір жолдар, тас жолдар Қазақстанның әрбір аймағын өзара тығыз 

байланыстыруы керек. Мұның өзі елдің транспорттық әлеуетін арттырады, транзиттік 

қызметті де жақсартады. Жолдар шаруашылық өмірдің жаны. Жол болмаса алыстағы 

аймақтардың гүлденуіне мүмкіндік болмайды. Әсіресе, су қорлары тапшы аймақтарды 

игеру, оларды өмірге қажетті инфрақұрылым жасау жол салудан басталады. Президент 

күн тәртібіне қойған осы міндеттердің шешімі, әсіресе, ауыл шаруашылығы кешенінің 

бағын ашады деп есептейміз; Елбасының Қазақстанның транспорттық әлеуетін көтеру 

саясаты бүкіл экономикаға қозғау салатын маңызды тетік болып отыр. Бұл ретте 

«Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлген «Нұрлы Жол» бағдарламасы уақыттың 

өзі тудырып отырған біздің үлкен мақсатымыз болмақ. 

Қазіргі кезде Мемлекеттің берген жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақ ұлттық 

аграрлық университеті әлемдік деңгейдегі Ұлттық зерттеу университетіне трансформа-

циялануға жұмылуда.  Заманға сай даму үшін жаңа технологиялырды игерген, жаңаша 

ойлайтын білімді мамандар қажет екені белгілі. Сондықтан Мемлекет басышысы ел 

жастарына әлемдік деңгейдегі білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Өйткені озық 

білім мен ғылымды игерген жастар - еліміздің ертеңгі тірегі. Біздің мақсатымыз - 

стуенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, олардға рухани тәрбие беру. 

Елімізде индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде озық 10 жоғары оқу орны 

анықталып, олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға 10 миллиард теңге 


бөлініп отыр. Солардың ішінде біздің университет те бар. Елбасымыздың өзі сенім артып 

отырған университетімізде қызмет етіп жүрген оқытушы-ғалымдармен қатар, білім алушы 

әрбір студент өз оқу орнын мақтан тұтуы керек деп есептеймін. 

Биылғы оқу жылына университетімізге мыңнан астам студент мемлекеттік грант есебінен 

қабылданды. Бұған қоса 502 магистрант пен 60-тан астам докторант аграрлық білімдерін 

жетілдіруге мүмкіндік алды. Ақылы бөлімдерге оқуға қабылданғандарды қосқанда 

университетіміз биыл екі жарым мыңдай студент жастарды қабылдап отыр. Бұл  - 

бұрынғы жылдармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Осының өзі - біздің 

университетке деген зор сенімнің уақыт өткен сайын артып келе жатқандығын көрсетеді. 

Тарихы тереңнен бастау алатын Университетіміз келесі жылы өзінің 85 жылдық 

мерейтойын атап өтпек. Талай сындарлы кезеңдерден өткен ұжымымыз бүгінгі кезеңге 

толағай табыстармен жетті. Университет - ұлағатты ұстаздардың даналығы мен 

жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына 

сіңірген, киелі білім ошағы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі 

оқытушы-ғалымдарының, студенттері мен түлектерінің  талмас қайраты мен күнделікті 

ізденістері мен еңбектерінің арқасында қаланған. 

Үлкен өмірге жолдама алып отырған бүгінгі студенттеріміз ел болашағына қызмет ететін 

білікті маман болып шығатынына кәміл сенемін. Жастар жаңаша дамуға бет алған 

Тәуелсіз мемлекетімізді өркендету ісіне белсенді араласуда.   Елбасы бір сөзінде: «Енді 

ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл 

болды. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол», – деп атап 

өткен болатын. Еліміздің әрбір азаматының ұстанымына айналған бұл қағиданы әсіресе, 

бүгінгі жас ұрпақ жадына сіңіріп алуы тиіс деп есептеймін. 

Мемлекет ұстанған оңтайлы саясат әсіресе, ауыл жастарының келешегіне үміт пен сенім 

ұялатты. Қазіргі уақытта ауыл жастары заманауи озық біліммен қаруланып, еліміздегі 

жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің беделді университеттерінде білім алу 

мүмкіндігіне ие болуда. Туған тамырынан нәр алған осы жастардың легіне біз дұрыс 

бағыттағы білім мен тәрбие бере алсақ, олар келешекте біздің ұлттық потенциалымыздың 

негізгі көрсеткіші болатыны даусыз. Сондықтан ауылда туып, ата-баба салтынан 

ажырамай, дәстүрімізді дәріптеп, құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың 

болашағын қамтамасыз ету елдік мақсат болып отырғаны даусыз. 

Сондықтан, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын жүзеге асырған бүгінгі Тәуелсіз 

ұрпақ - Елбасы анықтап берген «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне жұмылуға тиіс. 

Халқымыздың бірлік пен ынтымағы тарқамасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, 

Тәуелсіздігіміз баянды болсын! 



 

«Егемен Қазақстан», 2014, 16 желтоқсан 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет