Студенттердің денсаулығын күшейту және әлеуметтік қорғау:
«Д» есепте тұрған студенттерді ақпараттандыруды игеру, сонымен қатар қадагаланатын студенттердің денсаулығын қадағалау. Студенттер әлеуметтік жеңілдік ала ма, шәкіртақы ала ма немесе ақылы бөлімде оқиды ма, уақытылы оқу ақысын төлейді ма, қосымша жұмыс истейді ма? қадағалау.
Тьютордің этикалық және адамгершіліктік сапасына жоғарғы талаптар қойылуы қажет.
ТЬЮТОРЛАРДЫ ІРІКТЕУ
Тьютор қызметіне үміткерлер жекелеп іріктеуден өтеді.
Тьютор қызметіне үміткерлердің берген жеке өтініші қабылданған соң, екі кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді.
сауалнама
әңгімелесу
Сауалнаманың басты мақсаты тьютор қызметіне үміткердің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік қызыметімен қатар, студенттермен жұмыс жасаудағы дағдысын анықтаудың формалды анкеталық мәліметтерін алуға бағытталады. Тьютор қызыметіне үміткердің өтініші қабылданған соң, әңгімелесу факультет деканаттарында өтеді.
Әңгімелесудің негізгі мақсаты:
тьютор қызметіне үміткерлердің әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау.