Тьютор құқылы:
Жетекшілік ететін топқа университеттің, факультеттің тәрбие жұмыстары бойынша жылдық жоспарын, студенттердің қызығушылығы мен ұсыныстарын ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін, түрін өзі анықтауға құқылы.
Оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары және студенттер өміріндегі мәдени-тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар бере алады.
Оқытушылармен алдын-ала келісімі бойынша, студенттік топтарда өтетін семинарлар, дәрістер, тәжірибелік сабақтарда қатыса алады.
Топтағы студенттердің туған-туысқандарымен, ата-аналарымен ұдайы қарым-қатынаста болуы.
Топтағы студенттердің қоғамдық ұйымдардағы дербес жұмыстарына немес оларға байланысты әкімшіліктің шешім қабылдауына және іске асыруына қатысуға құқылы. (шакіртақы дайындауға, университеттен шығаруға, қоғамдық және әкімшілік жазалар тағайындауда және т.б.).
Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарына, олардың жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстарын енгізуге, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарына топ студенттерін қатыстыруға және ол ұйымның басшылығына үздік, белсенді студентін үміткер ретінде ұсынуға құқылы.
УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТЬЮТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Университеттің тьюторлық қызметі әдістемелік және ұйымдық қолдау көрсете отырып, факультеттердің аға тьюторларының жұмысын үйлестіреді.
Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың төрағалық етуімен студенттерді әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту басқармасы, тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасарлары, факультеттің аға тьюторлары университеттің тьюторлық қызметінің құрамын құрайды.
Кеңес, кезектен тыс отырысын есептемегенде, семестрде 2 рет бас қосады.