Тьютор студенттің жоғарғы оқу орынындағы білім процесінде үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жеке білімін қадағалап, тәжірибелік қабілетін жүзеге асырады



бет1/4
Дата13.10.2024
өлшемі132,5 Kb.
#147955
  1   2   3   4
Байланысты:
ТЬЮТОР-туралы-ЕРЕЖЕ


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚҰЗІРЕТІН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ЕРЕЖЕ




ЖОБА

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

ҚазҰМУ-нің медициналық білімнің құзіретті-бағдарлау моделін жүзеге асыру жағдайында тьюторлардың іс-әрекетін ұйымдастыру қажеттілігі туындады, оның негізгі құзіретінің бірі білім алушылардың өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру болып табылады.


Тьютор студенттің жоғарғы оқу орынындағы білім процесінде үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жеке білімін қадағалап, тәжірибелік қабілетін жүзеге асырады. Тьюторлар қызметі қолдану саласы әртүрлі болса да, олардың бәрі жалпы негізгі-ашықтық, үздіксіздік және жеке даралық қағидаға бағынады. Тьютор қарамағында білім алатын студенттер, өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына тезарада бейімделеді, бірінші курстан бастап білімнің нақты нәтижелерін көрсетеді, тәжірибелік және ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне шығармашылық көзқарасын қалыптастырады, сонымен қатар университеттің өміріне белсенді қатысады. Сонымен тьютор-бұл кеңесші, оқытушы, жетекші, тәлімгер, студенттің білім алуын ұйымдастырушы және тұлға ретінде дамуда көмекшісі болып табылады.

    1. Бұл ереже Қазақстан Республикасының білім беру саясатының қағидасына негізделген, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының Білімді дамытудың 2011-2012 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасымен, Қ Р Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жж. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен, Болондағы еуропалық елдердің Әлемдік Декларация конференциясында білім министрлері Жиынында жоғарғы білім туралы ұсынылған.

    2. Тьюторлардың іс-әрекеті Ғылыми Кеңестің 31.08.2012 жылғы келісілген шешімімен ұйымдастырылады және Университеттің Жарғысы негізінде және осы ережеге байланысты жүргізіледі.

    3. Тьюторлық қызмет университет оқытушыларының кәсіби іс-әрекетінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Оқытушылардың рейтингісіне әсер етіп, жылдық аттестацияда ескеріліп, келесі жылға жеке еңбек келісім шарты жасалады.

    4. Тьюторды тағайындауды және істеген қызметінен бостауды кпафедра меңгерушілерімен сұхбаттасып келісілген соң, факультет деканының ұсынуымен ректор бұйрығымен жүргізіледі.

    5. Тьюторлардың іс-әрекетін деканаттар мен тьюторлар Кеңесімен келісе отырып, үйлестіреді және бақылайды, ал олардың жұмысын студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасы бағалайды.

    6. Әр тьютордың қарамағында 10-12 студенттен артық болмау керек.

    7. Тьюторлардың еңбек ақысы істелген жұмысына байланысты тоқсанына 1 рет сыйақы ретінде немесе негізгі еңбек ақысына қосымша ақы ретінде төленеді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет